Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сабақтас құрмалас сөйлем, оның түрлері. Телевидение

23 қаңтар 2018, Сейсенбі
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның түрлері. Телевидение.
Қазақ тілі 9 - сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға “телевидение” туралы мағлұмат беру, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білуге үйрету.
2. Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын дамыту, ой - өрісін кеңейту, ойларын ауызша жүйелеп жеткізуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік: оқушыны мемлекеттік тілге құрметпен қарауға, оны саналы да ерікті меңгеруге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білім беру
Көрнекілігі: интерактивті тақта (слайдтар), перфокарталар, үлестірмелі карточкалар, бағалау парақтары, стикерлер.
Әдіс - тәсілдері: аудару, іздендіру, сұрақ - жауап, талдау, түсіндіру.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгелдеу. Кезекшімен сұхбат жүргізу.
Сабақтың мақсатын хабарлау.

Мұғалім: - сабақтың мақсаты: “телевидение”лексикалық тақырыбын меңгеру, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білуге үйрену, тіл байлығымызды дамыту.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Мұғалім: - үйге не берілді?
- «Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері» меңгергендеріңді перфокарталар арқылы тексереміз.
Мақсаты: оқушылардың салалас құрмалас сөйлем бойынша алған білімдерін пысықтау.
(оқушыларды екі топқа бөліп, перфокарталарды толтырады)

3. Жаңа тақырыппен танысу
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Телевидение. Сабақта “Телевидение” туралы мағлұмат жинап, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білуге үйренеміз.

Сөздікпен жұмыс.
өтпелі – переходный
бастан кешіру – проходить
көбею – увеличиться
саты – уровень
өзгерістер – изменения
сандық – цифровой
үрдіс – процесс
мән – значение
Сөздермен сөз тіркестерді құрастыру

4. Мәтінмен жұмыс:
А) түсініп оқу;
Ә) аудару;
1 - тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңдар.
Бүгінде телевидение бүкіл әлемде өтпелі кезеңді бастан кешіп отыр. Ақ - қара түсті теледидардың орнына қазір түрлі түсті теледидарларды пайдалану көбейді. Ал мұның өзі телехабарларды беруді жаңа бір сатыға көтеріп отыр. Түрлі түсті телевидениені айтқанда, қазір бүкіл әлемде радио мен телевидение жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатқанын айту керек. Телехабарды түсіру мен беруде сандық техника мен технологияны қолдану үрдісі пайда болды. Бұл да үлкен жетістік. Сонымен бірге жаңадан жер серігі және кабельдік телевидениенің жүзеге асуы – соның айғағы. Бұл радио мен телевидение дамуының стратегиялық мәнін айқындайды. Қоғамдық телевидение көбіне халықты жаңалық хабарлармен және білімдік, сөздік - танымдық бағдарламалармен қамтуға тырысады.

Сұрақтарға жауап беру.
5. Дәптермен жұмыс.
2 - тапсырма. Мәтін бойынша хронологиялық кесте құра.
(Мәтін кітаптың 161 - бетінде берілген)
Хронологиялық кесте толтыру

Сергіту сәті
6. Мына сөйлемдерге көңіл аударайық:
1. Анам қонақ келсе, дастарқанды жайнатып қояды. (шартты. б. с)
2. Екі қолы дірілдеп, Оспан ішке кірді. (қимыл - сын. б. с.)
3. Досым маған келген соң, мен театрға бардым. (мезгіл. б. с.)
4. Мен қанша тесіле қарасам да, Маржан маған назар аудармады. (қарсылықты. б. с.)
5. Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық. (себеп. б. с.)
6. Ол оқымақшы болып, қалаға кетті. (мақсат. б. с.)

7. Берілген сөздерден сөйлем жинау.
1. «Қазақстан» телеарнасы эфирге алғаш рет 1958 жылы 8 наурызда шықты.
2. «КТК» телеарнасы 1991 жылдан бастап жұмыс істейді.
3. «31 арна» хабарларының таратылуы 1998 жылы 12 сәуірінен басталды.
4. 1967 жылы Алматыда алғашқы «Орбита» қабылдау станциясы іске қосылды.

8. Тест сұрақтары. ОЖСБ дайындық.

1. Құрмалас сөйлемдегі шылау түрі
Кешкі астан кейін жеміс жеу керек немесе қымыз ішкен де пайдалы.
A) Талғаулықты
B) Ыңғайластық
C) Қарсылықты
D) Себеп - салдар
E) Кезектес
2. Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулығын белгілеңіз.
A) Немесе.
B) Және.
C) Біресе.
D) Бірақ.
E) Сондықтан.
3. Кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Кілемді.
B) Кітабы.
C) Баспана.
D) Жастар.
E) Қазақтың.
4. ІІІ жақтағы бұйрық рай етістікті анықтаңыз.
A) Жазып.
B) Жазу.
C) Жазсын.
D) Жазуды.
E) Жаздық.
5. Күрделі сын есімді анықтаңыз.
A) Жеп - жеңіл.
B) Сары.
C) Жуан.
D) Көркем.
E) Ақ.
6. Үш түбірден біріккен сөзді белгілеңіз.
A) Жезқазған.
B) Қызылорда.
C) Ақтау.
D) Екібастұз.
E) Көкшетау.
7. Қос сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Мен туған қаламды ерекше сүйемін.
B) Балалар қатар - қатар тізіліп тұра қалды.
C) Көкшетау қаласы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан.
D) Астана қаласы қарқынды даму үстінде.
E) Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы» атты кітабын жазды.
8. Есімнен жасалған туынды зат есімді анықтаңыз.
A) Талғат көмекке ұмтылды.
B) Кітапханадан кітап алып оқыды.
C) Жақсы дос табу қиын.
D) Адал болған дұрыс.
E) Бірақ жетіп үлгермеді.
9. Тұйық етістікті көрсетіңіз.
A) Әпер.
B) Ексін.
C) Төгемін.
D) Әкелді.
E) Жабу.
10. Ырықсыз етісті анықтаңыз.
A) Кірісті, жүрісті, айтысты.
B) Жуылды, қаралды, тазаланды.
C) Тоқтат, айтқыз, шегеленді.
D) Салдыр, тіктір, сендір.
E) Жуын, киін, таран.

Жауаптары: 1. А 2. Е 3. В 4. С 5. А 6. Д 7. В 8. В 9. Е 10. В

9. Қорытындылау Кластер толтыру / кілт сөзі - телевидение
10. Үй жұмысын беру: Сабақтас құрмалас түрлерін жаттау
11. Бағалау: Мұғалім оқушылардың өзара бағалауларын бақылайды, қорытады. Рефлексия: Сабақ соңында оқушылардың көңіл - күйлерін анықтау.

Сабақтас құрмалас сөйлем, оның түрлері. Телевидение. жүктеу
5 389
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас жайлы мәлімет беру. Сабақтас құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы мен басыңқысын ажырата білу және жаттығулардан таба алу. Сабақтас құрмаластың жасалу жолдарының ерекшелігін анықтау.
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтас сөйлем туралы түсініктерін кеңейту, себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарын жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу. Сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орналасу тәртібін білу.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас
Атырау қаласы, №32 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бернияшова Мөлдір Жұмабайқызы
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Туребаева Гүлмира Құспанқызы
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×