Білімділер поралы

Мен - Қазақстандықпын!

Мен - Қазақстандықпын!
Жоспар:
1. Туған ел, тіл - тірегіміз.
2. Тарих сыр шертеді.
3. Тәуелсіздік жолында.
4. Мен - Қазақстандықпын.

Әкем - қазақ,
Шешем - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!
Әрбір адам дүние есігін ашқан соң, өзінің туған тілі, елі, тарихы мен әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі болады. Өз елінің тілін, тарихын, салт - дәстүрін білген адам болашаққа нық қадаммен алға қарай қадам басады.
Арқардан кербез Алматыға, Алтайдан қарт Каспийге дейінгі ұлан - байтақ далада дүниеге келген мен – тәуелсіз елдің ұрпағымын.
Мен - қазақпын! Қазақ болып өмірге келгеніме қуанамын.«Қазақ» деген сөзде ұлы рух, еркіндік жатыр. Көптеген зерттеушілер мен тарихшылар «қазақ» сөзінің шығу тегін түсіндіруге екі жүз жылдай уақыт жұмсаған.
Кең дала төсінде, ат құлағында ойнақтаған, көкжал қасқырдай мінезі бар ата - бабаларымыз еркіндікте өмір сүріп, қазақ елінің азаттығы үшін көп күш жұмсады. Анамның ақ сүтімен бойымға дарыған ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - қасиеті, киелі. Тілдің құдіреті шексіз - ғой! Сондықтан да болар, ақылды ел билеушілер, суырып салма ақындар, шындықты бетке айтар жыраулар тілдің арқасында қан төгіспей - ақ, жаудың бетін қайтарған.
Мемлекет - тарихымен көрікті. Тарихсыз ел қаланбайды. Ал, қазақ елінің тарихы бұл тұрғыда аса бай, толымды оқиғаларға толы. Сонау заманнан бастап келе жатқан тарихымыз осы күнге дейін сақтаулы.
Осыдан бес жарым ғасыр бұрын шұрайлы Шу өлкесінде Керей мен Жәнібек бастаған қазақ хандығы құрылды. Ақ киізге көтеріп, халық хан сайлаған қазақтың ержүрек хандарының арқасында іргетасы мықты мемлекет қаланды. Бүкіл ғұмырын қазақ мемлекетін нығайту үшін арнаған - Абылай Хан қазақ тарихында елеулі орын алады.
Қазақ елі, қазақ халқы көп тарихи оқиғаларды бастан кешті. Жоңғар шапқыншылығынан бастап Тәуелсіздік алғанға дейін қайғылы да азапты күндрерді өткізген Қазақ халқы талай рет тұтасымен қырылып, жойылуға шақ қалды. Алайда, еркіндікте өскен ұландарымыз, тәуелсіз халқымыз өмірге деген құштарлығының арқасында аман қалды.
1986 жылғы желтоқсан жаңғырығы тарих беттеріне өшпестей із қалдырды''Желтоқсан гүлді солдырып, нұрды оңдырып, көңілде мұңды із қалдырып” қана қоймай жас буынның ұлттық санасын оятты. Ызғарлы Желтоқсан көтерілісінің құрбандары болған Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, М. Әбдіқұлов, С. Мұхаметжанова сынды аға - әпкелеріміз қанаты қайырылса да намысын жерге таптатпай, еңселерін биік ұстады. 1991 жылы он алтыншы желтоқсанда Қазақ елі өз тәуелсіздігін алды. Әлем картасында жаңа республика - Қазақстан бой көтерді.
Республика! Ерікті ел - Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған менде бір мәз арыстан,- деп ақын аға Ж. Молдағалиев жырлағандай Қазақстан еңсесін тік ұстап, келешегі баянды болу үшін жоспарлар құрды. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстанды дамыту үшін аянбай еңбек етті. Тәуелсіз ел болғандықтан өз әнұранымыз, елтаңбамыз, туымыз болуы шарт. Ал, президентіміз Н. Ә. Назарбаев осы тұрғыда Заң қабылдады. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Әр түрлі ұлт өкілдері ынтымақта, бейбітшілікте өмір сүріп жатыр. Ұлты басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тірегі бір қазақстандықтар еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Қазақстанда бейбіт өмір сүріп жатқан әрбір тұрғын өзін қазақстандық дейді. Кешегі арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты хандар мен батырлардың ұрпағы мен - Қазақстандықпын!

Батыс Қазақстан облысы,
Жаңақала аудандық білім беру бөлімі
№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі
10 сынып оқушысы Шайдоллина Ақнұр Жанкелдықызы
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 297
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 297
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика