Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салалас құрмалас сөйлемді қайталау

25 қаңтар 2018, Бейсенбі
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау

Сабақтың мақсаты:
1. Шығармашылық жұмыстар арқылы салалас құрмалас сөйлем туралы білімдерін тиянақтау.
2. Ауызекі сөйлеу, ақыл - ой, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3. Қазақ халқының салт - дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қағаздар, кесте, мәтін, тірек - схемалар.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың типі: бекіту, қорыту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, мәтінмен жұмыс, әңгімелеу, «Аукцион» ойыны.
Сабақтың құрылысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.).
2. Топтарды таныстыру (2 мин.).
3. Үй тапсырмасын тексеру (3 мин.).
4. Мәтінмен жұмыс (9 мин.).
5. Тақтада жұмыс (7 мин.).
6. «Аукцион» ойыны (3 мин.).
7. «Жорға сайысы» (5 мин.).
8. Тест шешу (5 мин.).
9. Қорытындылау (3 мин.).
10. Бағалау (3 мин.).
11. Үйге тапсырма (2 мин.).

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Сабаққа деген дайындығын тексеру.
ә) Мұғалімнің сөзі.
- Бүгінгі біздің сабақ сайыс түрінде өтеді.
Қатысушы оқытушылар ішінен әділқазылар алқасы сайланады.

I Тур. Топтарды таныстыру.
I топ
Топтың аты «Жеті ата».
Топтың ұраны: «Жеті атасын білмеген - жетесіз»
Топтың әні: «Жеті ата» бастауы.
Әке мен баласы,
Немере мен шөбере
Шөпшекпен жалғайды.
Қайырмасы:
Менің тегім,
Менің елім,
Сен үшін мен егілемін.
Жырың болып төгілемін елім.
Жеті атам менің қасиетім.
(«Менің Қазақстаным» әуенімен айтылады)

I Тур. Топтарды таныстыру.
IІ топ
Топтың аты «Жеті күн».
Топтың ұраны: «Жеті күн – қасиет өлшемі»
Топтың әні: «Дүйсенбі – қиын күн».
Сәрсенбі – сәтті күн
Жұмада мешітке барамын.
Ал қалған күндерді жібермей ұтымды пайдаланамын.
Қайырмасы:
Еңбек етіп жеті күнде
Білімдерді шыңдаймыз
Әттең, бірақ аптасына
Бір - ақ рет демалам.
(«Крокодил Гена» әуенімен айтылады)

IІ Тур. Сұрақ - жауап арқылы үй тапсырмасын тексеру.
I топ
Сұрақтар:
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2. Құрмалас сөйлемде жай сөйлемдер не арқылы байланысады?
3. Талғаулы сөйлемнің жалғаулықты шылаулары?
4. Жеті ата (атап беру)
5. Қазақтың қасиетті сандарын атап беру.
(7, 9, 40, 13).

Салалас құрмалас сөйлемді қайталау. жүктеу
1 254
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салаластың жасалу жолы туралы жаңа білім беру, кезектес салаластың құрамына енген жай сөйлемдердегі іс - әрекеттің кезектесіп келетіндігін, тек жалғаулық шылаулар арқылы байланысатындығын меңгерту; ә) дамытушылық: оқушылардың білім - білік,
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу. Сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орналасу тәртібін білу.
Талғаулы салалас
Талғаулы салалас
Оқушылардың салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін нығайту, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын ұғындыру, өзге салалас сөйлемдерден ажырата білуге дағдыландыру. Білім - білік дағдыны қалыптастыру.
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем Өзіндік оқу арқылы салалас құрмалас сөйлемдердің, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары туралы түсінік қалыптастыруы тиіс, тілдік талдау жасауға үйренеді.
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас құрмаластың түрін кезектес салалас құрмалас дейміз.
Аралас құрмалас сөйлем
Аралас құрмалас сөйлем
Қызылорда қаласы. № 267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күнтуарова Ақмарал Амангельдықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×