Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еліктеу сөз туралы түсінік. Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер

23 қаңтар 2018, Сейсенбі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөз туралы түсінік
Мақсаты: Оқушыларға еліктеу сөз туралы толық мағлұмат бере отырып, жасалу жолдарын іс әрекетте орындау, мысалды талдау арқылы дәлелдей білуге үйрету.
Жұмыс нәтижесі: Жаңа тақырып бойынша оқушы білімін толықтырады, мысалдар ойлау арқылы ой өрісін, тіл байлығын дамытады, өз білімін бағалауға үйренеді, теориялық білім мен іс әрекетті шебер үйлестіреді.
Сілтеме: Алматы «Атамұра» 2011
Негізгі идеясы: Өз ойын ашық айтуға үйренеді, сыни көзқарас тудыру, сын тұрғысынан ойлайды. Жаттығу бойынша теориялық білімді жетілдіруде жаңа идеялар жарыққа шығады.
Қолданылған әдістері мен тәсілдері Өзін - өзі бағалау, тест
Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: өлең құрастыру
Оқуды және оқыту үшін бағалау;
АКТ - ны қолдану;
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;
Әуен тыңдау
Ресурстар: Флитчарт, түсті қағаз, маркерлер, оқулық, компьютер, проектор, желім, стикерлер

Мұғалімнің іс - әрекеті
Психологиялық тренинг өткізу.
Топтарға бөлу.
Қызығушылығын ояту.
Топ ережесін жасату.

1. Сынып ішінде белгіленген үш оқушының білім алу үрдісіндегі іс - әрекетін сырттай бақылайды.
2. Уақытты қадағалайды.
3. Топтардың жұмыс нәтижелерін тыңдайды.
4. Топ арасындағы байланысты назарда ұстап, үнемі байланыс болуын қамтамасыз етеді.
5. Тест әдісі арқылы өткен сабақтағы алған білімдерін тексеру
6. Әуендерден әртүрлі дыбыстарды тыңдату және бейнелерді көрсету арқылы жаңа ақпаратты түсінуге бағыт беру
7. Сөйлем ішінен еліктеу сөздерді табу.

Интербелсенді тақтадан еліктеу сөздердің құрамына, мағынасына, тұлғасына қарай бөлінуі туралы жинақтау сызбасы арқылы көрсетеді.
297 - жаттығу жұмысының тапсырмасын түсіндіреді.

Атамекен орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Өтепберген Рысты

Еліктеу сөз туралы түсінік. Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер. жүктеу
2 614
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды еліктеу сөздер
Негізгі және туынды еліктеу сөздер
Сабақтың мақсаты: Еліктеу сөздердің құрамдық ерекшелігін, басқа сөз таптарынан айырмашылығын таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Еліктеу сөздер
Еліктеу сөздер
Еліктеу сөздің құрамы, жасалу жолын меңгереді.
Магниттік өзара әрекеттесу. Эрстед, Ампер тәжірибелері. Магнит өрісінің күш сызықтары
Магниттік өзара әрекеттесу. Эрстед, Ампер тәжірибелері. Магнит өрісінің күш сызықтары
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектебінің Физика пәні мұғалімі Отегенов Бахтияр Жуманазарович
Еліктеу сөздер туралы түсінік
Еліктеу сөздер туралы түсінік
«Қостанай қаласындағы №9 орта мектебі» ММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Скендирова Г.А
Еліктеу сөз
Еліктеу сөз
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Султангереева Гулайым Орынгалиевна
Еліктеу сөздер туралы түсінік
Еліктеу сөздер туралы түсінік
Қызылорда облысы, Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Анапияева Салтанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×