Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есімнің септелуі

25 желтоқсан 2012, Сейсенбі
Атырау облысы,
Мақат ауданы, Доссор кенті, Абай орта мектебі
Мұқанова Гауһар Жолдасқалиқызы

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту. Дамытушылық: оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды тапқырлыққа, еңбекшілдікке, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, перфокарта
Қажетті құралдар: мультимедиа, интерактивті тақта
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаттығу жұмысы, скт

Сабақтың жүру барысы
1. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасып, түгендеу
2. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген 38-жаттығуды тексеру, кітап сөзін талдап келу, берілген болатын, соны оқыту.
3. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту кезеңі
Тақтаға «Жетіген » аспабының суреті ілінеді.
Ертегі:
«Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөрте де, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен ?»- деп егіледі.
Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен ?»деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып, кімді ғана қарғайын?»- дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі ? - деп жылайды.Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын ?»деп егіледі. Көмектесі де сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?»деп жоқтау айтып егіледі. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген »аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқылы Шал мұңын халыққа жеткізген деседі.
Осы әңгімені оқып, ішінен қарамен жазылған сөздерге назар аударамыз.
Септік
Атау--------кім? Не?
Ілік --------- кімнің? ненің?
Барыс ------ кімге? неге?
Табыс ------ кімді? нені?
Жатыс ------ кімде? неде?
Шығыс ----- кімнен? неден?
Көмектес -- кіммен? немен?

Мағынаны тану кезеңі
Септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді.Қазақ тілінде 7 септік түрі бар:
Зат есім көптік, тәуелдік жалғауда тұрып та септеле береді.
Көптік жалғаулы зат есімнің септелуі оның жекеше түрде септелуімен бірдей.

Септік---- Жекеше ------------Көптік жалғаулы
А------------Ыдыс -------------- Ыдыстар
І------------ Ыдыстың --------- Ыдыстардың
Б----------- Ыдысқа ----------- Ыдыстарға
Т ----------- Ыдысты ---------- Ыдыстарды
Ж ---------- Ыдыста ----------- Ыдыстарда
Ш ---------- Ыдыстан -----------Ыдыстардан
К ----------- Ыдыспен --------- -Ыдыстармен

Тәуелденген зат есімнің септелуі
Септік--Жай септеу ----Тәуелді септеу
-----------------------------І жақ----------------ІІ жақ------------ІІІ жақ
А --------- Кітап ----------Кітабым ------------Кітабың ----------Кітабы
І ---------- Кітаптың---- --Кітабымның -------Кітабыңның -----Кітабының
Б --------- Кітапқа --------Кітабыма ---------Кітабыңа ---------Кітабына
Т --------- Кітапты -------Кітабымды --------Кітабыңды -------Кітабын
Ж ---------Кітапта --------Кітабымда---------Кітабыңда--------Кітабында
Ш –-------Кітаптан -------Кітабымнан -------Кітабыңнан ------Кітабынан
К ---------Кітаппен ------Кітабыммен -------Кітабыңмен ------Кітабымен

Септіктердің сұрақтары мен жалғаулары
Атау - кім? не?
Ілік - кімнің? ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
Барыс - кімге? неге? қайда? -ға, -ге, -қа, -ке, -а, -е -на, -не
Табыс - кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н
Жатыс - кімде? неде? қайда? -да, -де, -та, -те, -нда, -нде
Шығыс - кімнен? неден? қайдан? қашаннан? -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен
Көмектес - кіммен? немен? қалай? -мен, -бен, -пен

Интерактивтік тақтаға сөздерді талдап көрсету

Кітап, кітаптың, кітапты
1. Бұл сөз бір, екі құрамнан тұр: кітап, кітап-тың, кітап-ты
2. Тұлғасына қарай – негізгі түбір( себебі, сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін негізгі мағына беретін бөлігі)
3. Құрылысына қарай – дара (себебі, бір ғана негізгі түбірден тұр)
4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар.
5. Лексикалық мағынасы – заттың атына берілген атау.
6.1. Бірінші грамматикалық мағынасы-лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына - зат есім.
6.2. Екінші грамматикалық мағынасы - атау септігінің (0) нөлдік тұлғасы арқылы категориялық грамматикалық мағына - атауыштық мағына.
(6.2. Екінші грамматикалық-мағынасы- ілік септігінің (-ның)жалғауы арқылы берілген категориялық - граматикалық мағына - иелік мағына.
6.2. Екінші грамматикалық-мағынасы- табыс септігінің (-ты)жалғауы арқылы берілген категориялық-граматикалық мағына - тура объектілік мағына.)
7. Кітап – не? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл, зат есім. Зат есім дегеніміз – кім? не? кімдер? нелер? т.б. сұрақтарға жауап беріп, заттың, нәрсенің атын білдіретін сөз табы.

