Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақын Мұнайдар Балмолдамен сыр-сұхбат кеші

21 ақпан 2018, Сәрсенбі
Тақырып: Ақын Мұнайдар Балмолдамен сыр-сұхбат кеші

Кештің мақсаты: Оқушыларды ақын Мұнайдар Мұханбетжанұлы Балмолданың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Өткізілетін орны: безендірілген мектептің акті залы
Көрнекі құралдар: бейнепроектор, кітап көрмесі.

Жүргізуші: - Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазақта «Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас» деген мақал бар, шүкір, ел ағалары баршылық. Осындай ағаларымыздан тәлім - тәрбие алу мақсатында ұйымдастырылып отырған сыр - сұхбат кешіне қош келдіңіздер!
Киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, ақын, талантты журналист, тележүргізуші Мұнайдар Мұханбетжанұлы Балмолда ағамызға арналған «Парасат пен ізгіліктен жаралған» атты кешімізге қош келдіңіздер!

- Бүгінгі кешіміздің мақсаты – ақын туралы, елі елеңдеп жүрген елгезек ер туралы ой - пікірімізді айту, оның өлеңдерімен танысу. Олай болса, ақын, журналист Мұнайдар Мұханбетжанұлы Балмолда ағамызды қошеметтеп кешіміздің төріне шақырамыз.
«Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады»,- дейді. Ақын ағамызға қандай құрмет көрсетсек те артық етпейді, кешіміздің пердесін қазақтың киелі қара домбырасымен ашқымыз келіп отыр. Құрманғазының күйі «Балбырауын», орындайтындар мектебіміздің жас домбырашылары – Айбек, Мұстафаерасыл, Әлихан.

- Мұнайдар аға, бүгінгі өткелі отырған сыр - сұхбат кешімізге тағы да қош келдіңіз дейміз. Сұхбатымызды бастамас бұрын алдымен сіздің өміріңізден сыр шертер бейнесюжетке назар аударайық.
Автор жайлы айтар болсақ, Мұнайдар Мұханбетжанұлы Балмолда 1969 жылы 16 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылында дүниеге келді. Махамбет атындағы БҚМУ - дың көркем - сурет және графика факультетін бітірген. Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі.

1993 жылдан бері «Қазақстан - Орал» телеарнасының тілшісі. «Жеңісті жақындатқандар» (2000ж.) Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова туралы, «Шығыс Шолпаны» (2002ж.) М. Мәметова жайлы, (2003ж.) «Махамбет» және (2006ж.) «Сырым батыр», Х. Есенжанов пен Т. Жароковтың туғанына 100 жылдығына орай «Қос қыран» және тәуелсіздіктің жиырма жылдығына орай (2011ж.) «Махамбеттер тірі екен...», «Буыршын мұзға тайған күн...» атты деректі фильмдер мен бірнеше бейнеклиптердің авторы. Ағамыздың «Жігіттер» квартеті, «Шамшырақ» дуеті, Тамара Асар, Димаш Құдайбергенов және өзге де әншілердің орындауындағы ән дүниесі - өзінше бір әлем. Сонымен қатар, балаларға арнап жазған отыздың үстінде әндері бар. Ағаның жазған өлеңдерімен балабақша мен мектеп балдырғандары облыстық, республикалық және халықаралық ән байқауларында жүлделі орындардан көрініп жүр.

2006 жылы «Көкбөрі» атты өлеңдер мен әңгімелер жинағы жарық көрді. (Оралдан) 2010 жылы «Қағаз ұшақ» атты көркем фильм түсіріп, «Дидар» Республикалық бесінші жастар кионфестиваліне қатысты. Одан бөлек "Ақ қоян", "Жаяу әскер" атты қысқа метражды көркем фильмдердің сценарийін жазды. 2011 жылы «Ақ тұлпар» атты өлеңдер жинағы шықты. (Оралдан) «Тіл жанашыры», «Қазақ Хандығына 500 жыл», «Ақпарат саласының үздігі» медальдарымен марапатталған.

