Білімділер поралы

Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір

Қазақ тілі 10 класс
Сабақтың тақырыбы: «Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір»
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: қаратпа сөздің мағынасын және қолданылу себебін түсіндіру, қаратпа сөздің басты белгісін таныту, сөйлемдегі орналасу ретіне қарай үтірмен қалай ажыратылатынын меңгерту;
Тәрбиелік: оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыра отырып ұқыптылыққа, білімділікке, ұлылар сөзінен ұлағат үйренуге тәрбиелеу; Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын, деңгейлік дағдысын жетілдіру, тілін дамыту, шығармашылық жұмысқа баулу, сөйлеу тілін жетілдіру.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, деңгейлік оқыту, талдау, іздендіру.
Сабақ көрнекілігі: электрондық оқулық, кестелер, слайд, интерактивтік тақта, компьютер, бейнепроект.

Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өткенді тексеру.
1. Бірыңғай мүшелер дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қандай жағдайда қойылады?
3. Қандай жағдайда үтір қойылмайды?
4. 163 - жаттығудың орындалысын тексеру.
Өткен тақырыпты бекіту үшін электрондық оқулықтан тапсырмалар орындау.
К10А (Қоғамдық - гуманитарлық бағыт) «Қазақстан мақтаныштары» атты граматикалық бөлімін ашу.
Түсініктеме. 1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің ережесін, мысалдарын тыңдау.
Тапсырма. 1. Бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді табу.
2. Сөйлемнің бірыңғай мүшесінің қандай екенін анықтаңыз.
Кестемен қорытындылау (тыныс белгілері бойынша).
- Апа, екеуіне де жақсы қып тұрып сый беріп аттандыршы! – деді. (Мұхтар Әуезов)
- Айтыңызшы, ата, Жасылкөлден аққулар енді ешқайда кетпейді ғой?
Тарихымды жазудамын бүгін мен,
Бабаларым, сенің Ана тіліңмен!
Таулар, таулар, тауларым, тауларым - ай,
Сағынысып қаппыз ғой, тарланым - ай! (Мұқағали Мақатаев)

Қаратпа сөздер назар аудару үшін айтылып тұр.
Бұл мысалдарда арнау мәні бар, назар аударту, қарату жоқ.

ІІІ. Жаңа сабақ. Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір.
Қаратпа сөз кісі аттарынан, адамға қатысты сөздерден, яғни туыстық атаулардан болады. Жазуда үтірмен ажыратылады.
Екі оқушыға қысқаша диалог ұйымдастыру:
- Жұлдыз, математикадан тапсырманы орындадың ба?
- Иә, Мұрагер, орындадым...
Интерактивті тақтаға түсірілген кесте бойынша қаратпа сөздің үш түрлі жағдайда орналасуына сәйкес қойылатын тыныс белгісін (үтір) ұғындыру.
Поэзияда, көркем шығармада нақты жеке тыңдаушыға ғана емес, көпшілікке, жансыз заттарға да қаратылып айтылатынын түсіндіремін. Мұнда арнау мәні ғана болады. Жазушы мен сөйлеуші кейде өз ойын біреуге, бірдеңеге арнай айтады. Интонация қай сөзге түссе, сол қаратпа сөз болады.
Айдар, Нұрлан бүгін қаладан келді.
Айдар, Нұрлан бүгін қаладан келді.
Сазына келтіріп оқу керек. Не алдындағы сөйлемнің мазмұнына қарау керек. Ой екпіні түсіп көтеріңкі айтылса, онда қаратпа сөз болады.
ІV. Дағдыландыру. 1. Кітаппен жұмыс. 165 - жаттығу (ауызша).
Рөлге бөліп оқыту, үзіндіге ат қою, қарамен жазылған сөз мағынасын ашу. Абылай бейнесін, көңіл - күйін бейнелеген сөздерді табу.
2. Деңгейлік тапсырмалар (слайдтар бойынша):
І тапсырма «Ұлылардан ұлағат»; ІІ тапсырма «Адал дос»; ІІІ тапсырма Шығармашылық жұмыс.
(«Қабуснама», Жүсіп Баласағұн сөздеріне түсінік беру).
3. Тақтамен, дәптермен жұмыс. 168 - жаттығу. Қаратпа сөз болатын сөздердің орнын тауып, тыныс белгілерін қою.
«Ұлылардан ұлағат»
Сөйлемдерден қаратпа сөзді тауып, тиісті тыныс белгісін қойыңдар.
1. Ей, перзентім шынайы ілімге ынтық бол
(«Қабуснама» кітабынан).
2) Ей ақылды алыс ұста ашуды,
Ей білімді білме қаһар шашуды.
(Жүсіп Баласағұн)

Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 149
Қолданушылар: 3
Қонақтар: 146
Роботтар: 3
Кауменова Сания altyngul Алтынай Орыспайқызы
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика