Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абайдың қарасөздері. Он жетінші қарасөзі

01 желтоқсан 2017, Жұма
Қазақ әдебиеті 8 сынып
Тақырып: Абайдың қарасөздері. Он жетінші қарасөзі
Мақсаты: Абайдың қара сөздерін әдебиет теориясы тұрғысынан талдай отырып, әр оқушының өз тапсырмасын орындауына қолайлы орта туғызу, оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек ұғындыру; Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге, ақынның қарасөздерінің мәнін, ғылыми - философиялық ойды түсінулерін, сөйлеу, талдау дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Қарасөз мазмұнын, идеясын ашады, ақпараттарды өз сөзімен жүйелі жеткізе алады, мәтіндегі оқиға арқылы қайрат, ақыл, жүректің таласының шешіміне көздерін жеткізеді. Қарасөзді талдай отырып, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, адамгершілік пен төзімділікке, қайырымдылыққа, ауызбіршілікке үйренеді. Шығарма оқиғасын өмірмен байланыстырып, салыстырып өз толғанысын қорытады. Таным әрекеті процесінде қарым қатынас шеберліктері шыңдалады.

Кіріспе ( 3 мин)
І. «Сәлемдесу» ойыны Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әр түрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… арқамен.

ІІ. Топтастыру
Тұсау кесер (7 мин)
«Абайдың бірінші қарасөзі» видеоролик көрсету
«Қол жазуды ермек ет, жатпа бекер,
Бұл көңілсіз дүниеден көп жыл өтер.
Өзі қысқа, өзі асау тентек өмір,
Арттағыға бір белгі қойса нетер?!» - деп ақын атамыз өзі айтқандай, бүгінгі сабақта
біз Абай атамыздың даналық сөздері – қара сөздерімен танысамыз.
Қарасөз деген не? Абайдың қарасөздері туралы не білеміз?

Негізгі бөлім (25 мин)
І тапсырма: Мәтінді оқу, талдау жұмыстары
I топ “Ақыл” Шығарма мазмұнымен жұмыс
II топ “Қайрат” Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме
III топ “Жүрек” Сатылай кешенді талдау
IV топ “Ғылым” Шығарманың өмірмен байланысы
Сергіту сәті: «Желсіз түнде жарық ай» әнін айтқызу
ІІ тапсырма: Шығармашылық жұмыс
І топ: Тақырыпқа байланысты мақалдар айту
ІІ топ: Семантикалық картамен жұмыс
ІІІ топ: «Толық, идеалды адам болу үшін қажетті қасиеттер» топтастыру
ІҮ топ: Екі жақты күнделік

Қорытынды бөлім (7 мин)
«Ротация» әдісі
1. Қарасөз дегеніміз не?
2. Шығарманың тәрбиелік мәні неде?
3. Автор бұл шығарма арқылы не айтқысы келген?
4. Ғылымның орнында болсаңдар қай кейіпкердің сөзін құптар едіңдер?

Рефлексия (3 мин)
«Бес саусақ» әдісі

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы,
№3Хромтау орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Жумабаева Кенжеш Тагибергеновна

Абайдың қарасөздері. Он жетінші қарасөзі. жүктеу
2 886
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абайдың он жетінші қарасөзі
Абайдың он жетінші қарасөзі
Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат, жүрек, ғылымының адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге
Абайдың он жетінші қара сөзі
Абайдың он жетінші қара сөзі
Қара сөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек. Абайдың 1890 - 1898 жылдар арасында жазған 45 қара сөзі бар. Ақынның қара сөздері алғаш Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрген. Қара сөздер
Абай Құнанбаев «Он жетінші қара сөзі»
Абай Құнанбаев «Он жетінші қара сөзі»
Ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының қарасөздерін оқыту арқылы адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы асыл қасиеттер болуы үшін күресе білуге, мәтін тақырыбын аш білуге үйрету.
Абайдың қара сөздері. Он жетінші қара сөзі
Абайдың қара сөздері. Он жетінші қара сөзі
Ақтөбе қаласы, № 5 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еспембетова Айнаш Жолшыраковна
Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөзі
Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөзі
Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы, №94 мектептің мұғалімі Тақырыбы: Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөз
Абайдың он жетінші қара сөзі
Абайдың он жетінші қара сөзі
Шалқар қалалық №8 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бисембаева Ақтоты Жалғасбайқызы Әдебиет пәні 8 сынып Сабақ тақырыбы: Абайдың “Он жетінші қара сөзі”
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×