Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дара және күрделі сын есім

18 ақпан 2018, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сын есім

Сабақтың мақсаты: а) Сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындату арқылы дара және күрделі сын есімдерді ажырата білу;
ә) Сөздік қорларын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыра отырып, шығармашылықпен жұмыс істей білу;
б) оқушылардың ой - өрісін кеңейту, дара және күрделі сын есімдердің жасалу жолдарын анықтай білуге дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, топпен жұмыс парақшалары

І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық Сәлемдесу

ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1) Қазақ тілінде неше сөз табы бар (9)
2) Зат есім дегеніміз не?
3) Арал, Талдықорған, Айжан қандай зат есім?
4) Етістік дегеніміз не?
5) Етістіктің шақтары дегеніміз не?
6) Өткен шаққа мысал келтір
7) Сын есім дегеніміз не?
8) Оқушылар суық күндері демалды. Сын есім болып тұрған сөзді тап.

ІІІ Негізгі бөлім
Жаңа сабақ
Төмендегі мақал - мәтелдерден сын есімдерді табайық
1. Тілі тәтті, діні қатты.
2. Жақсы кісі жығылса, жаман адам табылар.
3. Сабыр түбі – сары алтын
4. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар
Сын есім дегеніміз – заттың сыны, түр - түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы. Қандай? Қай деген сұрақтарға жауап береді.
Сын есім дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Дара сын есім тек бір сөзден жасалады (сары, биік). Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден жасалады. (сары ала, қара торы, үлкен - үлкен, алтын баулы).

ІV Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу. Екі бағандағы қарамен жазылған сын есімдерді салыстыр. Екі сөзден құралған сын есімдері бар сөйлемдерді көшіріп жаз.

2 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Сын есімді тауып, оларды салыстыр. Боксшылар. (ауызшы орындалады)
Сергіту сәті
Топпен жұмыс «Жыл мезгілдері» дара және күрделі сын есімдерді қатыстыру.

3 - жаттығу. Өлеңді түсініп оқы. Қошқарды сипаттап тұрған сын есімді ата. Олардың қайсысы күрделі сын есім болады.

4 - жаттығу. Берілген сын есімдердің дарасын бір бөлек, күрделісін бір бөлек топтап жаз. Екі дара, екі күрделі сын есімдерді қатыстырып, сөйлем құрастырып жаз.

V Сабақты қорытындылау.
Сұрақтарға жауап беру:
- Денсаулық қандай байлық? (зор)
- Бір сөзден құралған сын есім...? (дара сын есім)
- Тәтті сөзі заттың несін білдіреді? (дәмін)
- Әдемі сөзі қандай сын есім? (дара)
- Сын есімнің сұрақтары? (Қандай? Қай?)
- Тудың түсі? ( көгілдір)
- Үлкен - кіші сөзі қандай сын есім? (күрделі)
- Күрделі сын есім дегеніміз не? (екі не одан да көп сөзден жасалған сын есім)

Топты бағалау.
Сын есімнің қандай түрімен таныстық? Дара және күрделі.
Дара және күрделі сын есімдерді күнделікті өмірде қолдана аламыз ба?
Мысалы: ақ көйлек, қара галстук, ақ бантик.
Сонымен балалар, біз сын есім сөз табын толық меңгердік деп ойлаймын. Оған бүгінгі сабақта танытқан белсенділіктерің, тапқырлықтарың дәлел болды.
Олай болса сабағымызды кері байланыспен аяқтаймыз, өз ойларыңды білдіріңдер.

VІ Үйге тапсырма: 5 - жаттығу, 130 бет, ережені жаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 413
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыра отырып, дара және күрделі сын есім туралы мәліметтер беру.
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Нурбаева Карлыгаш Сейлхановна
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №3Алға қазақ орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Жаксылыкова Назгүл Тоқтарқызы
Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау
Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Северный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Жулдызай Султангалиевна Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау. Мақсаты: сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түрлі тапсырмалар мен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.