Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлыстың ұлы күнінде. Заттың қимылын білдіретін сөздер.

01 наурыз 2018, Бейсенбі
Тақырыбы: Ұлыстың ұлы күнінде. Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Мақсаты: 1. Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету. Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей білуге үйрету. Сөйлем ішінен заттың қимылын білдіретін сөздерді таба білуге баулу. Ой - өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрді дәріптеуге, сауаттылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
С/түрі: саяхат сабақ..
С/әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету, ойын.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі суреттер, жұмбақтар, слайд.

Барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық.
II. – Балалар, біз бүгін сабақта ата - бабалар еліне саяхатқа шығамыз. Кез - келген адам саяхатқа барғанда сол жердің елімен, жерімен, салт - дәстүрімен танысады. Жақсы нәрселер і болса үйреніп қайтады. Біздің ата - бабаларымыздың болашақ ұрпағына асыл мұра етіп қалдырған тілі, салт - дәстүрі, әдет - ғұрыптары бар. Болашақ ұрпағының білімді, тәрбиелі болғанын армандаған. Біз саяхатқа жаяу барамыз ба, әлде автобуспен барамыз ба? Автобуспен барамыз.- Ал автобусқа отыру үшін бізге не керек? /билет/ - Бүгін сабақта біз билетті ақшаға емес, өз білімімізге сатып аламыз. Мына автобус жүргізушісі сендерге мына жұмбақтарды шешсін дейді. Жұмбақтар шешу. Жүргізушінің 2 - тапсырмасы еңбек, білім туралы мақал - мәтел айтып беріңдер дейді. Автобус жүргізушісі сендерге риза болды. Ол сендерді бүгін саяхатқа барғанда үш ауылға апарам дейді.
1.»Өнер» ауылы – өткен сабақты еске түсіру.
2.»Білім» ауылы – жаңа сабақ.
3.»Болашақ» ауылы – қорыту. - Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ, - деп білімімізді ортаға салайық.
- Мінеки, біздің автобус «Өнер ауылына» келіп тоқтады. «Өнер» ауылының тұрғындары сендердің өткен сабақта алған білімдеріңді тексермекші.. 1. Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? 2. Ит не істейді? 3. Қаз не істейді? Суретпен жұмыс. Міне, балалар «Өнер» ауылының адамдары бізге риза болды. Енді біздің автобус «Білім « ауылына келіп тоқтады. Бұл ауылда сендер білімдеріңді толықтырасыңдар.

III. Ұлыстың ұлы күнінде.. Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Суретпен жұмыс. 1. Қазір қай мезгіл? 2. Наурызда қандай мейрамдар бар? 3. Суреттен кімді көріп тұрмыз? Слайд көрсету.
Наурыз мейрамы. Бүгінгі сабақта «Ұлыстың ұлы күнінде» өлеңін оқып, танысамыз. Оқушыларға оқыту. Наурыз туралы қандай өлең білеміз?
Қазақ халқының тұрмыс - тіршілігінде, әдет - ғұрпында ерекше орын алатын ертеден тойланып келе жатқан - Наурыз. Қазақша Наурыз – жыл басы. Бұл кезде күн ұзарып, түн қысқарады. Сондықтан наурыз күнін ертедегі адамдар жаңа жылдың басы - Ұлыстың ұлы күні деп есептеп, жақсы тілек айтып, зор қуанышпен қарсы алған. Жұрт ел аралап, үйлерге кірген, наурыз көже ішіп, жастар ән шырқап ойын - сауықпен өткізген. Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көжеге жеті түрлі дәм салынады. Наурыз тойында ұлттық ойындар да ойналған.

IY. Оқулықпен жұмы с. Өлеңді мәнерлеп оқыту./хормен/ Жыл аттарын оқыту.
Мынау не? Қасқыр. Қасқыр не істейді.? Мынау не? Күшік.. қайтті? Оқушы не істеді?.
Балалар, осы сөздердің ішінде қимылды білдіретін сөздерді табайықшы.
Біз бүгін «Заттың қимылын білдіретін сөздермен танысамыз екен.»
Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың қимылын, іс - әрекетін білдіреді. Мысалы: Жазды, маңырады, келді, ойнады, мінді, жылады.

