Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Диктанттар жинағы 5 - сыныпқа арналған

22 ақпан 2018, Бейсенбі
Диктанттар жинағы 5 - сыныпқа арналған

Түсіндірме диктант. Ол мұғалімнің айтуымен жазылып, соңынан түсіндіріледі. Диктанттың бұл түріне тақтаны да пайдалануға болады. Тақтаға шыққан оқушы жазып болғаннан кейін, мұғалім тапсырманың орындалуын бүкіл сыныпты қатыстыра отырып тексереді.
Терме диктант. Оқушыларға белгілі бір мәтін ұсынылып, соның ішінен я фонетикалық, я лексикалық немесе грамматикалық тапсырмаларға сай сөздерді теріп жазуға тапсырма беріледі.
Өздік диктант. Оны оқушылар мұғалімнің айтуымен емес, жатқа жазады. Оның бірнеше жолы бар. Олар:
а) Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім диктант мәтінін тақтаға жазып, жеке сөздердің жазылуын, грамматикалық ережесін түсіндіреді. Мәтін бірнеше рет оқылады. Содан кейін тақтадағы мәтін жауып қойылады да, оқушылар оны жатқа жазады. Жазып болған соң, олардың жазғандары тақтадағы мәтінмен салыстырылады.
ә) Мұғалім мәтінді кітаптан көрсетіп береді. Оны оқушылар 5 - 10 рет оқып шыққан соң, кітапты жауып қойып, жатқа жазады. Содан соң кітаппен салыстырылады.
б) Оқушыларға жатқа жаздыру.

Шығармашылық диктантта оқушылар тақтаға жазылған жеке сөздер мен сөйлемдерді қатыстырып, сөйлем немесе шағын мәтін құрайды. Тақырып қойып, ойларын өз сөздерімен жазу талап етіледі.

Еркін диктантта оқушылар өздері оқыған мәтіндерінің мазмұнын өз сөздерімен айтып жеткізеді немесе мұғалім мәтінді алдымен оқып шығады да, мазмұнын оқушыларға айтқызады. Содан кейін оқушылар оны өздігінен жазуға кіріседі. Мұнда мәтін сөздерін толық сақтау міндет емес.

Сөздік диктантта жеке сөздердің мағынасын терең түсіну мен олардың дұрыс жазылуын меңгеруі көзделеді. Онда оқушыларға орфографиялық немесе фонетикалық жағынан ауырлық келтіріп жүрген сөздерге ерекше назар аударылады.

Диктанттың ендігі бір түрі бақылау диктанты. Бақылау диктантында мәтіннің құрылымы мен құрамы толық сақталып орындалады. Бақылау диктантын арнайы сабақ ретінде жүргізуге болады. Онда оқушы оқу бағдарламасының ағымы бойынша тиісті мақсатқа сай бүкіл сабақ бойы диктант жазып, өзінің дайындық деңгейін көрсетеді. Оның көлемі: 5 сынып - 50 - 60 сөз, 6 сынып - 60 - 70 сөз, 7 сынып 70 - 80 сөз.

Қатеден сақтандыру диктанты оқушылардың жіберген қателері бойынша жүргізіледі. Мұндай диктантты түсіндірме диктанты түрінде жүргізсе тиімдірек.

І модуль. «Менің мектебім. Лексика»
Сөздік диктант
Мұғалім, жіңішке, өшіргіш, сүрту, қабат, үйірме, қарындаш, тәртіпті, суару, дәріс, орналасқан (11 сөз)

Терме диктант
Сынып
Сыныптың қабырғасы ақ, төбесі биік, едені сары. Сыныпта үш терезе бар. Оладың әйнегі үлкен. Қабырғада әдемі сурет ілінген. Сыныпта парталар үш қатар қойылған. Парталардың үстінде дәптерлер, қаламдар, оқулықтар, қағаздар, күнделіктер жатыр. Сыныпта үстел, тақта, орындық, бор, шүберек бар. Орындық үстелдің жанында тұр. Тақтаның түсі қоңыр. Есіктің түсі ақ. парталардың түсі көк. Біздің сынып таза, жарық. (55 сөз)
Тапсырма. Мәтіннен омоним болатын сөздерді теріп жазып, омонимдік мағынасын түсіндіріңдер. Мысал келтіріңдер.

