Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұраулы сөйлем

26 ақпан 2018, Дүйсенбі
Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
а) Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;
ә) Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп, шапшаң ой қорыта алуға, көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
б) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, щған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Оқушыларды стикерге жазылған сұраулы сөйлем түрлеріне сәйкес 3 топқа бөлу
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын / диалог құру. Ол диалогта сұрақтар кездесті ме? Иә/жоқ, себебі/
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді.
«Галерея» әдісі бойынша топтар плакатқа сұрақтар құрастырып, соған келесі топ жауап береді. Онда төмендегідей мәліметтер қамтылады.
Бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты негізгі сұрақ дейміз.
Мысалы: Сен тамақ іштің бе? Үйде кім бар?
Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен (Қашан? Кім? Қанша? Қайда? Неге? Кімде? т. б.) және ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалады.
Негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сұрақты жетек сұрақ дейміз.
Мысалы:
- Кеште кімдер өлең айтты?
- Ұлдар өлең айтты.
- Қыздар ше?
Жетек сұрақтар толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.
Жаттығумен жұмыс: 19 - жаттығу. Мәтіннен сұраулы сөйлемдерді тауып, қандай сұрақ екенін анықтаңдар.
Топпен жұмыс: 21 - жаттығу. 1 - топ: Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындаңдар. Ішінде негізгі сұрақ,, жетекші сұрақ, анықтауыш сұрақтар болсын.
2 - топ: Алдыңғы топтың сұрақтарына жауап береді.
Білімді бекіту: БББ стратегиясы бойынша оқушылардың алған білімдерін қорытындылау. Екі жұлдыз, бір тілек.
Бағалау: топтағы басшылардың формативті бағалауын ескеріп, суммативті бағалау жүргізу
Үйге тапсырма: 22 - жаттығу.

Алматы облысы, Қаратал ауданы,
Жылыбұлақ орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Г. Б. Тұрсынбекова

Сұраулы сөйлем. жүктеу
1 587
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сыныпқа арналған ҚМЖ жинағы
Бастауыш сыныпқа арналған ҚМЖ жинағы
2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу 2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап,
Сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем
Сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем
Сабақ барысында оқушыларды сауатты, ұқыпты жазуға дағдыландыру. Оқушыларды білімділікке, ойлылыққа жетектеу, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем туралы білімдерін толықтыру, тиянақтау. Өз бетінше жұмыс жасауға баулу, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Жаңаөзен қаласы, №15 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нұрманова Ботагөз
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Атырау облысы, Атырау қаласы №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жоламанова Райса Жоламанқызы
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы О.А.Жаутіков атындағы №1 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алимжанова Ақерке Сагатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×