Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша тыңдалым жұмыстарының топтамасы

21 қараша 2017, Сейсенбі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша тыңдалым жұмыстарының топтамасы

Алғы сөз
Берілген көмекші құрал 7, 8 - сыныптарында қазақ тілі мен әдебиетін негізгі пән ретінде оқытатын мектеп мұғалімдеріне арналған. Көмекші құралдың мақсаты – оқушылардың тыңдалым дағдыларын қалыптастыра отырып, қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне деген танымдық қызығушылықтарын арттыру. Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім беру үрдісі кіріктірілген бағдарламаға негізделген.
7 - сыныптарға «Алғашқы газеттер», «Ғаламтор тарихы», «Абсент»,
8 - сыныптарда «Атаның ақылы», «Тоңған торғай», «Ежелгі дәуір әдебиеті» тақырыптары бойынша мәтіндер алынды. Мәтіндер арнайы дискілерге жазылған, тест сұрақтары мен тапсырмалар және дұрыс жауаптары әдістемелік құралда қоса берілген.
Оқушы өз ана тілінде тыңдаған мәтінін түсінуі және өз жұмысын ұйымдастыра алуы В критерийі негізінде жасалған арнайы рубрикамен бағаланады.
Бұл топтама оқушылардың мәтін мазмұнын тереңінен түсінуіне және ойлау қабілеттерінің сыни тұрғыдан дамуына септігін тигізеді деп ойлаймыз.

Тыңдалым № 1
Тоңған торғай
Мұқаш құстарды жақсы көреді. Аспанда ұзақ қалықтап қанатын қақпай демалатын қырандарға деген ықыласы өте ерекше. Барлық құстардан қорықпайтын қыранның батылдығын, батырлығын әңгіме ғып өзінің інісі Қожанға айтып отырады.
Алматыны ақ қар басты. Қара қарға, суық торғайлардан басқа құстар жылы жаққа ұшып кеткелі де біраз болды. Кешке мектебінен қайтып келе жатқан Мұқаштың алдын бір суық торғай кескестей берді. Мұқаш ұмтылып ұстайын деп еді, әлгі торғай отырған жерінен қозғалмады. Мұқаш торғайды ұстаған бойы қойнына тықты. Әбден мұздаған болуы керек, Мұқаштың дүрсілдеп соққан жүрегін тыңдап отыра берді тоңған торғай.
Мұқаш үйге қуанып кірді. «Ата, апа, мен торғай ұстап әкелдім» деп қойнындағы торғайын үйдегілерге көрсетіп шықты. Бүріскен торғай көзін ашты. Әбден әлі біткен болуы керек, қорқуды, қашуды ойына да алмады. Мұқаш нан қоқымдарын алдына қойып еді, шоқып жей бастады. Сөйтіп біздің үйді бір торғай қыстай мекендеді. Көктем шықты. Мұқаштың торғайы даланы аңсап терезеден сыртқа көбірек қарауды шығарды. Апасы Мұқашқа:
- Торғайыңды қоя бер. Оның отаны анау кең дала, анау биік аспан. Өз Отанына қоя бер, - деді. Мұқаш біраз ойланды да торғайын қоя берді. Торғай алғаш терезе алдындағы жас талға қонды... Содан соң әрі қарай қанатын қағып ұшып кетті. «Торғайым, жолың болсын» - деді Мұқаш қуанып. Мүмкін екі - үш ай үйде бірге болған торғайын Мұқаш аяп тұрған да болар, кім білсін.
- Торғайың қыста, мүмкін, қайтып келер, - деп жұбатты Мұқашты үлкен апасы. Мұқаш апасының сөзіне шынымен - ақ сенгісі келеді. Өйткені, ол торғайын өте жақсы көріп кетіп еді.
(232 cөз)

І нұсқа
Нұсқаулық: Өзгеге кедергі келтірмеңіз!!! Жұмыс барысында «Академиялық адалдық» саясатын басшылыққа алыңыз.
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындаңыз.
І. Тест сұрақтары
1. Мұқаштың қандай құстарға деген ықыласы ерекше болды?
A) лашындарға
B) қырандарға
C) бүркіттерге
D) көгершіндерге
E) қарғаларға
2. Мұқаш торғайды ұстаған бойы не істеді?
A) қойнына тықты
B) алақанына салды
C) басына қойды
D) қалтасына салды
E) арқалады
3. Мұқаш торғайды немен тамақтандырды?
A) сүтпен
B) сумен
C) нанмен
D) маймен
E) етпен
4. Мұқаш торғайға қандай тілек айтты?
A) Торғайым, ақ жол
B) Торғайым, таудай бол
C) Торғайым, өркенің өссін
D) Торғайым, жолың болсын
E) Торғайым, биікте самғай бер
5. Мұқаш кімнің сөзіне сенгісі келді?
A) апасының
B) атасының
C) әкесінің
D) ағасының
E) анасының

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша тыңдалым жұмыстарының топтамасы. жүктеу
15 260
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР, қазақ тілі 2 сынып (оқыту қазақ тілінде)
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР, қазақ тілі 2 сынып (оқыту қазақ тілінде)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2 - сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР қазақ тілі 3 сынып (оқыту қазақ тілінде)
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР қазақ тілі 3 сынып (оқыту қазақ тілінде)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3 - сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР қазақ тілі 5 сынып (оқыту қазақ тілінде емес)
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР қазақ тілі 5 сынып (оқыту қазақ тілінде емес)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5 - сынып білім алушыларына «Қазақ тілі және әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР қазақ әдебиеті 6 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР қазақ әдебиеті 6 сынып
Әдістемелік ұсыныстар 6 - сынып «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР қазақ әдебиеті 5 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР қазақ әдебиеті 5 сынып
Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5 - 9 - сыныптары) «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Диктанттар жинағы. 5 - 11 - сыныптарға арналған
Диктанттар жинағы. 5 - 11 - сыныптарға арналған
Бұл құрал оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Ол 5 - 11 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Қазақ тілі бойынша қорытынды жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×