Білімділер поралы

Дара және күрделі сын есім

Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім
Мақсаты: 1. Дара және күрделі сын есімдермен таныстыру.
2. Дара және күрделі сын есімдерді ажырата білуге, күрделі сын есімдер екі, үш сөзден құралғанымен бір ғана атау ретінде қолданылып, бір ғана сұраққа жауап беріп, сөйлемде бір мүшенің қызметін атқаратынын ұғындыру.
3. Оқушылардың өз ой - пікірлерін еркін айта білуге, Отанын, туған жерін қадірлеуге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Кесте, слайдтар, видеофильм.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
17 - жаттығу. Ребусты шешу, шешуіндегі сөзге сипаттама беру. (1 - слайд) Жүйрік ат
Қарсы мәндес сын есімдерге қатар бойынша мысал келтіріп, үй тапсырмасын қорыту. (2 - слайд)
Қ - Қара - ақ, Қатты - жұмсақ, қатал - жуас, қараңғы - жарық, қымбат - арзан, құрғақ - сулы, қысқа - ұзын
Ж - Жарық - қараңғы, жақын - алыс, жуан - жіңішке, жұмсақ - қатты, жуас - асау, жұқа - қалың, жылы - суық, жаман - жақсы.
А - Ақ - қара, аласа - биік, арам - адал, ащы - тұщы, ақылды - ақымақ, арзан - қымбат, алыс - жақын.
3. Жаңа тақырып: Дара және күрделі сын есімдер
Ережемен танысу. Дара сын есім бір сөзден тұрады. Мысалы: Көк, қою,
Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден тұрады. Мысалы: Ақ сары, көк ала, қара сұр, қызғылт сары, сары ала, көк ала, ақ боз.
Кесте бойынша жұмыс жүргізу.

4. Көркем жазу минуты
Ққ
Қара, қоңыр, қызыл, қою, құрғақ.
Қара ала, қара көк, қызғылт сары, қатты қымбат.
5. Пысықтауға жаттығулар орындау. 19 - жаттығу Мәтінді түсініп оқу, сын есімдерді табу, салыстыру. (Қаз туралы видео)

Оның мойны ұзын, аяғы ҚЫСҚА, ҚЫЗЫЛ немесе қызғылт сары түсті болып келеді. Украинада арқасы мен мойны қара сұр, омырауы ақшыл сұр, құрсақ жағы ақ қаздар да кездеседі.
20 - жаттығу. Бір - біріңе түсіндіре отырып, дара сын есімдерді күрделі сын есімдерге айналдырып жаз.
Ақ - ақшыл қоңыр, қоңыр - қоңырлау сары, боз - ақ боз, торы - ала торы.

6. Сергіту сәті
Қане тұра қалайық,
Қимылдасын қол - аяқ
Кірпікті де қағайық,
Терең демді алайық.
Орнымызға отырып,
Сабаққа назар салайық.

7. Жұмбақты оқып, шешуін табу.
Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол краны.
Оны сен де танып ал,
Серейтіп кеп тұрады.(Керік)
Сын есімдерді тауып, олардың дара, күрделі екенін дәлелде.
Керікке сипаттама беру.
23 - жаттығу. Суретке қарап әңгіме құрастырып жаз. Әңгімеде күрделі сын есімдерді пайдалануды ұмытпа. (Жайлау туралы слайдтар).

Талдықорған қаласы,
№16 орта мектеп - гимназиясы
4 сынып мұғалімі Г. Н. Жумадилова

Дара және күрделі сын есім. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 327
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 326
Роботтар: 2
Данка86
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика