Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көмектес септік

15 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік
Сабақтың мақсаты: Көмектес септік туралы білімдерін тереңдетіп, «Зат есімнің септелуі» тақырыбын бекіту.
Сабақтың типі: бекіту
Сабақтың жабдығы: интербелсенді тақта, семантикалық карта
Сабақтың әдістері: «Ой қозғау», «Кластер», «Семантикалық карта», «Балық сүйегі», «Нысана».
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы:
І. Білу.
«Ой қозғау» әдісі арқылы қызығушылықтарын ояту.
Жұмбақ шешу.
Үлкен - үлкен түйені
Тастапты атам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп. (Тау)
Сабағымызды таулар туралы әңгімеден бастаймыз.
- Қазақстан жеріндегі қандай тауларды білесіңдер?
-«Кластер» сызбасы арқылы еліміздегі тауларды көрсетіңдер.
- Еліміздің, туған жеріміздің жер бедерін білуге тиіссіңдер.

ІІ. Түсіну.
- 347 - жаттығудағы тау туралы мәтінді оқып, оған ат қояйық.
- Алатау көрінісіне назар аударып, Алатау жайлы не айта аласыңдар?
Интерактивті тақтадан таудың әртүрлі көрінісін көсету.
- Осы мәтіннен көмектес септіктегі сөзді табыңдар. Дәлелде.
Ережені еске түсіру.

ІІІ. Қолдану.
- Енді тақтадағы суреттерге қарап, аттарын атаңдар.
- Көмектес септігіне қойып, сөйлем құрастырыңдар.
Бірнеше оқушыға сөйлемдерін оқыту, көмектес септігіндегі сөзді айтқызу.

ІV. Талдау.
«Семантикалық картамен» жұмыс
- Әр бағаннан көмектес септікке қатысты белгілерді тауып дәлелдеңдер.

Сергіту сәті.
V. Жинақтау.
- Тақтадағы түрлі - түсті бояумен жазылған өлеңдерді кезекпен мәнерлеп оқимыз.
Қол добынан жүлде үшін таласар,
Үміткерлер арасында Жарас бар.
Шаршы алаңға шыққанында Жарастың,
Шеберлігін, батылдығын жараттым.
Соққан добы алдырмастан әрі асса,
Жанкүйерлер дән риза Жарасқа.
Ойынменен көзге түскен Жарасты,
Құрамалар шақырысып таласты.
Шеберліктің барлық сыры Жараста
Танып оны ардақтады Алаш та.
Бапкерлері үміт күтіп Жарастан,
Жай - күйіне, жағдайына қарасқан.
Бірге оқып, бірге ойнайтын Жараспен,
Жаттығуға ерінетін балалар да бар, әттең!..
«Балық сүйегі» сызбасы арқылы шумақтардағы қайталанып келген сөзді тауып, үстінгі жағына, ал астына олардың септіктерін жазыңдар.

VI. Бағалау.
- Келесі тапсырманы орындау үшін оқулықтағы суретке назар аударыңдар.
- Наурыз мерекесі жайлы не білесіңдер?
- Наурыз мерекесін мектепте қалай тойлаймыз?
- Мерекені үйде қалай қарсы аласыңдар?
- Наурыз мерекесі келгенде адамдар неге қуанады?
- Енді жұппен жұмыс жасап, көмектес септігін қолдана отырып, сурет бойынша әңгіме жазыңдар
2 - 3 әңгімені оқушыларға оқыту, тыңдаушыларға бағалату.
- Қай жұптың әңгімесі ұнады? Неліктен?
Кері байланыс.
«Нысана» кері байланысы арқылы сабақты бағалайды.
- Көрсеткіштерге баға қою үшін әр оқушының нысанаға стикермен атуға 4 мүмкіндігі бар (нысананың әр бөлігіне 1 рет)

Көмектес септік. жүктеу
2 115
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көмектес септік
Көмектес септік
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар,
Көмектес септік
Көмектес септік
Өткен сабақтармен сұрақтары мен жалғауларын жаттату. Көмектес септігінің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатын білдіру. Көмектес септігінің басқа септіктерден ерекшелігіне тоқталу. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Зат есімнің септелуі. Тест
Зат есімнің септелуі. Тест
1. Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз. A) Дәптердің. B) Қызбен. C) Кітапты. D) Гүлдер. E) Балаға.
Көмектес септік. (4 сынып)
Көмектес септік. (4 сынып)
Оқушыларға көмектес септік атау тұлғадағы сөзге – мен, - бен, - пен жалғаулары жалғану арқылы жасалатынын түсіндіру; көмектес септігіне қойылатын сұрақтармен таныстыру.
Көмектес септік
Көмектес септік
Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, көмектес септіктің жасалуы туралы білім беру. Сөйлем ішінен көмектес септіктегі сөздерді сөз құрамына талдап, оларды өздері байланысатын сөздерімен теріп жазу арқылы олардың жалғауларын ажырата білу
Бастауыш сынып сабақ жоспарлары
Бастауыш сынып сабақ жоспарлары
Бастауыш сынып мұғалімі Кусикбаева Света
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×