Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзімді таныстыру (өлең жолдары)

25 наурыз 2018, Жексенбі
Мен, Шаттықпын, тек жүретін шаттанып
Ұстазбын деп айта аламын мақтанып
Өзгелермен тереземде тең болар
Қалмағанмен жыр жолдарым жатталып

Келісемін үлкендердің сөзімен
Жүріп келем солар салған ізбенен
Талай шәкірт ұшырғанмын бұл күнде
Бала жанын ұғынамын көзінен

Қатысқанмын сайыс, жарыс, сындарға
Жасыратын сірә менде сыр барма?
Алғыс хаттар, дипломдар, мақтаулар
Көз алдыңнан өтіп жатыр, сын бар ма?

Менде оқыдым деңгейліктің соңғысын
Сабағыма пайдаланам сол шын
Жаңартылған оқуды да тауыстым
Мүмкін олда болмас маған соңғы шың

СТО – ны меңгерттім оқушыма
Меңгермеген оқушы – оқушыма?
Меңгергені соншалық СТО – ны
Өлең жазып кеткені оқушыда

Оқушымды бәйгеге икемдеймін
Шығармашыл болсын деп жетелеймін
Ауданнан жүлде алған соң шәкірттерім
Бағындыр деп биікті жетеледім

Зейнет жасын ұзартты елбасымыз
Жасты қойшы, аман болсын басымыз
Елу деген ердің жасы емеспе?
Алпыс үште секеңдейді – ау кәрі қыз

Немере жоқ, жиен жоқ, әлі таспын
Қыз бен ұлға қожамын өзім баспын
Олар мені ойлап жүр екеу болмай
Сондықтанда, қыздар – ау, әлі жаспын

Меңгердім ғаламторда желілерді
Желідегі достардан сені көрдім
Байқасам интернеттік сайыстарды
Оқушыма қатыс деп желік бердім

Мінекей, интернеттік жобалардан
Көз сүзіп ешкімненде сұрап алмаң
Жұмысты білдіртпей – ақ жібере сап
Қанжығама алғыс хаттар байлап алғам

Заман бізді осылай үйретеді
Жамандықтан лайым жирентеді
Түлеп ұшқан шәкірттерім ұстаз боп
Тек мені емес, елімді де сүйсінтеді

Ал, достарым, өзіңмен сайыс дайын
Кездесеміз сендермен сайыс сайын
Таныс аймақ, таныс маң деп жырлаған
Мұқағали білесің өз ағайың

Таныс адам, таныс жер деп жырладым
Іске сәт деп сәлемімді жолдадым
Танисыңдар сіз мені, мен сіздерді
Таныстыру рәсімін мен созбадым
4 161
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Расұл Ғамзатұлы — Ана тілі
Расұл Ғамзатұлы — Ана тілі
Адам деген не көрмейді түсінде Жатыр екем бүгін қабір ішінде Дағыстанның кең аңғары күн ыстық Көкірегімде орнаған бір тыныштық
Қыздар тәрбиесі туралы сауалнама
Қыздар тәрбиесі туралы сауалнама
Қыздар тәрбиесі туралы сауалнама
Мұқағали атама
Мұқағали атама
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қ. Пірімов ауылы, Қ.Күлетов атындағы № 92 орта мектебінің 7 – сынып оқушысы Қожамберген Айзере
Көктем – ана, қыздар – гүл
Көктем – ана, қыздар – гүл
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Новомарковка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Динара Қайырбекқызы
Ұстаздарға мың алғыс
Ұстаздарға мың алғыс
Ұстаздар күніне арнаған мерекені насихаттау Өз ойларын жеткізе білуге баулу, тақпақ, өлеңдерді мәнерлеп оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×