Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілінен тест тапсырмалары (9 сынып)

21 қаңтар 2018, Жексенбі
Қазақ тілінен тест тапсырмалары (9 сынып)
1. «Қысқа» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
А) Тар
В) Кең
С) Аласа
D) Ұзын
Е) Биік
2. Дауысты дыбыстардың ерін қатысына қарай түрлерін анықтаңыз.
А) Ашық, қысаң
В) Шұғыл, ызың
С) Жуан, жіңішке
D) Еріндік, езулік
Е) Қатты, жуан
3. Жуан дауысты сөзді табыңыз.
А) Көне
В) Ғұлама
С) Кезең
D) Билік
Е) Куәлік
4. Ашық буынды сөзді көрсетіңіз.
А) Дала
В) Дос
С) Он
D) Күн
Е) Үй
5. Жіңішке буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Тұзды, қатты
В) Ащы, қышқыл
С) Семіз, ерен
D) Тәтті, Жуан
Е) Күшті, мықты
6. Түбір сөзге жалғанып, оған түрлі мағына беретін қосымшаны табыңыз.
А) Қосымша
В) Жұрнақ
С) Түбір
D) Сөз
Е) Жалғау
7. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Қоңырау соғылды, оқушылар үзіліске шықты.
А) Аралас құрмалас сөйлем
В) Салалас құрмалас сөйлем
С) Лепті сөйлем
D) Жай сөйлем
Е) Сабақтас құрмалас сөйлем
8. Жаз айын белгілеңіз.
А) Қараша
В) Ақпан
С) Мамыр
D) Сәуір
Е) Тамыз
9. «Дәулет» сөзінің синонимін табыңыз.
А) Байлық
В) Аз
С) Үлкен
D) Қас
Е) Бас
10. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
А) р, м, п, ф, х
В) в, г, ғ, к, ш
С) п, ф, т, ш, х
D) с, м, р, п, г
Е) з, е, л, м, ң 11. Бірыңғай түбір сөздер қатарын табыңыз.
А) Ертең, кел, малшы
В) Табыс, қайтпа, дәрігер
С) Оқыдық, сен, кеше
D) Қаламгер, алты, аспан
Е) Ұлт, намыс, кітап
12. Тиісті жалғауды таңдаңыз: Сіздер... достарыңыз.
А) - мін
В) - ге
С) - сің
D) - тің
Е) - дің
13. Қай сөз сын есім болатынын белгілеңіз.
А) Қостанай
В) Марат
С) Астана
D) Жақсы
Е) Жолдас
14. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды жазыңыздар.
Үйірме жұмысы сағат бес... дейін созылды.
А) - нан
В) - ке
С) - та
D) - тан
Е) - ді
15. Есімдік пен зат есім тіркесін табыңыз.
А) Төрт дәптер
В) Өткен ғасыр
С) Биік тау
D) Осы кітап
Е) Жаңа жыл
16. Мақсатты келер шақтың жұрнақтарын көрсетіңіз.
А) - қ, - к
В) - мақ, - мек, - бақ, - бек, - пақ, - пек
С) - мыз, - міз, - быз, - біз
D) - а, - е, - й
Е) - ар, - ер, - р
17. Сөйлемдегі мекен пысықтауышты табыңыз.
Тауда түсті металл кен байлығы, минералды шипалы су бар.
А) Бар
В) Түсті металл
С) Тауда
D) Минералды
Е) Шипалы су
18. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Елімізде көптеген кәсіпорындар пайда болды
В) Біз демократиялық істерді жүзеге асырамыз
С) Саған ертең мектепке бармауға тура келеді
D) Елімізде өзгерістер көп
Е) Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық
19. Туған жер туралы мақалды белгілеңіз.
А) Ит тойған жерінде, ер туған жерінде
В) Әке - балаға сыншы
С) Ұят - адамның өз бойындағы адамшылығы
D) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді
Е) Тіл қылыштан өткір
20. Ұяңнан басталып, үндіге аяқталған сөзді көрсетіңіз.
А) Базаршы
В) Зәрсіз
С) Дыбыс
D) Ғарышкер
Е) Жарлық

Қазақ тілінен тест тапсырмалары (9 сынып). жүктеу
35 738
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен тест тапсырмасы
Қазақ тілінен тест тапсырмасы
Фонетика. Дауысты дыбыстар. 1 - нұсқа. 1. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз. А) ы В) а С) о Д) у Е) ә
Қазақ тілінен тест сұрақтары 8 - сынып
Қазақ тілінен тест сұрақтары 8 - сынып
Қазақ тілінен тест сұрақтары 8 - сынып. 1. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын анықтаңыз А) б, в, г, ғ В) л, м, н, ң С) з, ж, й, к Д) к, қ, т, с Е) а, ә, о, ө
Фонетика Дыбыстар
Фонетика Дыбыстар
Қазақ тілінен тест сұрақтары жауабымен. Фонетика. Дауысты дыбыстар
Қазақ тілінен тест жұмысы
Қазақ тілінен тест жұмысы
Қазақ тілінен тест жұмысы 1 - нұсқа 1. Синоним сөздерді көрсетіңіз. A) Үлкен, кіші. B) Аспан, жер. C) Жуан, жуықта. D) Бес, біз. *E) Көлемі, аумағы.
6 - сыныпқа қазақ тілінен арналған тест сұрақтары
6 - сыныпқа қазақ тілінен арналған тест сұрақтары
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×