Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қ. Аманжоловтың 105 жылдығына арналған «Қазақстан дейтін менің бар елім» атты әдеби - сазды кеш

04 желтоқсан 2017, Дүйсенбі
Қ. Аманжоловтың 105 жылдығына арналған «Қазақстан дейтін менің бар елім» атты әдеби - сазды кеш

Көрнекілігі: сурет көрмесі, слайдтар, видеолар.
Мақсаты: Оқушыларға Қасым Аманжоловтың өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру. Оқушылардың Отансүйгіштік қасиеттерін арттыруға Қасым Аманжоловтың ерлік пен өрлік жырлары арқылы ықпал ету.

І жүргізуші:
Құрметті оқушылар! Мұғалімдер! Ақын, қазақ поэзиясында айрықша орны бар ұлы тұлға Қасым Аманжоловтың 105 жылдығына орай өткізіліп отырған «Қазақстан дейтін менің бар елім» атты әдеби - сазды кешімізге қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші:
Қасым солай болмаса, несі Қасым!?
Жыр бәйгеге аттанған адам болса,
Сөредегі Қасымнан есіне алсын!…
- деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай Қасым Аманжолов «Жасық өлең емес, асыл өлең» жазуды мақсат еткен қайсар ақын.

І жүргізуші
Қасым жыры – көңіл күйіміздің бақытты шағы. Қазақ поэзиясы қалай өрледі?- деген сұрақтарға ешкім де Қасымсыз жауап бере алмайды,- деп Әбділда Тәжібаев айтқандай, Қасым Аманжоловтың өмір жолы мен шығармашылығымен таныс болыңыздар!

Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы.
Қасым Рахымжанұлы Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысында туған. Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады.
1924 – 26 жылдары балалар үйінде тәрбиеленген Қасым бұдан кейін Семейде оқиды (1927 - 30 жж.). 1931 жылы Қасым Ленинград қаласындағы (қазіргі Санкт - Петербург) орман шаруашылығы институтына түседі.
1930 жалы Алматыға келіп, «Лениншіл жас» газетінде істейді. Ақын Орал қаласында «Екпінді құрылыс» газетінде қызметке орналасады. 1933 жылы міндетті әскер қатарына алынып, оны осы Орал қаласында өтейді.
Алғашқы өлеңдерін Қасым Аманжолов Семейде жазған. 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы «Өмір сыры» деген атпен жарық көреді.
Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалық өлеңдер жазған. «Үстімде сұр шинелім», «Мартбек», «Жеңіс дауысы», «Орал», «Ертіс», «Сибирь», «Сарыарқа» сияқты өлеңдері туған жердің сыр - сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді.
Қасым Аманжолов – шебер аудармашы.
М. Лермонтовтың "Маскарад" драмасын, А. Твардовскийдің әйгілі "Василий Теркин" атты ұзақ та күрделі поэмасын өте шебер аударады. Пушкиннің "Полтава" поэмасын, В. В. Маяковскийдің «Қоштасу» өлеңін аударады.
1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара - тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауыр хәлде жатса да, өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездерде Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел оның «Өзім туралы» атты өлеңі. Бірақ бұл өлеңді аяқтамай кетті.

ІІ жүргізуші:
Алғашқы өлеңдерін Қасым Аманжолов Семейде жазған. Олар қабырға газетінде ғана басылып жүрген. Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы туған жер, туған ел, атамекен туралы.

І жүргізуші: Ақынның кеудесін кернеген сағыныш, елінің ертеңіне деген алаңдаушылық, мақтаныш, сенім, сезім өлең болып өріле берген, өріле берген.

«Атамекен», «Алматы», «Мен табиғат бөбегі», «Жайық», «Қазақстан» өлеңдері оқылады.
Атамекен
Қасым Аманжолов
Сүйем сені туған ел - атамекен,
Абзал анам сенсің ғой құшағың кең.
Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,
Сенен артық не табам, қайда кетем.

Іздеймін деп «Жерұйық», желдей желген
Асанқайғы емеспін, Қасыммын мен.
Қорқыт та емен елсізде, көр басында
Қобызымен сырласып күңіренген.

Ерке жанмын, өмірде өстім еркін,
«Еркелеме, ей, жігіт, еспе» дер кім?!
Өз елімде өзендей гүрілдеймін,
Тасып, шалқып өтемін - осы сертім.
Ян Арайлым 4 "А " сынып оқушысы

Алматы
Қасым Аманжолов
Жақсы екен ғой Алматым,
Алтын үйек астанам.
Осы екен ғой жаннатың
Атам қазақ аңсаған.

Келдім сені сағынып,
Алтын ұям - Алматым.
Кең көшеңде басар нық
Мен бір ақын солдатың.

От пен темір сайысқан
Келдім майдан төрінен.
Жер құшам деп көр құшқан
Жауды жеңіп келдім мен.

Күлкі - жасы аралас,
Ақын да бір жас бала.
Тербет өзің, мауқын бас,
Алтын бесік - астана.
Джурунова Алуа 4 Б

Мен табиғат бөбегі
Қасым Аманжолов

Мен табиғат бөбегі,
Еркін жанмын еркемін;
Аузымда жастық өлеңі,
Еркелеп күйім шертемін.

Қ. Аманжоловтың 105 жылдығына арналған «Қазақстан дейтін менің бар елім» атты әдеби - сазды кеш. жүктеу
2 717
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым Аманжолов «Дүниеге жар»
Қасым Аманжолов «Дүниеге жар»
Қасым Аманжоловтың поэзиясының ерекшелігін, «Дүниеге жар» өлеңінің идеясын таныту, мән - мағынасын ашу. Дамытушылық: Дүниетанымын кеңейту, өзіндік зерттеу арқылы ой қорытуға дағдыландыру.
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пшанова Аманкул Абубакировна
Қасым – жыр, Қасым – ән.
Қасым – жыр, Қасым – ән.
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, «Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кутпаева Раушан Рамазановна
Түйе мен тышқан
Түйе мен тышқан
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Өлеңі өртке тиген дауылдай
Өлеңі өртке тиген дауылдай
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 мектебінің кітапханашысы Тәжиева Алтынай Шәймерденқызы
От ауызды, орақ тілді, қайсар ақын
От ауызды, орақ тілді, қайсар ақын
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Басықара аулы, № 182 мектеп кітапханашысы Қоңырбаева Закира Абенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×