Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтыбақан аясында. Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығы

17 қараша 2017, Жұма
«Алтыбақан аясында» атты Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған театрландырылған қойылым

Көкше жерінің белгілі ақыны, композиторы, әншісі Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының өмірі, шығармашылығы жайында және зерттеу тобының бір жыл бойы Үкілі Ыбырай туралы естігендері, оқығандары бойынша есеп беру сабағы.
Көрнекіліктер: алтыбақан, домбыра, бейнетаспа, табиғат көрінісі Сахнаға алтыбақан құрылады, әр түрлі гүлдер, ағаштар өсіп тұрғандай сахнаны әсем Көкше табиғатындай безендіру.
Музыка: Қойылым басталғанда, шертпе күй ойнап және құстардың әсем үні шығып тұрады.
Алтыбақан маңайында өлең оқылып жатқан кезде, 2 - ші қыз бала келіп, оқылған өлеңге сүйсініп, сөз сөйлейді. Осылай соңына дейін алтыбақан жанына жастар жинала береді, келген әр оқушы Үкілі Ыбырай жайлы зерттеп, білгендерін айтады, өлеңдерін оқиды, әндерді орындайды. Осы алтыбақан басында Т. Қажыбаевтың “Ұмытпа мені, Гәккуім” пьесасынан көріністер қойылады.
Оқушылар алтыбақан маңайында өздерін еркін ұстап, оқып, білгендерін жұрт алдына жеткізеді.
Барлық қатысушылар ұлттық киімде болады.

Сценарий
Музыка, орман ішіндегі құстардың үні, ағып жатқан өзеннің сылдыры
1оқушы: Ән мен күйге бір сусындатып жан шөлі,
Мол қызыққа кенеледі әнші елі,
Сексен көлді шайқалтады үнімен
Сарыарқаның бұлбұлдары, сал - cері.
Өңшең бұлбұл, өңшең дүлдүл шындарын
Жаңғыртады Көкшетаудың шыңдарын.
Әзілімен, қалжыңымен жарасып,
Әнмен ғана білдіреді шындарын.
Көкшетауда осындай бір думан - ды
Гүлдер бүгін әнмен бетін жуған - ды.
Өңшең бұлбұл, өңшең дүлдүл дарындар
Бірін - бірі өнерімен буған - ды.

2 - оқушы. Қандай керемет! Расында да, бұл сұлу Көкше жерінде сұлу әнімен, әсем жырымен небір сал - серілер өмір сүрді емес пе? Соның бірі - Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы. Ендеше, бүгінгі ұрпақ Ыбырайдың кім екенін біле ме екен?

3 - оқушы. Т. Қажыбаевтың "Жалғызтау балладасы" атты өлеңін оқиды.
Жалғызтауды жалғыз қыран мекендеп,
Күнде самғар зау биікке жетем деп.
Саңқылдаған үнін тыңдап төңірек,
Қуанатын шәулім есен екен деп.
Қыран шәулі шалдықпайтын самғаудан,
Жалықпайтын құз қиясын таңдаудан,
Жалпақ дала ән - бесікте тербеліп,
Сілкінетін құзар басын таулы аудан
Қарағайлар қолын созып заңғарға,
Жел оралып қайың, терек, талдарға,
Қыран үнін тыңдар еді - ау толықсып,
Талмау шақта адам түгіл аңдар да.
Жан жадырар жаны бөлек сазды ұғып,
Тыңдар еді - ау жапан дала, жазғы бұлт.
Егілетін "Қалдырған" боп қарт жүрек,
"Гәкку" болып егілетін назды үміт.
Жалғызтаудан жамыраған бұлақ та,
Әнге елтіп жүгіретін жыраққа.

4 - оқушы: Қоскөл тұстан көтерілген аққу үні,
Күні бүгін күмбір - күмбір құлақта.
Қыран ұшты Жалғызтауға қона алмай,
Сол ұшқаннан кете барды оралмай.
Бауыр басқан мекенінен бездірген,
Қандай ғана безбүйрек жан, ой, аллай!
Қыран кетті Жалғызтауын қия алмай,
Көздің жасын төгіп өтті - ау тыйя алмай,
Артта қалған қарт қыранның әніне
Кей пенделер қосылып жүр ұялмай,
Ұялмайды. Қосылады. Қосылсын.
Ән құдірет неге оған тосылсын.
Жалғызтаудан самғап ұшқан сұңқар - ән,
Келешекке сапар тартып жосылсын.
Жалғызтауың жетім қалды, қыран жоқ.
Қыран да жоқ, оны жоқтар ұлан жоқ,
Ұланынан, қыранынан айрылған,
Бүгінгі ұрпақ соның мәнін сұрар көп.
Мұғалім: Жалғызтау кімнің мекені? Бұрын бұл жөнінде естігендерің бар ма?