Y. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.
111 – жаттығу. Әр сөйлемдегі сөздерді өз орындарына қойып, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазу. 1. Ержан тақтайды кесті. 2. Нұржан тақтайды сүргіледі. 3. Мақсұт шеге қақты. Міне, балалар «Білім» ауылынан біз көп нәрсе үйрендік. Енді келесі ауылға аттанайық. Аттанбас бұрын сергіту жаттығуын жасайық.

YI. Сергіту. Ойын: Кім шапшаң?. Топпен жұмыс.
YII. Бекіту. Енді «Болашақ» ауылының адамдары бізді күтіп отыр. Бұл ауылдың адамдары сендерге мынандай сұрақтар жолдап отыр.
1. «Білім» ауылынан не білдіңдер, не үйрендіңдер? Ұлыстың ұлы күнінде өлеңін оқыдық.. 2. Биыл қай жыл екен? /жылқы жылы/ 3. Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? 4.. Мысал келтіру.
Балалар, «Болашақ» ауылының адамдары сендерге ризашылығын білдіріп мына хатты ұсынып отыр. Бұл хатты сендерге кім жолдаған екен. Біздің Елбасымыз кім? Н. Ә. Назарбаев. Бұл хатты Елбасымыз жолдаған екен. Хат: Балалар, «Білім» ауылынан сендер көп нәрселерді үйреніп, біліп қайттыңдар. Сол істі ары қарай жалғастырыңдар, ол сендердің міндеттерің. Тәуелсіздік үшін ата - бабаларымыз бастарын бәйгеге тіккен.. Біз тәуелсіз, егеменді ел болдық. Енді біздің Қазақстан алға басып, өсіп - көркею үшін бізге білімді, ақылды, денсаулығы зор азаматтар керек. Қазақстанның болашағы сендердің қолдарыңда, сондықтан білімді болыңдар, көп оқыңдар, өз Отандарыңды қадірлеңдер. Н. Ә. Назарбаев. Балалар, біз саяхаттан оралдық, саяхатта көп нәрсені оқып білдік және өзіміздің
білімімізді көрсеттік.
YIII. Оқушыларды бағалау.

Бекжанова Балиса Сембаевна
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы
Жаңа өмір ауылы, Шаған Жалпы орта білім беретін мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі

Ұлыстың ұлы күнінде. Заттың қимылын білдіретін сөздер. слайдын жүктеу
1 255
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана тілінен тест жұмысы (1 сынып)
Ана тілінен тест жұмысы (1 сынып)
Көп затты білдіретін сөзді тап а) кітап ә) балалар б) киім
Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Заттың қимылын білдіретін сөздерді сөйлем ішінен табуға, сұрақ қоюға дағдыландыру, өлеңді түсініп оқуға үйрету. Оқушыларға Ұлыстың ұлы күнін тойларда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мол тәжірибесінен терең сыр тартып, мереке туралы жан жақты
Бауырсақ
Бауырсақ
Мақсаты: Білімділік: бауырсақтың, нанның дастарқанға қалай келетінін түсіндіре отырып, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау.
Наурыз тойы. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Наурыз тойы. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін пысықтау, толықтыру, түсініктерін кеңейту. Өлеңнің идеялық мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру. Оқушының таным әрекеттерін дамыту. (ереже жаттау арқылы есте сақтау қабілеттерін
Заттың санын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздер
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Сельбаева Жанагул Елтаевна
Атаның ақ батасы. Заттың сынын білдіретін сөздер.
Атаның ақ батасы. Заттың сынын білдіретін сөздер.
Жезказған қаласы №10 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Абдраимова Женисгул Абибуллаевна Сабақтың тақырыбы: Атаның ақ батасы.( 1 сынып) Заттың сынын білдіретін сөздер. Сабақтың мақсаты: а) Заттың сынын білдіретін сөздерді меңгерту, сөйлем ішінен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×