Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұқағали Мақатаев

30 қаңтар 2018, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев
Сабақтың мақсаты: Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу және қазақша сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: Өнер адамдарын, өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мұқағалидың портреті, газет, кітаптар.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Әдісі: Мәнерлеп оқу, жатқа айту, шығарманы талдау, әндету.
Сабақтың эпиграфы:
Таудай едің, таудың алып тумасын
Нағыз қазақ едің сөздің турасы.
Қыр басында нағып шөгіп жатырсың,
Ей, өлеңнің буырқанған бурасы.
Жәркен Бөдешұлы.

« Қазақ жырының аспандағы азғана жұлдыздардың
Арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік.
Сенің жұлдызың - ең шұғылалы, ең мейрімді жұлдыз»
Тұманбай Молдағалиев.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау
Кіріспе сөз.
Балалар, ақын Жәркен Бөдешұлы айтып өткендей қазақ жырының қара бурасы атанған ақын М. Мақатаевтың өткен белестермен шығармаларын ой елегін өткізбекшіміз.
Сабақтың жоспары:
1. Мұқағалидың балалық шағы.
2. Жас кезі
3. Ақындық жолы.
Мұғалім: 1. Өзінің « Менің анкетам» деген өлеңінде жазылғандай М Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген. Әкесі соғыста қайтыс болған. Анасының аты - Нағиман. Әже баласы болған соң анасын нақа деп атаған. Туған апасы:» Мені сөзге, жырға үйір еткен, тәрбиелеген, халқымды сүюге үйреткен әжем»,- дейді. Енді балалар М. Мақатаевтың жазған өлеңі « Менің анкетам» өлеңін тыңдайық. ( Аида оқиды)
Аида: « Менің анкетам»
• Туған жерің?
• Ұланыңмын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
• Туған жылың?
• 1931 ж. Құрдасымын Шәмілдің.
• Шыққан тегін?
• Шаруамын.
• Білімің ше?
• Орташа ғой.
• Алайда өзім жоғары бағалаймын.
• Ана тілің?
• Қазақша.
• Қысылғанда орысша да, немісше де бар.
• Қайда істедің?
• Мынау « еңбек кітапшамнан « тауып ал.
• Оқымаған, дипломсыз демесең, бір басымнан бар мамандық табылар.
• Міндеттісің бе әскерге?
• Міндеттімін.
Міне мұнда көп мағына бар.
2. Мұғалім: Мұқағалидың анасының әңгімесіне назар аударайық. Мұқағалидың жас кезі.
• Мен ұлымның ақындығы сағыныш атты сезімнен бастау алған деп ойлаймын. Әкесі Сүлейменді достарыммен бірге 1941 жылдың желтоқсанында өртең сайынның аузына дейін тайлы таяғымыз қалмастан ұмтылмас қимастықпен шығарып салғанымыз есінде қалса керек. Әйтеуір әкесін ойлап, сағынып, көзіне жиі - жиі жас алып жүретін.
Оқушы: 1941 жылы күзде Мұқағалидың әкесі Сүлейменді әскерге алады. Ел жиналып әскерге шақырылған жігіттерді шығарып салуға бара жатты. Топ ішінде әкесімен қостасушы Мұқағали да бар. Топ бір жерге жиналып, соңғы рет бақұлдасуға айналғанда Сүлеймен әкеміз тұрып:
- Уа, ел - жұртым, сендерге өтінішім бар. Мына Мұқағали тұңғышым болса да өзіме тартпай, әкесінің баласы боп өсіп еді, осының бетінен искеуге рұқсат етіңіздер,- деп сұрайды.
Халық риза болып:
•; рұқсат, рұқсат: деп шуласады. Әкесі сонда бірінші және соңғы рет еркін қимылдап, баланы өзіне шақырып, құшақтап, бетінен сүйеді.
Осы жерде қазақ халқында тұңғыш немересін атасы мен әжесі бауырына салтын дәстүрді оқушыларға түсіндіріп өту.