5 - оқушы: Неге білмеске? Ол дүйім қазаққа өзінің "Гәккуімен",
'' Қалдырғанымен '' атағы шыққан Үкілі Ыбырай атамыздың дүниеге келген жері емеспе? Ол Солтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы Сергеевка ауданында Жалғызтау жерінде 1860 жылы туды. Содан ол Солтүстік Қазақстан облысының Өскен ауылына көшіп келіп, қалған өмірін сонда өткізеді.

6 - оқушы: Иә, Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының екі ұл болған, бірі - Сандыбай, екіншісі - Шалғынбай. ЫбырайданЕсентемір, Өстемір деген екі бала туады. Немересі Елелемес апайдың айтуы бойынша, Өстемір ерте қайтыс болады да, Есентемірден Елемес деген қыз туады. Бұл деректі мен Елемес апайыдың өз аузынан жазып алған едім. Елемес апа - қазірде он екі баланың анасы. Өскен деген жерде ұлын, ұяға қызын қияға қондырған елге сыйлы ана. Елемес апа 3 - 4 сынып оқып жүргенде бұл 1948 - 1949 жылдары еді, халық жауының немересі деп, мектептен шығарып та жіберген екен. Немересінің айтуы бойынша,. Ыбырай әсем әндері мен елді қуантып, ойын - тойлардан бағалы киім киіп келеді екен. Қартайған шағында атасын туыстары ‘’кісі өлтірді’’ деп өтірік жала жауып, көре алмай, көрсетіп жіберген. Туыстары: “бұл бір жерге барып, кісі өлтіріп, киініп келді” деп, жала жапқан. Содан Ыбырайды, тағы жанында 3 шалды ОГПУ айдауға әкетеді. Әкетіп бара жатқанда, ашынған Ыбырай:
“ОГПУ деген сотыңыз,
Жүріп тұр гой хотыңыз.
Төрт шалды айдап барасың,
Қисайды біздің.....”,-
деп, бір ауыз өлеңмен жаңағыларға тиісу арқылы өзінің қайсар мінезді екенін байқатқан

7 - оқушы: Иә, Ыбырайдай ұлы адамға туған жердің топырағы да бұйырмаған. Осылай нақақтан - нақақ бір істі болған Ыбырай атамыз абақтыдан абақтыға қамалып, ”халық жауы” деп аталып,”Барсакелмес ” деген жерге жіберілген екен. Артынан бір зерттеушілердің айтуы бойынша, кемеде кетіп бара жатқан кезде, кеме аударылып, сол жерде дүние салған дейді. Шіркінай, десеңші!

8 - оқушы: Көкшетаудан айдауға әкетіп бара жатқанда,”Қоштасу” деген өлең шығарған. /Бұл өлеңді де немересінің аузынан жазып алдық/ соны оқып берейін
Айғайлап ән салайын халқым менің
Кең заман дүние маған тарын келді.
Атығай, Қарауылға тегіс сәлем
Тыңдаған адам болса бұл өлеңді.
Дария - көл құрғақ құмға аяқ бастық
Кең жайлау Сарыарқамен амандастық.
Көк зеңгір көрінетін Жалғызтауым,
Туған жер топырағымен бақұлдастың.
Адамға жазды нәпсі әлдеқайдан,
Болмайды - ау бұл сапардан ешбір қайлам.
Айғайлап күңіренткен, Көкшетауым,
Көсіліп мәкән еттім ордам саған.
Темір жол, міне келдік, аяқ бастық,
Кең жайлау Сарыарқамен бақұлдастық.
Жиылып өңшең маңғаз зар жылайды - ау,
Көзінен қанды жасы араласып.

Ақмола облысы, Зеренді ауданы,
Березняковка орта мектебі мұғалімі:
Байшураева Сана Энбекқызы

Алтыбақан аясында. Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығы. жүктеу
1 770
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сандардың қосындысы мен айырмасы, сандарды салыстыру
Сандардың қосындысы мен айырмасы, сандарды салыстыру
Сандардың қосындысы мен айырмасын, сандарды салыстыру (артық, кем), көршілес сандарды, сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сан сәулесін пайдалану.
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы бойынша білімдерін кеңейту
Ыбырай Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Ыбырай Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Абай қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлегенова Алтын Хадимқызы
Ыбырай өлеңдерінің тақырыптары
Ыбырай өлеңдерінің тақырыптары
Атырау қаласы, Геолог селосы, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Хисамеденова Айсұлу Сайлаубайқызы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×