Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Батыр Баян - батырлық баян

22 наурыз 2018, Бейсенбі
Сабақ тақырыбы: «Батыр Баян» - батырлық баян.
Мақсаты:
Поэмамен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай отырып, оларға баға бергізу.

Міндеті:
Мағжан поэмасындағы образдар жүйесіне баға бере отырып, ақынның асқақ тұлғасы мен бай шығармашылығына деген қызығушылықтары мен сүйіспеншілігін ояту.
Сыни тұрғыдан ойлай білуге жетелей отырып, көркем шығарманың құндылығын түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақ бөлімдері
1. Білу
1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау
1. 1. Мақсат қою
а) Балалар, экрандағы бейнетүсірілімді көре отырып,
қай кезеңдегі тарихи оқиғаны еске түсірдіңіздер?
б) – Қалай ойлайсыңдар, бұл бейнетүсірілім мен Мағжан ақынның қандай байланысы бар?
в) Дұрыс айтасыздар, Абылайханның қазақ халқының елдігін сақтап қалудағы талай жорықтарында аурауты батырының бірі - Баян батыр М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының басты кейіпкері екен.
(Оқушылардың ойын тыңдай отырып, сабақ мақсатын анықтап алу)

1. 2.
Топтық жұмыс
1 - топ
Баян Қасаболатұлы (шамамен 1710/15 – 1757)– батыр. Бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі — батыр Баян Қасаболатұлы. Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ - жоңғар шайқастарына қатысып, "Батыр Баян" атанған.
2 - топ
Баян батыр кім, тарихта болған адам ба?
Батыр Баян жөнінде деректерді Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасынан, жыраулар шығармаларынан, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен кездестіруге болады. Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік болып көрсетіледі
3 - топ
Баян батырдың батырлығынан сыр шертетін шығармалар мен зерттеу еңбектерінен үзінді келтіріңдер

«Бөгенбай өлімін Абылайға естірту»
Қара Керей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Сары, Баян мен Сағынбай
Қырмап па еді жауыңды,
Қуантпап па еді қауымды,
Ұмыттың ба соны, Абылай.
Үмбетей жырау

Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы,
Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы.
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Тәттіқара жырау

... Уақ Баян ақылы мен ержүректілігі жағынан барлығынан артық.
(Ш. Уалиханов зерттеу еңбектеріндегі Абылай хан айтуы бойынша)

«Батыр Баян»
поэмасының жоспары бойынша мазмұнын айту
1. Көрікті Көкше - Абылай, Баян бастаған ел қорғандарының \ қонысы.
2.« Баянсыз қанатымды қалай жаям?!»
3.«Жорықта жауының бір сұлуын алып қайтқан..»
5.« Өлтірдім бе, інімді алаштың намысы үшін..»
6.«Елі үшін төккен ерлер қанын жұтқан жер ұмытпас»

Поэма бойынша менің пікірім/ оқушылардың пікірін тыңдау/
1.«Батыр Баян» поэмасының негізгі идеясы неде?
2.«Батыр Баян» поэмасының басты тақырыбы
неде деп ойлайсың? Ойыңды поэманың үзінділерімен дәлелдеп жеткіз?
3«Батыр Баян» поэмасының басты кейіпкерлері кімдер?
4. Поэма кейіпкерлерінің қайсы саған ерекше әсер етті?
5. Поэмадағы қандай оқиға саған ерекше әсер етті?
6.«Батыр Баян» поэмасындағы оқиғаға деген жеке көзқарасың қандай?
Топтық жұмыс. Пікірталас: «Қай кейіпкер айыпты?»
Ұсынылатын айғақтар:
«Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы»
Қорқыт ата
«Өтелмейтін қылмыс бар, ол – Отанға опасыздық жасау. Опасызда Отан жоқ»
Бауыржан Момышұлы

Махаббатсыз қан салқын. Махаббат - құштарлық атаулының ең құдіреттісі. Ол жасты да, жүректі де, тәнді де түгел баурайды.
Волтер
1 - топ
Баян батыр айыпты себебі оның сұлуға деген махаббаты, айырылып қалу күйініші қылмысқа итермелейді. Кісі өлтірмей ер, ел намысын қорғауға болмай ма? Інісін қанға боямай - ақ елге қайтарып алуға болар еді. Әйел үшін інісін өлтіру батырға лайық іс пе? Баян көзсіз, ашуын тежеп ұстай алмайтын қызба батыр.
2 - топ
Ноян - махаббаттың құлы. Ол өз жүрек қалауымен ұнатқан қалмақ қызының арбауына тез түсті. Ойлануға да мұрсаты болмады. «Елден кетейік» деген сөзіне ойланбастан «иә» деп келісе салды. Ноянның бұл іс - әрекеті барып тұрған сатқындық. Өз елін сатқан – опасыздық

Батыр Баян - батырлық баян. жүктеу
3 351
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Батыр Баян поэмасымен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай отырып, баға беру;
Батыр Баян - қазақ поэзиясының Оқжетпестей биігі, қымбат та асыл мұрасы
Батыр Баян - қазақ поэзиясының Оқжетпестей биігі, қымбат та асыл мұрасы
Поэмадағы Абылай, Баян, Ноян бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдап, оларға екі түрлі көзқараста баға бергізу
Батыр Баян поэмасы
Батыр Баян поэмасы
«Батыр Баян» поэмасын деңгейлік тапсырмалар арқылы мазмұны мен идеясын меңгерту; Оқушылардың ой - қиялына ерік бере отырып, ой - өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу, өзге шығармалармен салыстыру
Батыр Баян поэмасы (қорытынды сабақ)
Батыр Баян поэмасы (қорытынды сабақ)
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Щапов ЖОББМ Б. Тлеккабулова
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы мен Гогольдің «Тарас Бульба» повесінің үндестігі
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы мен Гогольдің «Тарас Бульба» повесінің үндестігі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы «Сарыарқа жалпы білім беретін орта мектеп»КММ Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулебаева Асемкул Жумадиллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×