Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаттығумен жұмыс

25 желтоқсан 2012, Сейсенбі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Арыс ауданы
М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Жаттығумен жұмыс
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың дауысты дыбыстардан алған білімдерін қорыту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың кешенді талдау жасау дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, талдау,
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
17. Дауысты дыбыстар

1-нұсқа
І деңгей
1. Дауысты дыбыстар қалай жасалады?
2. Дауысты дыбыстарды жазып шық
3. Мәтіндегі дауысты дыбыстардың астын сыз.
Ұзақ жолды қысқарту үшін, айдалада жортқан Ақан Мөңкеге неше түрлі қызықты ертегі, дастандар айтып, ара-тұра ән салып, кішіпейіл ақын баламен тең құрбысындай сыр шерткен. Ақтоқты, Ұрқия, Жамалдардың қайғысын айтып, ара-тұра күрсініп, жапанның сары даласында ұзақ мұңды күйге түскен.
(С. Жүнісов)

ІІ деңгей
1. Мәтіндегі жуан дауыстылардың астын бір, жіңішке дауыстылардың астын екі сызықпен сызып шық.
Ағайдың биыл отыз жеті мүшеліне толып, кемеліне келген кезі. Алтын зерлі айыр қалпақ пен екі өңіріне, жаға-жеңіне зер тұтқан жібек шапан тал бойына құп жарасып, тақ үстінде айбындап отыр.
(Қ. Жұмаділов)
2. Мақал-мәтелдер жазып, мағынасын түсіндір және ашық пен қысаң дауыстыларды жазып шық.
3. Мәтінде не туралы айтылған? Мәтінге өз ойыңды жалғастырып жаз.
Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған кісі қайдан білсін?
Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?

ІІІ деңгей
1. Екі шумақ өлең жазып, ішіндегі еріндік дауыстылардың астын бір, езулік дауыстылардың астын екі сыз.
2. Дауысты дыбыстарға жұмбақ шығар.
Үлгі: көкте бар,
Жерде жоқ.
Көзде бар
Қолда жоқ (Ө)
3. «Жеті жарғы» ережесі туралы не білесіңдер.

2-нұсқа
І деңгей
1. Дауысты дыбыстар деген не?
2. Жуан және жіңішке дауыстыларды жаз.
3. Мәтіндегі сөздерді жақтың қатысына қарай және еріннің, езудің қатысына қарай топтап жаз.
Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссең, сөз жоқ жеңіске жетесіздер. Сіздің міне - қасиетіңізде адамгершілік бірінші болып орын алса, шыншыл, батыл, тиянақты, жігерлі және кішіпейіл адам болған болар едіңіз.
(Қ. Сәтбаев)

ІІ деңгей
1. Ашық, қысаң, езулік, еріндік, дауыстыларды жазып шық.
2. (У) дыбысының ерекшелігін айт және мысал келтір.
3. Мына адамдар қай шығарманың кейіпкерлері? Осы шығарма туралы білгеніңді жаз.
Ұлжан...
Зере...
Барлас...
Байкөкше...

ІІІ деңгей
1. Дауысты дыбыстардың басты ерекшелігін түсіндір және мысалмен дәлелде.
2. Тіл туралы айтылған ұлағатты ойларды жаз және осы сөздердегі дыбыстарды дауысты дыбыстың түрлеріне қарай топтап жаз.
Үлгі: Тіл жоқ жерде ұлт жоқ (Ш. Айтматов)
жуан –о,ұ
жіңішке – і, е
ашық – о, е
қысаң –і, ұ
езулік – і, е
еріндік – ұ, о.

V. Үйге тапсырма беру:
Өлеңнің авторы кім? « Отырардың күйреуі» деген тақырыпта әңгіме жаз.
Алты ай бойы ерлік салтқа орын берген Отырар,
Алты ай бойы алапатта жеңілмеген Отырар
Алты-ақ күнде жермен-жексен қирады.
Ақыл-ойын жалындатқан,
Өнер, ғылым шамын жаққан
Ұлы қала Азияның маңдайына сыймады.
V І. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма: Фонетикадан өткенді қайталау.
6 352
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
Оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Тіліміздегі дыбыстардың, соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру
Ашық және қысаң дауыстылар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ашық және қысаң дауыстылар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді. Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э.
Ашық және қысаң дауыстылар
Ашық және қысаң дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э. Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы, і, и, у, ү, ұ.
Дауысты дыбыстардың емлесі
Дауысты дыбыстардың емлесі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Буын түрлері
Буын түрлері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×