Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын сақа

14 желтоқсан 2017, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Алтын сақа
Қазақ әдебиеті 6 - сынып
Сабақтың мақсаты
1. Білімділік. Оқушылардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту және естерінде сақтау. Халық ауыз әдебиетін қайталап, еске түсіру.
2. Дамытушылық. Ертегіні оқыта отырып мазмұнын мәнін түсіне білуге уйрету, балалардың ақыл - ойын, сөз байлығын жетілдіру.
3. Тәрбиелік. Қазақ ертегілеріне қызығушылығын арттыру, қиындықты ақылмен, тапқырлықпен жеңе білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, плакат, тірек схема.
Сабақтың әдісі. Сұрақ - жауап, бір - біріне түсіндіру, баяндау, оқу, бекіту.
Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Сабақ барысы:
1 Ұйымдастыру.
Сергіту сәті /3минут/
2Үй тапсырмасын сұрау /5инут/
- Қай халықтың болсын ауыз әдебиеті бар. Соның ішінде қазақ халқы ауыз әдебиет шығармаларына бай.
- Ал, балалар кәне халық ауыз әдебиеті туралы білімімізді ортаға салайық.
Оқушылар бір – біріне сұрақтар қояды.
1 Халық ауыз әдебиеті деген не?
2 Халық ауыз әдебиетін кімдер шығарған?
3 Ауыз әдебиеті бізге қалай жеткен?
4 Ауыз әдебиетінің авторы болған ба?
5 Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады?
6 Мақал - мәтелдердің түрлерін ата?
7 Мақал – мәтелдер адамды неге тәрбиелейді?
8 Мақал - мәтел кімнің даналығы?
Бағалау /3минут/

Жаңа сабақ /15минут/
Ал, балалр енді бүгінгі сабағымыз ертегілерді қайталау. Соның ішінде «Алтын сақа» ертегісі.
Кәне кім айтады ертегі бізге қалай жеткен? Ертегі ауыздан - ауызға жеткен. Енді мына тірек схема бойынша жұмыс жасайық.
Ертегілер: неге байланысты туған?
Ертегілер де адамдар нені армандаған?
Ертегілер неше топқа бөлінеді?
Ертегілер адамдардың еңбегі мен тұрмыс - тіршілігіне байланысты туған.
Ертегілерде жақсы өмірді армандаған.
Ертегілер үш топқа бөлінеді.
1. Қиал - ғажайып.
2. Хайуанаттар.
3. Тұрмыс - салт.
«Алтын сақа» ертегісі қай топқа жатады? Қиял - ғажайып.
Оқушыларға сақа туралы түсінік беру.
Сақа – деген асықтардың ішіндегі үлкендеуі және ауырлауы себебі оған қорғасын құйылады, онымен асықтарды атып ұтуға болады. Ауыл балаларының сүйіп ойнайтын ойыны.
Ал, балалар ертегіні 5 абзацқа бөліп, берілген абзацты ертегіден оқып, табу.
1 абзац - Бай мен жалмауыз кемпірдің кездесуі.
2 абзац - Бала мен жалмауыз кемпірдің қашуы.
3 абзац - Кемпірдің түлкілермен кездесуі.
4 абзац - Баланың жалмауыздан құтылуы.
Ал енді балалар топқа бөлініп « Алтын сақа» ертегісін абзац бойынша жақсылап оқып. Сол бойынша сурет салып, әр топ өз суреттерін қорғайтын болады.//

Бағалау /2минут/
« Алтын сақа» ертегідегі кейіпкерлерді атандар?/5минут/
Кейіпкерлер: Бай, бала, жалмауыз кемпір, түлкілер, қарлығаш, төбеттер, ат.
1 - топ жағымды кейіпкерлерге мінездеме беріңдер /Бала, қарлығаш, ат, ит, түлкі/
2 - топ жағымсыз кейіпкерлерге мінездеме беріңдер /Жалмауыз кемпір, бай/
Бай (қандай) қорқақ, саран, ақымақ.
3 - топ Жалмауыз кемпірге мінездеме бер/ Жалмауыз кемпір: арам, зұлым, кәрі, жаман/
Жалмауыз кемпір: судан шықты, байды ұстап алды, баланы қуды, ағаштың түбін қазды, өлді.
4 - топ Балаға мінездеме бер/ ақылды, тапқыр, қайырымды../
Бала: (қандай) Ертегідегі бала мен жалмауыз кемпірдің іс әрекеттері.
Бала: тайға мінді, сақасын тапты, қашты, терек басына шықты, көмек сұрады, құтылды.
Ертегі өмірден алынады. Осы ертегідегі кейіпкерлердің қандай екенің білдік, мінездеме бердік, жақсы мен жаманды айыра білдік.
Балалар кім айтады бала кімді жеңді? ( жалмауыз кемпірді)
Балаға көмекті нелер көрсетті?(қарлығаш, иттер.)
Балалар үйде ертегіге байланысты суреттер салып келді. осы суреттер бойынша сөйлем құрастыру.
1. Жалмауыз кемпірдің жанында сақа жатыр. Қарлығаш баламен дос. Бала көлге келді. Бала алтын сақасын алды. Қызыл түлкі жалмауыз кемпірді алдады.

Бағалау/ 5минут/
Кері байланыс
Балалар бүгінгі өткен сабағымызды қорыта отырып, біздің алған әсерлерімізді білдіру үшін стикерлерге әркім жазып смайликтерге жазып, тақтаға ілеміз.

Алматы облысы, Панфилов ауданы,
Жаркент қаласы, Еңбекші орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жумалова Лаура

Алтын сақа. жүктеу
15 941
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Алтын сақа» ертегісі
«Алтын сақа» ертегісі
Сабақтың мақсаты. 1. Білімділік. Оқушылардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. 2. Дамытушылық. Ертегіні оқыта отырып мазмұнын, мәнін түсіне білуге үйрету, сөз байлығын жетілдіру.
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Оқушылардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту және естерінде сақтау. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін қайталап, еске түсіру.
Әдебиет шыңына апаратын соқпақ (Халық ауыз әдебиеті)
Әдебиет шыңына апаратын соқпақ (Халық ауыз әдебиеті)
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Аманкелді жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сүлейменова Алтынай Өміртайқызы
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Ертегілер
Ертегілер
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка ауылы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы Тыштықаева
Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×