8. Мағынасына қарай:
а) жалпы; ә) жансыз; б) деректі; в) нақты
кітаптарға (да, дан, мен),
1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: кітап-қа
2. Тұлғасына қарай-негізгі түбір.
3.Құрылысына қарай-дара. (Себебі, бір ғана туынды түбірден тұр.)
4. Сөзде бір лексикалық, үш грамматикалық мағына бар.
5. Лексикалық мағынасы-заттың атына берілген атау.
6.1.Бірінші грамматикалық мағынасы-лексикалық мағынаның
жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына-зат есім.
6.2. Екінші грамматикалық мағынасы- (-тар) көптік жалғау арқылы берілген
категориялық грамматикалық мағына- көптік мағына.
6.2. Үшінші грамматикалық мағынасы- барыс, шығыс, жатыс, көмектес септік
жалғауы арқылы берілген категориялық грамматикалық мағына – жанама объектілік мағына.
7. Кітапқа – неге? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл, зат есім. Зат есім
дегеніміз-кім? не? кімдер? нелер? т.б. сұрақтарға жауап беріп, заттың, нәрсенің атын білдіретін сөз табы.
8. Мағынасына қарай:
а) жалпы; ә) жансыз; б) деректі; в) нақты.

ІV Сабақты бекіту
Жаттығумен жұмыс
39-жаттығу
Өлең мәтінін рөлге бөліп оқыңыздар, әр септіктің сұрақтары мен жалғауларын еске түсіріңіздер.
41- жаттығу
Берілген сөздерді ауызша септеңіздер. (Отан, баласы, әжесі, ат, ел)

Сергіту сәті. «Поэзия минуты»
Тіл туралы өлеңдер оқу. Ішінен зат есімдерді тауып, талдау.

Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқаным – ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен сәтімнен – ақ,
Құлағыма сіңірген таныс үнін

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім менде бірге өсемін,
Өшсе тілім менде бірге өшемін.

Сөздерді дұрыс септікке орналастыр.
Атау септік
Ілік септік
Барыс септік
Табыс септік
Жатыс септік
Шығыс септік
Көмектес септік
Текемет, көмірдің, суға, ұшақты, далада, жаңбырдан, алаша, балғаның, дүкенге, кітапты, қыста, аспаннан, арамен, театрға, шеңберді, оқушымен, отпен, сабақты, қайыңның.

V Сабақты қорыту
Өзін-өзі бақылап, бағалау ( тест сұрақтарына жауап беру)
1 «Әке» сөзі қай септікте тұрғанын тап
А) А.с.
В) І.с.
С) Б. с.
Д) Ж. с.

2.Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле
А) Оқушы
В) Оқушыға
С) оқушының
Д) оқушыға

3.Барыс септігінің сұрағын белгіле
А) кімге?неге?қайда?
В) кімдерге?кімді?нені?
С) кімге? кімді? нені?
Д) кіммен? немен?

4.Табыс септігінің жалғауын белгіле
А) -ны, -ні, -қы, -кі, -ғы, -гі
В) -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
С) -ны, -ні, -шы, -ші, -ды, -ді
Д) –нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен

5.Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле
А) көктемде
В) далаға
С) мектеппен
Д) мектептен

6. Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз
А) Сабаққа
В) Сабақты
С) Сабақтан
Д) Сабақпен

7.Көмектес септігінің сұрақтарын ата
А) кімде?неде?
В)кімге ? неге ?
С) кімнен?неден?
Д) кіммен? немен ?

Дұрыс жауаптары
1. (А)
2. (С)
3. (А)
4. (В)
5. (Д)
6. (С)
7. (Д)

VІ Бағалау
VІ Үйге тапсырма 43-жаттығуды орындап келу, Күрек сөзін талдап келу.
40 640
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгереді, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйренеді.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.
Қазақ тілінен сабақ топтамасы
Қазақ тілінен сабақ топтамасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оразбаева Зәуре
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ғылымғалиева Бейбіт Мүсілімқызы
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбішеева Құрманкүл
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, № 8 облыстық арнаулы - санаториялық мектеп – интернаттың тәрбиешісі, бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Шынар Молдабайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×