Білімділер поралы

Төте жазу. Қазақтың тұңғыш әліпбиі

Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті
Өткізілетін күні, орны:
Оқу тобы: ПМТ - 03
Тақырыбы: Төте жазу. Қазақтың тұңғыш әліпбиі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлттық тіл тарихының қалыптасу жолымен және ұлы реформатор ғалым А. Байтұрсынұлы негізін қалаған төте жазу жүйесі ерекшеліктерімен танысу, оның тарихи маңызын ұғыну.
Дамытушылық: Өз ой - пікірін еркін, жүйелі жеткізе білуге үйрете отырып, тіл байлығын, сауатты жазу дағдысын арттыру.
Тәрбиелік: «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын ұғынуға баулу.
Негізгі дереккөздер, ресурстар, жұмыс құралдары
Дәріс, А. Байтұрсынұлының әліпбиі, тақырыпқа байланысты плакаттар, үлестірмелі парақшалар.
Оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер: Блум таксономиясы, сұрақ - жауап, жұппен жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, білім алушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Біз сабағымызды «Блум таксономиясы» әдісі бойынша өткіземіз, яғни сабағымыздың тақырыбын біз сатылап, зерттей отырып меңгереміз, сол арқылы мақсатымызға жетеміз
1 - саты. Білу.
Мақсаты: Ескі қазақ жазуы туралы өткен сабақтың тақырыбын еске түсіру.
Оқытушының іс - әрекетті: өткен сабақтың тақырыбы бойынша сұрақ қоя отырып, жаңа тақырыпқа жетелейді, бақылайды.
Тапсырмалар жүйесі:
• Қазақ ру - тайпаларының ең көне жазуы қалай аталады және бұл жазу қай уақытқа тиесілі?
• «Руна» жазуы туралы не білеміз?
• Көне түркі жазуын ғалымдар қалай бөледі?
• Қазақ әліпбиі ХХ ғасырда қалай өзгерді?
Білім алушылардың іс - әрекеті: Оқушылар еске түсіреді, жауап береді
Нәтижеге бағыттау: Сұрақтарға жауап іздейді. Өткендерін еске түсіреді.

2 - саты. Түсіну.
Мақсаты: А. Байтұрсынұлы негізін қалаған төте жазу жүйесі ерекшеліктерімен танысу
Оқытушы іс - әрекеті: жаңа тақырыпты түсіндіреді.
Қазақ жазуы өз тарихында 5түрлі әліпбиді басынан өткерген:
1. Көне түркі әліпбиі. (V – VIII ғғ) Орхон, Енисей, Талас өзендерінің бойынан, Есік қаласының маңынан табылған ескерткіштердің тілі
2. Ескі араб жазуы (VIII – ХХ ғғ)
3. Араб графикасына негізделген реформаланған қазақ жазуы (1912 - 1929жж)
4. Латын әліпбиі (1929 - 1940жж)
5. Орыс әліпбиі (кириллица. 1940ж. бастап осы күнге дейін)
Қазақстанда Араб жазуы ислам діні арқылы 7 - 9 ғасырлар аралығында таралған. Әл – Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, С. Бақырғани т. б. ғұламалар Араб жазуын өздері туып - өскен орталарында үйренгені, сол дәуірлерде арабша оқытатын медреселер болғанын көрсетеді. “Қадым” деп аталған бұл жазу арқылы қазақ тіл дыбыстарын толық жеткізу мүмкін болмады.
Ескі араб жазуын қолданудағы қиындықтарды еңсерудің жолын А. Байтұрсынов табады. Қазақ жазуы мен әліпбиі тарихында А. Байтұрсыновтың араб графикасын қазақ тілінің дыбыс жүйесіне бейімдеп жасаған әліпбиінің маңызы зор болды. А. Байтұрсыновтың араб графикасына негізделген (төте жазу) еңбегі 1912 жылдардан бастап белгілі болып, 1914, 1925, 1926 жылдары әр түрлі басылымдарда елге танылды. Қазіргі әліпбиіміздегі 42 әріптің қызметін А. Байтұрсынов жасаған әліпбиде 16 әріп пен дәйекше атқарған еді. Қазақ тілінің табиғатына сай келтіру мақсатында араб графикасына өзгеріс енгізген. Ғалым 24 әріптің ішінен араб жазуынан 16 таңбаны дайын күйінде алған да, 8 таңбаны өзі қосқан. Араб жазуынан алынған екі әріптің таңбасы А. Байтұрсынұлы әліппесінде басқа әріптерді таңбалайды
(студенттердің назарына А. Байтұрсынов реформалаған қазақ әліпбиі ұсынылады)
Араб графикасына негізделген жазудың ерекшеліктері:
• Төте жазу оңнан солға қарай бағытталып жазылады.
• Араб әріптері 2 және 4 түрлі көріністе жазылады. Яғни, жеке жазылғандағы кескіні, сөз басындағы кескіні, сөз ортасындағы кескіні және сөз соңындағы кескіндері әр түрлі болады. 2 көріністегі әріптер: А, Ә, В, Д, У, З, О, Ө, Р, У, Ұ, Ү, Һ, Э – оң жақ әріппен қосылып жазылады да, сол жақ әріппен қосылмай бөлек жазылады. Ал қалған әріптер 4 көріністе, яғни оң жағымен де, сол жағындағы әріптермен де қосылып жазылады.
Білім алушының іс - әрекеті: мұқият тыңдайды, «түртіп алу» әдісін қолданып, жаңа сабақтың материалын дәптерге жазады.
Нәтижеге бағыттау: танымдық қызметі дамиды.