Демалысы спортпен, шығармашылық жұмыспен етене байланысып жатқан Мұнайдар Балмолда отбасында қамқор әке, жұмысында көптің бірі, шығармашыл қарапайым ғана адам.
- Сюжетке алып - қосарыңыз бар ма? Толығырақ айтып өтсеңіз.
- Сізбен жүргізер балалардың сұхбатына шынайы, нақты жауап беруге дайынсыз ба? Олай болса, сізге сәттілік тілей отырып, алғашқы сауалдарымыздан бастасақ...
/Оқушылар кезекпен сауалдарын қояды/.
1. Аға, Сіз Жаңақала жерінде туыпсыз, «Жаңақалам», «Көпжасарым» деген өлеңдеріңіз бар. Туған жер сізге несімен ыстық?
2. Мұнайдар аға, адам баласының өміріндегі ең тәтті кезеңі балалық шағы ғой, балалық дәуреніңіз қалай өтті?
3. Бала кезіңізде кітапқұмар болдыңыз ба?
4. Қалам ұстап, ақындыққа келуіңізге не түрткі болды?
5. Ең алғашқы жазған өлеңіңіз қашан жазылды және не туралы болды?
6. Мектепте оқып жүргенде қандай оқушы болдыңыз? Жас кезіңізде бұзық болдыңыз ба?
7. Бос уақытыңызда жазудан басқа немен шұғылданасыз?
8. Сіз бір сұхбатыңызда «Менің шығармашылық жолымның өзегі біреу болғанмен, арнасы сан тарау Жайық өзені секілді. Бірақ әр саласы да өзім үшін қымбат, төл перзентім тәрізді тәтті», — деген екенсіз, журналистика саласына қалай келдіңіз?
9. Достарыңыз көп пе?
10. Сіздің қаншама өлеңіңіз тамаша әнге айналды. Музыкалық аспапта ойнай аласыз ба?
11. Димаш Құдайбергеновтің орындауындағы «Махаббат бер маған» әніңіз Қытай елінде миллиондаған жұрттың алдында орындалды. Қандай сезімде болдыңыз?
12. Аға, сіздің «Он төрт» атты тарихи романыңыз сахналанғанда біз мектебімізбен түгел барып көрген болатынбыз, неліктен он төрт?

- Адам баласының мықты боп қалыптасуы үш нәрсеге байланысты дейді: ата - ана, ұстаз және кітап. Әдебиет әлеміне қадам басуыңызға осы үшеуінің қайсысы әсер етті деп ойлайсыз?
- Сізбен жүргізген бүгінгі сұхбатымыз ұнады ма?
- Олай болса, сіздің туындыларыңызды жаттап жүрген оқушыларымызды тамашалайық, Сіздің шығармашылығыздан поэзия минуты.
/Ақынның туындылары оқылады/.
«Ертегі», Самарқан Жангүлім, 6б сынып;
«Ана», -------------------- 7в сынып;
«Тым сенгішпін», -------------------- 7а сынып;
«Асылдар елі – Ақ Жайық», ------------- 7в сынып;
«Біздің жақта қыздар бар», --------------- 7в сынып;
«Асфальтта өскен», ---------------7а сынып;
«Ұлтсыздықтан сақтасын», --------------- 7а сынып;
«Ақ тұлпар», ------------------- 7а сынып;
«Көкбөрі», ---------------- 7в сынып;
«Өмір сүр», --------------------- 7в сынып.

- Оқушыларға ақыл - кеңесіңізді айтып, лебізіңізді білдірсеңіз.
- Бүгінгі кештен алған әсеріңіз қандай? Смайликпен көрсетсеңіз.
- Біз үшін уақыт тауып, әңгімелесіп, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге мың алғыс! Жүз жасаңыз аға!
Қазақ қашан да қонағын сыйлаған халық, астына ат мінгізіп, үстіне шапан жапқан. Біз бүгін ат мінгізбесек те, ақ тұлпардың суретін сыйға тартқымыз кеп отыр. Арманыңыз тек алға жетелесін, шабытыңыз тасысын.
/Ақынның қолтаңбасын алып, суретке түсу/.
7 180
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай поэзиясы әлем тілдерінде атты әдеби кеші
Абай поэзиясы әлем тілдерінде атты әдеби кеші
Абай Құнанбайұлы – үлкен ойшыл – ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері.
Мұқағали Мақатаев оқулары кеш сценарииі
Мұқағали Мақатаев оқулары кеш сценарииі
Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.
«Жыр Күләші» (Ақын Күләш Ахметованың шығармашылығына арналған кеш)
«Жыр Күләші» (Ақын Күләш Ахметованың шығармашылығына арналған кеш)
Құрметті ұстаздар мен жыр сүйер қауым! Күләш Ахметованың шығармашылығына арналған кешімізге қош келдіңіздер. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кемде емес. Солардың бірі - өлең өлкесінде өзіндік өнерімен ерекшеленетін, қиялға қанат сермеген
Шығармашылық кеш
Шығармашылық кеш
«Өлең, мен сені аялап өтем...» (Фариза Оңғарсынова)
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі: Көкен Гүлжамал Өмірзаққызы
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...»  (Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш)
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...» (Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш)
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×