Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дара және күрделі сын есім

17 ақпан 2018, Сенбі
Қазақ тілі 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сын есім
Мақсаты: Сын есімнің дара, күрделі түрлерімен таныстыру
Міндеттері ▪ сын есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;
▪ сөйлем ішінен сын есімдерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету;
▪ тіл байлықтарын дамытып, сөздік қорларын молайту;
▪ шығармашылыққа баулу;
Күтілетін нәтиже
▪ жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз ойын жеткізу, өзгені тыңдай білу, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
▪ сын есімдерді ажырата біледі;
▪ сауатты жаза біледі;
Түйінді түсінік Дара сын есімді күрделі сын есімге айналдыру.

Ұйымдастыру
• оқушылармен сәлемдесу
• түгендеу
• сабаққа даярлықтарын тексеру
• берілген түстерге байланысты топқа бөлу

«Кім тапқыр» ойыны Сөзжұмбақ шешу
Топтастыру Сын есім туралы білетіндерін сұрау.
Мағынаны тану
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Сын есімдер жазылған парақтар таратылады
Көркем жазу Дәптерді ашып, бүгінгі кнді жазу. Көркем жазуды жаздыру.
Оқулықпен жұмыс
Топпен жұмыс 1топ: 17 - жаттығу. Берілген дара сын есімдерді күрделі сын есімге айналдыр.
2топ: 18 - жаттығу. Берілген күрделі сын есімдерді қатыстырып, сөйлем құрау.

Сауаттылық минуты Тақтаға жазылған сын есімдерді (қызыл, көк ала, жасыл, күрең қызыл, қоңыр ала, қара, көк, сары ала, ақ, ақ сары ) топтар
1топ: дара сын есмідерді
2топ: күрделі сын есімдерді топтап жазады.
Шығармашылық тапсырма Топтарға шығармашылық тапсырмалар беріледі.
1-топ: Сурет бойынша әңгіме құрайды. Әңгімеде күрделі сын есімдерді пайдалану керек.
2-топ: «Менің ауылым тақырыбы» бойынша әңгіме жазады. Сөйлемдерінде сын есімнің дара және күрделі түрлерін қатыстыру керек.

Жеке оқушылармен жұмыс Үлестірмелер таратылады
Топпен жұмыс Үнтаспадан естірту.
1-топ: Мақалды естіп, сын есімдерді теріп жазу.
2-топ: Өлеңді тыңдап, ішінен сын есімдерді тауып жазу.
Ойын: «Иә, жоқ» Интерактивті тақтада тапсырмалар жазылады.
1. Сын есім заттың сынын білдіреді.
2. күрең қызыл – дара сын есім
3. Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден тұрады.
4. күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер бірге жазылады.
5. жасыл сын есімі дара сын есім?
6. дара сын есім бір сөзден тұрады.
7. сары ала - күрделі сын есім
8. көк ала - дара сын есім

Рефлексия
Кері байланыс.

Бағалау
Жауаптары бойынша топ жетекшілері әр топ мүшесін бағалайды.
Үйге тапсырма Ереже жаттау. Дара және күрделі сын есімдерді қатыстырып, 5 сөйлем құрап жазу.

Бастауыш сынып мұғалімі
Китапбаева Асель Малькешовна

Дара және күрделі сын есім. жүктеу
12 084
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі сан есімдер, емлесі
Дара және күрделі сан есімдер, емлесі
Сөйлем ішіндегі дара, күрделі сан есімдерді ажырата білу. Дара, күрделі сан есімдерге мысалдар келтіру. Оларды қатыстырып сөйлем құрау.
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындату арқылы дара және күрделі сын есімдерді ажырата білу;
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, бір - бірінен
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Семгалиевна Баршагул
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Нурбаева Карлыгаш Сейлхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×