3 - саты. Қолдану.
Мақсаты: А. Байтұрсынов реформалаған қазақ әліпбиінің әріптерін жазғызып көрсету арқылы етене жақын таныстыру
Оқытушының іс - әрекеті: студенттердің назарын алдарындағы және тақтада ілулі тұрған әліпбиге аударып, әріптердің жазылуын, тәртібін тақтаға және дәптерге жазғызады. Әріптерді қосып, 1 - 2 буынды сөздер жазып көрсетеді (нан, ән, ар, пана, ит, риза)
Білім алушының іс - әрекеті: оқытушының теория жүзінде түсіндіргенін іс жүзінде қолданып көреді
Нәтижеге бағыттау: төте жазудың әріп көріністерін ажырата біледі
4 - саты. Талдау.
Мақсаты: тақырып бойынша жұптық тапсырмалар орындату
Оқытушының іс - әрекеті: білім алушыларға тапсырмалар беріледі
1 - қатарға:
• өз есімдеріңізді араб әріптерімен жазыңыздар
• берілген араб әріптерінен сөздер құрастырып жазыңыздар
2 - қатарға:
• жаныңыздағы студенттің есімін араб әріптерімен жазыңыз
• берілген сөздердің қатесін табыңыздар
Нәтижеге бағыттау: алған білімдерін өз беттерінше қолдана біледі
5 - саты. Жинақтау
Мақсаты: алған білімдерін жинақтап, бекіту
Оқытушының іс - әрекеті: өтілген тақырып бойынша білім алушыларға қорапшадағы сұрақтарды таңдатып, жауап алады
Сұрақтар:
1. Қазақ жазуы өз тарихында неше әліпбиді басынан өткерген?
2. Көне түркі жазуы қай уақыт аралығында қолданылды?
3. Ескі араб жазуы қалай деп аталған?
4. 1929 - 1940 жж. аралығында қолданылған әліпби?
5. А. Байтұрсынов ескі араб жазуын неліктен реформалады?
6. Төте жазудың қандай ерекшеліктері бар?
7. Төте жазу қай жылдан бастап қолданылды?
8. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиі неше таңбадан тұрды?
9. Қазақ ру - тайпаларының ең көне жазуы қалай аталады және бұл жазу қай уақытқа тиесілі?
10. Руна жазуы туралы не білесіз?
Жаңа тақырып бойынша синквейн құрастырыңыз:
Кім? Не?
Қандай?
Қашан?
Қалай?
Не істеді?

Білім алушының іс - әрекеті: өздері сұрақтарды таңдайды, жауап береді.
Нәтижеге бағыттау: жаңа тақырып бойынша меңгергендерін орта салады, пікір білдіріп, білімдерін тиянақтайды
6 - саты. Бағалау.
Мақсаты: жаңа тақырыпты меңгеру деңгейі бойынша білімдерін бағалау
Оқытушының іс - әрекеті: білім алушылардың сабақ барысында атқарған жұмыстарын қорытындылап, бағалайды.
Нәтижеге бағыттау: тұңғыш қазақ әліпбиі туралы білімдерін қалыптастырады.
7 - саты. Үйге тапсырма немесе кері байланыс.
Мақсаты: жаңа тақырып бойынша білімдерін қайталау, әрі қарай дамыту
Тапсырмалар тізбесі:
• берілген сөйлемдерді араб әріптерімен жазу
• араб графикасының негізінде қазақ әліпбиін құрастырушы Ахмет Байтұрсыновтың тіл білімі саласындағы тағы басқа еңбектері жөнінде мәлімет дайындау.
Оқытушының іс - әрекеті: білім алушыларға тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді
Нәтижеге бағыттау: білім алушылардың зейіні мен танымы, білім - білік дағдылары артады.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 269
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 267
Роботтар: 3
Балжеке Тбота
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика