Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мезгіл бағыныңқы сабақтас

14 ақпан 2018, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Мезгіл бағыныңқы сабақтас
Бүгінгі сабақтың мақсаттары:
Білім беру: Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарымен таныстырып, жаттығу арқылы талдай білуге үйрету.
Тәрбие беру: Оқушыларды іскерлікке, ізденіске, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Дамыту: Сөйлеу тілдерін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал жасау;
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: баяндау, талдау, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: кесте, сызба, кітап, тақта, бор.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақ
Мезгіл бағыныңқы сабақтаста бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіреді. Сұраулары: қашан? Қашаннан бері? Қай кезде? Басыңқыдан бағыныңқыға қойылады. Бағыныңқыларының баяндауыштары есімшеден, көсемшеден, шартты райдан және – ысымен, - ісімен жұрнақтары арқылы жасалады.

Мезгіл бағыныңқы
1 Жатыс септігі есімше/ - ғанда, - генде, - қанда, - кенде
2 Барыс септ есімше/ - ғанға, - кенге, - қанға, - кенге+дейін, шейін
3 Шығ с ес/- ғаннан, - геннен, - қаннан,- кеннен+кейін, соң
4 Септ шыл тірк арқ/ - ған, - ген, - қан,- кен +сайын
5 Мезг үст/ - ған,- ген,- қан,- кен +кезде, сәтте, уақытта
6 (- ған,- ген,- қан,- кен) + ша,- ше
7 Есімшенің болымсыз түрінен кейін бұрын үстеуі келуі/ - ма,- ме,- ба,- бе,- па,- пе +с+бұрын
8 - ысымен,- ісімен, - сымен, - сімен
9 - арда, - ерде, - рда
10 - ғалы,- гелі, - қалы, - келі
11 - ғаннан, - геннен, - қаннан, - кеннен + бері
12 Шартты райлы етістіктің жіктік жалғауы /- са, - се

Белгілері:
1. Мезгіл бағыныңқы сабақтастың бағыныңқысы басыңқыдағы істің, оқиғаның мезгілін білдіруі қажет.
2. Басыңқыдан бағыныңқыға қашан? Қай кезде? Қашаннан бері деген сұраулар беріледі.
3. бағыныңқының баяндауыштары әр түрлі, - шек қоюға болмайды. Дегенмен шылау тіркескен есімшелер: - гелі формалы көсемше; - ысымен, - ғасын формалы етістіктер мезгіл бағыныңқы мағына туғызады.
4. Компоненттерінің арасын үтір арқылы ажыратады.

Ақмола облысы, Қоянды ауылы,
Қоянды орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Кенжетай Бердігүл

Мезгіл бағыныңқы сабақтас. жүктеу
3 852
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтас сөйлем туралы түсініктерін кеңейту, себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарын жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолы
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолы
Оқушының өзінше ойлау қабілетін дамыту, қорытынды жасауға үйрету, үйренген сөздерін ұтымды пайдаланып, сөйлеуге, өзгенің пікірімен санасуға, бұйыру шартымен емес, дәлелмен сөйлеуге үйрету.
Мезгіл бағыныңқы сабақтас
Мезгіл бағыныңқы сабақтас
Мезгіл бағыныңқы сабақтас туралы түсінік бере отырып, оқушылардың ойлау қабілетін арттыра отырып, негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету
Себеп бағыныңқы сабақтас
Себеп бағыныңқы сабақтас
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағалиева Нүргүл Қайыржанқызы
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Туребаева Гүлмира Құспанқызы
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×