«Әке»
Оқушы:
Әке, Сенің жасыңнан асып барам,
Кезі - кезі келгенде тасып та алам.
Кезі - кезі келгенде жасып қалам,
Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң.
Құр алақан емеспін қуаныштан,
Қуаныштар алдымнан құрақ ұшқан.
Бір арыстан өмірден өткенімен,
Өмір сүріп келеді тірі арыстан.
Өкінбе, әке, отың бар сөнбейтұғын,
Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.
Ұрпағың бар, ел менен ер намысын,
Тірі тұрса қолынан бермейтұғын.
3. Оқушы: 1948 жылы Алматыда шет тілдер институтында оқып жүріп, артындағы отбасының тұрмысы ауыр болғандықтан, соларға көмектеспекші болып, оқуды еріксіз тастап, аулға оралды. М. Мақатаев «Киров» атындағы колхозда Советтің секретары болып жұмыс істейді. 1952 жылы Қарасазда бастауыш кластарға орыс тілінен сабақ береді. Ауылда жүріп үйленеді. Әйелінің аты – Лашын. Балалары Майгүл, Жұлдыз, Шолпан, Айбар. Балаларын жанынан бетер жақсы көреді.
4. Ақындық жолы
Балаларға да арнап көптеген өлеңдер жазған. Осындай өлеңдері «Бәсіре» деген атпен 1981жылы жарық көрді. Ол қазақ радиосында диктор болған. Газет - журналдарда жұмыс істеген. Ол өте көп керемет өлеңдер жазған. Оның өлеңдері туған жер, табиғат туралы. Жастарды елді, табиғатты сүюге, оны аялай білуге үйретеді. Алып ақын туған даласы мен тауларына, ормандарына сағынышын баса алмай кеткен ұлы ақын. Оның өлеңдері: « Туған жерде», « Отан»
Енді бүгін біз балалар М. Мақатаевтың « Өмір сүрейік алмасып» өлеңімен танысамыз. Оқулықпен жұмыс.

Мұғалім:
Мұқағали – халқын, ана тілін, Отанын қадір тұтқан азамат ақын. Ол «Үш бақытым» атты өлең жазды. Құдай деген кім десе, Отан дер ем деп кейінгі жас буынды халқын, тілін, туған жерін шексіз сүюге шақырады. «Үш бақытым « өлеңің бір оқушы оқиды.

5. Мәтінмен жұмыс жасау.
Мәтінді оқу.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінге сұрақтар қою.
- Кім туралы айтылған?
- Мәтінді бір - бірімен оқып аудару.
- Енді мәтін бойынша сөйлемнің орысшасын айтамын, сендер мәтіннен қазақша сөйлемді тап.
Мәтін бойынша бір – біріне қойған сұрақтары.
1. М Мақатаев кім?
2. М. Мақатаев қай жылы қайда туған?
3. Ол әкесінен неше жасында жетім қалады?
4. Оның қандай өлеңімен таныстық?
6. Нұрғиса Тілендиев, Әбирбек Тінәлиев т, б сазгерлер ақынның көптеген өлеңдеріне ән жазды. Олар « Сәби болғым келеді»,» Көгершіндер», «Саржайлауым», «Есіңе мені алғайсың». Енді біз Мақатаевтың «Сәби болғым келеді» әнің тыңдайық.
6. Ән орындалады.
7. Сабақ соңында оқушылар тірек сызба сызады.

Мұқағали Мақатаев. жүктеу
6 571
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ашық сабақ Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңі
Ашық сабақ Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңі
Оқушыларға өздері оқып, танысқан Мұқағали өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан – жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау.
Мұқағали Мақатаев. Мен таулықпын
Мұқағали Мақатаев. Мен таулықпын
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мутигуллина Гүлсара Мергенқызы
Мұқағали Мақатаев "Елім барда"
Мұқағали Мақатаев "Елім барда"
Атырау облысы, Атырау қаласы, №31 жалпы орта білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Губайдуллина Бағдагүл Бақтығалиқызы
Әркімнің де өлеңге бар таласы... (Мұқағали шығармашылығына саяхат сабақ)
Әркімнің де өлеңге бар таласы... (Мұқағали шығармашылығына саяхат сабақ)
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ж. Мыңбаев орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлеуова Анар
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...»  (Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш)
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...» (Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш)
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×