Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдебиет әлемінде зияткерлік ойыны

26 желтоқсан 2012, Сәрсенбі
Ақмола облысы,
Степногорск қаласы, №2 Бестөбе орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Анаргүл Көкешева

«Әдебиет әлемінде» зияткерлік ойыны.
Мақсаты: оқушыларды әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, олардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту арқылы таным, білім дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Мұғалімнің сөзі: - Бүгінгі біздің «Әдебиет әлемінде» атты зияткерлік ойын сабағымызға қош келіпсіздер!
Сендер қазақ әдебиетінен қаншалықты білімдерін бар екендеріңді осы сабақта көрсетесіңдер. Сабақ сайыс болғандықтан, 2 топқа бөлінеді. Сайысты бастамас бұрын әділқазылармен таныстырып өтейін. Сайысымыз 8 кезеңнен тұрады. Әр кезең 1-5 ұпай аралығында бағаланады.
(Тапсырмалар слайд арқылы көрсетіледі)
1- кезең. Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады.
2- кезең. «Ойлан, тап». Әр топқа әдеби шығармадан үзінді беріледі.
Үзінді қай шығармадан, авторы кім екенін көрсету.

“Жасұлан” тобы
Бір уәзірдің баласы ақымақ екен. “Тәрбиеленсін” деп бір ғалымға беріпті. Ғалым уәзірдің баласын ұзақ оқытыпты. Бір күні әкесіне хабар жіберіп: “Балаң ақылды болатын емес, оның есесіне өзім ақымақ болуға айналдым”,- депті.

“Топжарған” тобы”
Нар аяғы жерге кіріп кеткендей ырғала ауыр қозғалып бұрылды да, теңселе аяңдап кете берді. Төбе құйқаңды шымырлатып, боздап барады.
- Ботасы өлген боз іңген. - деп күбірледі.
3 – кезең. “Теория әлемінде”. Бұл кезең 2 тапсырмадан тұрады. 1- тапсырма: әдеби терминдерге түсінік беру, 2- тапсырма: Абай өлеңдерін құрылысына қарай талдау.
4-кезең. «Кино әлемі». Бұл кезеңде қазақ киноларынан үзінді көрсетіледі, бұл қай шығармадан және авторы кім екенін көрсету. («Менің атым Қожа», «Көксерек» фильмдерінен үзінді )
5- кезең. “Өнерпаз болсаң...” Әр топтан бір оқушы өз өнерін көрсетеді.
6- кезең. “Сен білесің бе?” Оқылған өлеңнің тақырыбын, авторын табу. (Төлеген Айбергенов «Ана», Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасынан үзінді)
7-кезең. “Белгілі тұлғалар ” Белгілі ақын- жазушылардың портреті көрсетіліп, солардың өмірбаянына, шығармашылығына тоқталу.
8- кезең. «Білімді мыңды жығады». Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

«Жасұлан» тобына:
1. Әбу Насыр әл - Фарабидің өмір сүрген жылдары (870-950ж.ж.)
2. «Құтты білік» шығармасының авторы кім? (Жүсіп Баласағұни)
3. Махмуд Қашқари кім? ( Білімпаз тілші, ғалым әдебиет үлгілерін жинаушы )
4. «Жалғыздық», «Мұнар күн», «Қызғыш құс» өлеңдері кімнің шығармасы? (Махамбет)
5. Мына өлең жолдары қай шығармадан алынған:
Тұранның елі, шексіз шөлі қандай?
Теңіздей кемері жоқ көлі қандай? (М. Жұмабаев, «Түркістан»)
6. Кезінде шекара асып кетіп, 40 жылдан соң елге заңсыз оралған қарт жайлы шығарма қалай аталады және авторы кім? ( Қ. Жұмаділов, «Қаздар қайтып барады»)
7. Әбіш Кекілбаев «Сыршыл ақын» деп баға берген ақынды ата. (Қадыр Мырза Әли)
8. «Қараш-қараш» оқиғасындағы басты кейіпкерлер кімдер? (Бақтығұл, Тектіғұл, Қатша, Сәлмен, Жарасбай болыс)
9. Қорқыт жайлы не білеміз? (Өміріне тоқталу)
10. «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» дастандарын жазған ақынды ата.(Ж.Жабаев)

«Топжарған» тобына:
1. «Хикметтер» еңбегінің авторы кім? (Ахмет Иассауи)
2. Тұңғыш қазақ романисы кім, роман қалай аталады және қашан жазылды? (Міржақып Дулатұлы, «Бақытсыз Жамал», 1910 ж.)
3. Мына өлең жолдары қай шығармадан алынған және авторы кім?:
«Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.» (Шортанбай Қанайұлы, «Зар заман»)
4. Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасында хат жазған бесеу кім? (Мүсірепов, Ғатауллин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиев)
5. «- Ей!
- Кімсің? Тірісің бе?
Аққуды неге атасың, арың бар ма?»- бұл қай шығармадан алынған және қай кезде айтылды? (М. Мақатаев, «Аққулар ұйықтағанда»)
6. ХХ ғасыр Гомері атанған ақын кім? (Жамбыл Жабаев)
7. Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» шығармасында неше кейіпкер бар, олар кімдер? (әкесі, қызы Жаңыл, күйші Естемес, әкесі Оразымбет)
8. «Қалқаман-Мамыр» поэмасының авторы кім? (Шәкәрім Құдайбердіұлы)
9. «Диуани лұғат-и- түрк» кітабының авторы кім? ( Махмуд Қашқари, «Түркі сөздерінің жинағы»)
10. «Қыш кітап», «АзиЯ» кітаптарының авторы кім? (Олжас Сүлейменов)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 162
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдебиет көшбасшысы зияткерлік сайысы
Әдебиет көшбасшысы зияткерлік сайысы
Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыру, әдебиет пәніне қызығу - шылығын арттыру Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу.
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп Биология пәні мұғалімі: Айгожин А.Б.
Атажұрт (зияткерлік ойын)
Атажұрт (зияткерлік ойын)
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жиренқопа орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жумалиева Дарига Исенгельдовна
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Төлепбаева Гүлмира Әбдіғапбарқызы Қызылорда қаласы №7 орта мектеп
Сын есім
Сын есім
Ақмола облысы, Степногорск қаласы №2 Бестөбе орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Анаргүл Көкешева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×