Бақылау диктанты
Мектеп
Қыркүйек айы жақындап қалды. Мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталып, оқушыларды таза сыныптар, сырланған есіктер, терезе, парта, тақталар күтіп тұрғандай. Жаз бойы дем алып тыныққан оқушылар көтеріңкі көңілмен мектептеріне сағынышпен оралады. Біздің мектеп өте әдемі, биік. Мектепте компьютер сыныптары бар. Мектепте өте білімді мұғалімдер сабақ береді. Мектептің үлкен спорт залы бар. Ол еш уақытта бос болмайды. (54 сөз)
Тапсырма. Жұмыс, әдемі, оқушы, мұғалім, сабақ, сырланған сөздерінің синонимдерін жазыңдар.

Шығармашылық диктант
Оқу құралдары
Кітап, қалам, дәптер, өшіргіш, қарындаш, сызғыш, сөмке, күнделік, ұштағыш, қайшы. (10 сөз)

ІІ модуль. «Танысу. Фонетика. Дыбыстар»
Сөздік диктант
Тұрамын, аты - жөнім, сіңлім, түскі, тамақ, әдепті, өзім, шұғылданамын, сәлеметсіз бе, қуаныштымын. (10 сөз)

Еркін диктант
Сәлемдесу
Сәлемдесу – әдептіліктің белгісі. Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір - біріне аман – саулық тілеп, ниеттестігін білдіруі. Әрбір адам «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!» деген сөздерді сәлемдесуге қосып, тәуліктің үш мерзімінде де бір - бірімен ақ жарқын сәлемдесуге тиіс. Қазақ салтында адам амандасқанда, оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын иеді, немесе, қол алысып амандасады. (48 сөз)

Түсіндірме диктант
Түскі тамақ
Таңертең бала ешбір жұмыссыз үйде отырады. Түскі асты ішетін уақытта шешесі ет пен сорпа қояды. Баласы сорпаны ішіп: «Таңертеңгі сорпадан мына сорпа дәмдірек екен», - дейді.
Сонда шешесі: «Бұл таңертеңгі сорпаның қалғаны еді, саған бұл сорпаның дәмді болғаны – сен түске дейін жұмыс істеп, шаршадың. Таңертең ешбір жұмыссыз үйде отырған соң, ас саған дәмсіз көрінді», - деді. (54 сөз)

ІІІ модуль. «Қазақ тілі сабағында. Буын. Екпін. Тасымал»
Сөздік диктант
Үйренеміз, заң, арың, мемлекеттік, сөйлейміз, құрметтеу, буын, тұйық, ән айтамыз, мақал – мәтелдер. (10 сөз)
Өздік диктант
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тiлі (І тарау, 4 - бап)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тiлi - қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық - техникалық жағдайларды жасауға;
қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi. (91 сөз)

5 - сыныпқа арналған диктанттар жинағы. жүктеу
20 556
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2 - сыныпқа арналған диктанттар жинағы
2 - сыныпқа арналған диктанттар жинағы
Тіл - адамдардың қарым қатынас құралы, ол үнемі толықтырып, жетілдіріп отыруды қажет етеді. Жинақты құрастыруда 2 - сыныпқа арналған қазақ тілінің бағдарламасы негізге алынды.
Диктант. Қыс туралы.
Диктант. Қыс туралы.
оқушылардың дыбысты есту қабілеттерін тексеру, дұрыс жаза білуге баулу; ә) оқушыларды сөздерді сауатты әрі әдемі жазуға үйрету; білімдерін тексеру;
Бастауыш сыныптарға арналған диктанттар жинағы
Бастауыш сыныптарға арналған диктанттар жинағы
Жазба жұмыстарға, оның ішінде диктант жұмысына бірінші сыныптан бастап ерекше қөңіл берген жөн.
Қазақ тілінен диктанттар жинағы
Қазақ тілінен диктанттар жинағы
Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.
Қазақ тілі сабағында қолданылатын диктант түрлері
Қазақ тілі сабағында қолданылатын диктант түрлері
Диктант өткізудің де әдістемесі бар. Ең алдымен талапқа сай мәтін іріктелініп алынады. Мәтін іріктеуде төмендегідей шарттар ескерілуі тиіс: Диктант мәтіні мазмұнды, түсінікті, әдеби тіл нормаларына сай болуы; 2. Диктанттағы сөз мөлшерінің сыныптар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×