Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттың ұлы ұстазы

13 қаңтар 2018, Сенбі
Ұлттың ұлы ұстазы
Суреттеу кеші

Қатысушылар: өмірбаяншы, әдебиетші, көркемсөз оқушы
Залдың безендірілуі:
А. Байтұрсыновтың портреті, кітап көрмесі, мына эпиграф жазылған плакат: “Ахмет Байтұрсынұлы - ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға”.
Әбіш Кекілбаев
Көркемсөз оқушы:
Адамдық диқаншысы қырға шықтым;
Көл жоқ, көгалы жоқ - қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
А. Байтұрсынов

Өмірбаяншы /1/: А. Байтұрсынұлының осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспеттес.
Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым…
Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.
Өмірбаяншы /2/: Ахмет Байтұрсынұлы - қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914 - 1915 жылдан 1927 - 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліп - биімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
Өмірбаяншы /3/: Ахмет Байтұрсынұлының жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек тіл білімі саласында емес, әдебиет тану саласында да айтарлықтай болды деп санаймыз. Өткен ғасырдың II - жартысында - ақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, 1923 ж. “Ер Сайын” жырын Москвада шығарады. 1926 ж. “23 жоқтау” атты жинағы жарық көреді. Бұл да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері.
А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқыш” атты көлемді еңбегі - әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы…
Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, әдістемелік арналары, басты - басты терминдері мен категориялары түп - түгел осы кітапта қалыптастырылған.
Өмірбаяншы /1/: Ахмет Байтұрсынұлы - ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері “Қырық мысал”, “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы.
Көркемсөз оқушы:
Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса,
Сап - сары аяқтары ұзын маса,
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен қара яки қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?

Өмірбаяншы /2/ Қазақ қоғамына рухани тәрбие беруде рөлі өлшеусіз және бүгінгі күні де осы қуатынан айрылмаған осы кітапшаға бағаны қазақтың ұлы ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сөзімен бергеніміз жөн болар.
Көркем сөз оқушы: Сұлтанмахмұт бір үйге келіп отырып: “Оқитын кітаптарың бар ма деп сұрағанда, оған үй иесі: “Маса” дейтін бірді айтып бірге кететін бір қиссамыз бар”,- деп, қолына Ахаңның кітабын беріпті. Соған назаланған Сұлтанмахмұт “Тұтқындағы Байтұрсынның “Масасына” деген өлеңін жазған екен /1914 ж/. Онда мынадай жолдар бар:

…Бағың жоқ көр соқырдың көзі алдында,
Мұңыңды жылап шақшы өз алдыма:
Гауһар тұрсын, айырып алтыныңды,
Аузына керек тас деп бір алды ма?
Өткірсің наркескеннің алмасындай,
Жүйріксің “полный ходтың” арбасындай.
Сен сұңқар, көңілі соқыр сенімен қас,
Өзінің болмады деп қарғасындай…

Сұлтанмахмұттың осындай бағасынан кейін “Маса” жинағына қандай да болмасын пікір айтудың өзі артық болардай!
Өмірбаяншы /3/: Қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын ұлы Абай тапқан соқпақ орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады. И. А. Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарды. Мысалдарда әр түрлі аңдар, әр түрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасалады. Кісілердің мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды, әсіресе, патша отаршыларының зорлық - зомбылығы, жуандардың, байлардың тепкісі, елдің азып - тозуына байланысты сарындарды А. Байтұрсынұлы жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді. Кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар.

Ұлттың ұлы ұстазы. жүктеу
4 815
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі. Ұлтының ұлы ұстазы
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі. Ұлтының ұлы ұстазы
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу;
А. Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
А. Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
Ол халықты оқуға шақырған, ағартушылық жұмыстар жүргізген, қазақ ауылдарында орысша - қазақша мектеп ашып, балаларға сабақ берді? (ағартушы, қоғам қайраткері, ұстаз).
Қазақтың тұңғыш тілші ғалымдары
Қазақтың тұңғыш тілші ғалымдары
Өткен тақырыптар бойынша сөздік қорын жүйеге келтіріп, байланыстырып сөйлеуге баулу; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру
Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары - тәлім - тәрбие мектебі
Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары - тәлім - тәрбие мектебі
Атырау облысы, Атырау қаласы, №35 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құбиева Нұргүл Паңгерейқызы "Үздік тәрбие сағаты" номинациясы бойынша
Қазақ санасының шамшырағы
Қазақ санасының шамшырағы
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қамиева Ардақ Бектемісқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×