Білімділер поралы

Түбір сөздер

«Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған семинарда берілген ашық сабақ жоспары
Тақырыбы: Түбір сөздер
9 сынып
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік: Түбір сөздерді оқушыларға таныстыра отырып, түсінік беру.
Түзету - дамытушылық: Жаттығулар орындай отырып, түбір сөздер туралы алған білімдерін дамыту. Оқушылардың ой - өрістерін, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, ажырату.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интер белсенді тақта, кеспе карточкалар.
Пән аралық байланысы: орыс тілі,.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин).
Психологиялық сәт:
1 - слайд. Тақтада күз көрінісі.

М. Қазір жылдың қай мезгілі?
О. Қүз мезгілі.
М. Күз айларын атаңдаршы?
О. Қыркүйек, қазан, қараша.
М. Қүздегі табиғатта қандай өзгерістер болады?
О. Құстар жылы жаққа ұшады, жаңбыр жауады, күн суытады, жапырақтар түседі.
М. Жақсы олай болса бүгінгі сабағымызға сәттілік тілей отыра, мына өлең жолдарын хормен айтамыз.
2 - слайд Психологиялық дайындық:
Мақсатымыз - білім алу
Міндетіміз – еңбектену.
Еңбек етіп жұмыла
«5»- ке қолды жеткізу.
Жарайсыңдар, балалар олай болса сабағымызды бастаймыз. Сабақ басындағы көңіл - күйлерің қандай? Смайликтермен көрсетіңдер.

Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтан ерекше, себебі қонақтар келіп отыр. Ол кісілер сендердің тәртіптеріңді, білімдеріңді көргелі келіпті.
Бәріміз сабаққа белсенді қатысып отырайық!

3 - слайд ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: (4 мин).
Үйге қандай тапсырмалар берілді?
I. Буындарды оқып келу.
II. Мақалды оқып келу.
III. Мақал жаттап келу.
Жаттап келген оқушылардан сұраймын.

4 - слайд ІІІ. Өткен тақырыпты бекітуге арналған тапсырма: (3 мин)
Синоним, омоним, антоним сөздерді қайталау мақсатында «Сөздерді дұрыс орналастыру» ойыны арқылы ережені қайталап өту.
Синонимдер – айтылуы әртүрлі, мағынасы жақын сөздер.
Омонимдер – дыбысталуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер.
Антонимдер – мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер.
Оқушы жауаптары тыңдалады, сосын өзім толықтырамын.

5 - слайд IV. Жаңа материалды игеруге дайындау кезеңі. (2 мин)
Қызығушылықты ояту.
М: Балалар жаңа сабақты бастамас бұрын мына сөзжұмбақты шешейік.
Суреттердің бірінші әріптерін алып оқысақ, жаңа тақырыбымыз шығады.

Тақта үй балапан ірімшік раушан ТҮБІР

Ү. Жаңа білімді игеру кезеңі: (3мин)
Ереже – қазақ тілінің сөз құрамы түбір мен қосымшадан (жұрнақ пен жалғаудан) тұрады.
Сөздің бөлінбейтін мағыналық бөлігін түбір дейміз.
Бүгінгі сабақта түбір сөздерді тауып, белгілеуге үйренеміз.
М. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Түбір сөздер деп аталады.
М. Енді, балалар, дәптерімізді ашып, күннің жадын жазайық.
Қазанның жиырма төрті.
Түбір сөздер.

1. Суретпен жұмыс. (2 мин) Бір сөзбен жауап беру әдісімен. Тақтаға жазу, түбірін көрсету.
• Мына суреттен кімді көріп отырмыз? (оқушы)

• Оның алдындағы не? (оқулық)
• Ол мектепке неліктен барды? ( оқуға)
Осы сөздердің түбір қандай? (оқу)

2. Мәтінмен жұмыс: (10 мин) мәтінді оқыту, аудару. Асты сызылған сөздердің түбірін табу.

Күз
Күз түсті. Күн суытты. Ағаштың жапырақтары сарғайды. Олар жерге түсті. Күзде астық жиналады. Құстар жылы жаққа кетеді. Бақшадан көкөністер жиналады. Жаңбыр жиі жауады.

ҮI. Сергіту сәті: «Көзге арналған жаттығулар»

VII. Түсінгенді тексеру кезеңі (5 мин)
Мүмкіндіктеріне қарай тапсырмалар:
I. Деңгей – сөздер неше әріптен жасалғанын көрсету. (написать цифрами из скольких букв состоит слово)
Күз (3), мезгілдер, жапырақ, күз, жаңбыр, жидек, аспанда
II. Деңгей – сөздердің түбірін белгілеу. Ағаштар, құстары, шөптер, күзгі, айлары, жапырақтар.
III. Деңгей – сөздерден дұрыс сөйлем құра.
1. өте, салқын, кеше, болды.
2. ертең, болады, күн, тамаша.
3. соқты, жел, кеше, қатты.
Деңгейлік тапсырмаларды талдап шығады.

ҮІ. Сабақты қорыту. (3 мин).
«Суретпен сөзді қос» ойыны. Тақтадағы суреттерге сөздерін қосу. Олар барлығыда түбір сөздер екенін көрсету. Ережесін шығару, оқыту. 1 - 2 балаға.

ҮІІ. Бағалау: (2 мин).
Оқушыларды жетон арқылы бағалау, мадақтау.

Көңіл - күй рефлексиясы
Сабақ соңында өзінің көңіл - күйлерін көрсетеді.

ІX. Үйге тапсырма: (2 мин).
1. Күз суретін бояп әкелу.
2. Күз туралы өлеңді мәнерлеп оқып келу.
3. Ереже жаттап келу.

«Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар
жетім балалар мен ата - анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған
№2 Қостанай арнайы мектеп - интернаты» КММ
Өткізген: қазақ тілі мұғалімі: Жусупова Гүлнар Даурханқызы

Түбір сөздер. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 129
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 129
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика