Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» дастаны

15 наурыз 2018, Бейсенбі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» дастаны. Дастанға өзек болған тарихи шындық, кейіпкер бейнесі. Жырдағы халықтық әдет - ғұрып, жырдың тілі
Мектеп: «Қосағаш» жом
Қазақ әдебиеті 8 сынып
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
(мақсаттары) Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмасының мазмұны бойынша талдау жасайды. Поэма оқиғасы мен кейіпкерлеріне мінездеме береді. Поэманы оқып мазмұнын білу. Поэмада көрінген әдет - ғұрып туралы мәлімет беру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Шығармаларымен танысады. Поэманың мазмұнын және кейіпкерлерін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі:
Поэма мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды. Кейіпкерлердің іс - әрекеті арқылы баға береді. Бір - бірімен диалог жүргізеді.

Кейбір оқушылар:
Шәкәрім шығармашылығының Абай шығармашылығымен байланысына, үндестігініне талдау жасай алады. Поэма оқиғасы бойынша пікір айтады.
Тілдік мақсаты Негізгі сөздер мен тіркестер:
Ағартушылық – демократтық бағыт -
Реалистік бағыт - жазба әдебиет -
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар: Шәкәрім шығармашылығының қазақ әдебиетінен алар орны; Поэманың оқиғаларына талдау жасайды.
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? Шәкәрім поэмасында айтылған әдет - ғұрыптардың қандай маңыздылығы бар екенін айтып бере аласың ба?
Себебі: «Бастаңғы» және жеті атаға дейін қыз алыспау салты. Бұл қазақ жастарының тәрбиесіне, денсаулығына аса мән берілгенді көрсетеді.
Жазылым бойынша ұсыныстар: Ақынның шығармашылығына тірек сызба жасау
Алдыңғы тақырып Абай шығармашылығы, өлеңдері
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Басталуы Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды топқа бөлу
Ортасы 1). Үй тапсырмасы бойынша қосымша сұрақтарға жауап беру, жаңа сабақпен байланыстыру, өз сөздерімен айтып шығады.
2). Оқулықпен жұмыс:
«Қалқаман - Мамыр» поэмасының мазмұнымен танысу:
1 - топ, 1 - 31 - шумақтар;
2 - топ, 32 - 62 - шумақтар,
3 - топ, 63 - 93 - шумақтар
Өткен іс ойға күңгірт, көзге танық,
Көрмесе де білгенге бәрі қанық.
Мың жеті жүз жиырма екінші жыл,
Қазақтың Сыр бойында жүргені анық.

Әнет бабаң - арғынның ел ағасы,
Әрі би, әрі молда, ғұламасы,
Орта жүзге үлгі айтқан әділ екен,
Сол кезде тоқсан беске келген жасы.
- оқып мазмұнын біледі, көркем баяндайды;
Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме береді. Оқиға мазмұны бойынша өз түйген ойларын жүйелі жеткізеді.
Қалқаман мен Мамыр ісі дұрыс па?
Көкенай қандай адам?
Әнет баба шешіміне қандай баға бересіңдер? «Сұрақ қою» әдісі
- бір - біріне мазмұны бойынша сұрақтар қояды, жауап береді.
- берілген сұрақтармен жұмыс жасау.
- бұл поэмадан нені түсіндің? Өз ойларымен жауап береді.
Поэмадағы оқиға қай жылдары болған?
Бұл жылдар нені аңғартады?
Мамыр неге еркек шора болып өсті?
Қалқаман мен Мамыр ісі дұрыс па? Неліктен?

Мұғалімнің есімі: Турдалиева Айжан

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» дастаны. жүктеу
2 845
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ш. Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері
Ш. Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері
Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері. Ақынның өмірі мен шығармаларының мазмұны мен мағынасына талдау, әдеби - көркемдік ерекшеліктерін меңгерту, үзінділер жаттау, мазмұнын түсіндіру.
Шәкәрім «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Шәкәрім «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Поэмаға әдеби талдау жасау, әдебиет теориясы бойынша кейіпкер туралы түсініктерін кеңейте отырып, Қалқаман, Көкенай әрекетіне екі түрлі көзқарасты баға беру.
Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Поэманы мәнерлеп оқу, талдау арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен ой жүйелілігін дамыту; Жас ұрпақты шыншылдыққа, адалдыққа, адамгершілікке, уәдеге беріктікке тәрбиелеу.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірімен танысып, поэманың идеясын ашу, білімдерін жан - жақтылы кеңейтеді, поэманың негізгі түйінін таба білуге дағдыланады.
Шәкәрім Құдайбердиев «Қалқаман - Мамыр поэмасы»
Шәкәрім Құдайбердиев «Қалқаман - Мамыр поэмасы»
Қызылорда обылысы, Байқоңыр қаласы, Ю. А. Гагарин атындағы №8 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Затова Нұргүл Айтбековна
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы Қарақалпақстан Республикасы, Мойнақ ауданы, Достық ауылы №18 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Шарапиев Ерлан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×