Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі

16 наурыз 2018, Жұма
Сабақ тақырыбы: Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
8 сынып
Осы сабақта қол жеткізілуге тиіс мақсаттар Білімділік: Поэманың тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін таныту, кейіпкерлер бейнесін жан - жақты ашу;
Дамытушылық: Поэманы мәнерлеп оқу, талдау арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен ой жүйелілігін дамыту;
Тәрбиелік: Жас ұрпақты шыншылдыққа, адалдыққа, адамгершілікке, уәдеге беріктікке тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар істей алады:
Берілген материалдардың мағынасын түсінеді және саралай алады.
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Өз пікірін еркін білдіре алады және негізгі идея бойынша пікір алмаса алады
Кейбір оқушылар істей алады:
Оқушылар шығармадағы кейіпкерлердің әрекеттеріне қатысты пікірлерін білдіре алады.
Осының алдындағы оқу: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылық жолы туралы білімін толықтырды. «Қалқаман – Мамыр» поэмасының мазмұнын меңгерді.
Сабақ түрі: Шығармашылық жұмыс
Көрнекілігі: Слайд, конверт, кіру билеттері, стикер, кубик, сөмке.
Сабақтан күтілетін нәтиже:
- Тірек сөздерді дәл таба алады және оны ұтымды қолданады;
- тақырып аясына сай еркін сөйлеп, өз пікірін айта алады;
- сөздік қоры мол, ойын анық жеткізе алады;
- оқиғалар мазмұнын өмірмен байланыстырып, тыңдаған мәтіндер бойынша ұсыныс және қорытынды жасай алады.

Басы
Оқушылармен амандасамын, психологиялық ахуал туғызу.
СТАРТЕР
Оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру, өтетін тақырыппен байланысын орнату және сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Кіру билеті» стратегиясын қолданамын. Оқушылардың қолына өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар беріледі.
Сұрақ қандай түсті қағазда жазылған болса, сол түске қарай топқа бөлінеді:
Қызыл түс – І топ
Көк түс – ІІ топ
Сары түс – ІІІ топ

Ортасы
ДАМУ
Кейіпкер дегеніміз не? (Көркем шығармада жан - жақты толық суреттелетін негізгі тұлға)
Мінездеме деген не?
Жауап: Шығармаға қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу мінездеме деп аталады.

Жаңа сабақ (сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау)
Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру.
І топ: Қалқаман мен Мамырға мінездеме бер

ІІ топ: Әнет баба мен Көкенайға мінездеме бер

ІІІ топ. Поэмадағы салт - дәстүрлерді табыңыздар және бүгінгі өмірмен байланыстырыңыздар.
(қыз айттыру, бастаңғы, құда түсу, қалың мал, жақыннан қыз алмау, бата беру, уәдеге беріктік).

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру, сабаққа деген қызығушылығын байқау мақсатында «Кубизм» стратегиясын қолданамын.
1. Елестету. Өзіңе Портреті
2. Сүйсіну. Кімдердің қандай қылығына сүйсіндің?
3. Жек көру. Кімдердің қандай әрекеті ұнамады?
4. Жаны ашу. Қай жерінде өзінде жаны ашу сезімі пайда болды?
5. Өкініш. Өкініш сезімі пайда болды ма, қашан?
6. Таңғалу. Таңғалып, риза болған сәтін ше?

Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Бүгінгі сабақтан қалар түйін мынау:
Ата салтын аттауға да болмас,
Жүрек қалауын тастауға да болмас.

Мұғалімнің аты - жөні: Н. К. Мусабаева

Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі. жүктеу
2 916
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» дастаны
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» дастаны
Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмасының мазмұны бойынша талдау жасайды. Поэма оқиғасы мен кейіпкерлеріне мінездеме береді. Поэманы оқып мазмұнын білу. Поэмада көрінген әдет - ғұрып туралы мәлімет беру.
Шәкәрім «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Шәкәрім «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Поэмаға әдеби талдау жасау, әдебиет теориясы бойынша кейіпкер туралы түсініктерін кеңейте отырып, Қалқаман, Көкенай әрекетіне екі түрлі көзқарасты баға беру.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірімен танысып, поэманың идеясын ашу, білімдерін жан - жақтылы кеңейтеді, поэманың негізгі түйінін таба білуге дағдыланады.
Шәкәрім «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Көкпекті ауданы, Бастаушы ауылы Абай атындағы орта мектебі КММ Байкубинова Р. К.
Шәкерім Құдайбердіұлы «Қалқаман –Мамыр» поэмасы
Шәкерім Құдайбердіұлы «Қалқаман –Мамыр» поэмасы
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Жаңажол орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бидалова Айгүл Кәрімқызы
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы Қарақалпақстан Республикасы, Мойнақ ауданы, Достық ауылы №18 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Шарапиев Ерлан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×