Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көсемшенің сөйлемдегі қызметі

26 наурыз 2018, Дүйсенбі
Сабақ жоспары
Қазақ тілі 7 сынып
Тақырыбы: Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
Міндеттері: 1) білімділік: Көсемшенің сөйлемдегі қызметі туралы оқушыларға толық мәлімет беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.
2) дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, ой – өрісін, кеңейту, сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
3) тәрбиелік: Сауатты жауап бере отырып, сауатты жаза білуге, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, тест, семантикалық карта
Көрнекіліктері: сызба - кестелер, семантикалық карта

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі: - амандасу
- оқушыларды түгендеу
- назарларын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Білімдерін жан - жақты тексеру
1. Анықтауыш болып тұрған есімшені тап.
А) Баланың қытығына тиетіні – осы жері.
*Ә) Көшкен ауылды іздеп табалық.
Б) Ұялғанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім.
2. Есімше барыс және жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып немесе шылау сөздермен тіркесіп қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?
А) бастауыш
*Ә) пысықтауыш
Б) анықтауыш
3. Көсемшенің жіктелмейтін жұрнағын көрсет.
*А) – ғалы, - гелі
Ә) – ып, - іп, - п
Б) – а, - е, - й
4. Есімшенің жұрнағын тап
А) – а,- е,- й
Ә) – ып,- іп,- п
*Б)- ар,- ер,- р
5. Есімше атау септікте тұрып заттанып, қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?
*А) бастауыш
Ә) анықтауыш
Б) толықтауыш
ІV. Мақсат қою:
Балаларға көсемшенің сөйлемдегі қызметін меңгерте отырып, талдау - жаттығу жұмыстарын жасату арқылы есімшемен көсемшені ажырата білуге үйрету

V. Жаңа білімді меңгерту
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
1. Көсемше жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің кұрамында негізгі етістік көсемше тұлғалы, көмекші етістік жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Жұмабайдың қалаға бұл жолы не жұмыспен барғанын Абай дәлді білмейді (М. Ә.).
Қазылар арызын алып сұрап еді, Меньшиков жауап берді (Ы. А.). Сондай - ақ көсемше тұлғалы етістік жіктелмей - ақ бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы да қызметін атқарады. Мысалы: Мұны көріп, әрбір көшпелі елдегі жарлы - жакыбайлар да келіп, Сейітқұлға қосылып келіп, бес - алты жылда Сейітқұл елі деген төрт жүз үйге таянды дейді (Ы. А.).
2. Көсемше қимылдың, іс - әрекеттің амалын, жай - күйін, мақсатын, себебін, мезгілін білдіріп пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, жоқ - барды, ертегіні термек үшін, жаздым үлгі жастарға бермек үшін (А.). Абай да, Жұмабай да қызығып тыңдасты (М. Ә.).
3. Кейде көсемше тұлғалы етістік жіктеліп келген баяндауышпен, есімшеден болған анықтауышпен, септеліп келген есімшеден, тұйық етістіктен болған толықтауышпен бірыңғай мүше болып келіп те қызмет атқарады. Мысалы: Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге жолығып, қолын алып, бір - екі ауыз ақыл сұрайын деп едім (Ы. А.). Үзілмей, қатаймай, бір қалыппен желпіп соққан әдемі салқын қоңыр жел қандай рахат! (М. Ә.). Мадақтап, асыра мақтап, қошеметтегенді ол ұнатпайды. Берілген сөйлемдердегі жолығып, қолын алып деген көсемше тұлғалы етістіктер ақыл сұрайын деп едім — мен не істейін деп едім? (жолығайын деп едім, қолын алайын деп едім және ақыл сұрайын деп едім) деген баяндауышпен бірыңғай мүше болып, баяндауыш қызметін атқарып тұр. Екінші сөйлемде үзілмей, қатаймай деген көсемше тұлғалы етістіктер желпіп соққан — қандай жел? (үзілмей соққан жел, қатаймай соққан жел) деген анықтауышпен бірыңғай мүше болып тұр. Үшінші сөйлемде мадақтап, асыра мақтап деген көсемше тұлғалы етістіктер қошеметтегенді — нені ұнатпайды? (мадақтағанды ұнатпайды және асыра мақтағанды ұнатпайды) деген толықтауышпен бірыңғай мүше болып қызмет атқарып тұр.

VI. Жаңа білімді меңгергенін тексеру.
203 - жаттығу
Көсемшелерді тауып, сұрақ қою арқылы олар сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңыздар.

Көсемшенің сөйлемдегі қызметі. жүктеу
5 520
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есімшенің сөйлемдегі қызметі (күнделікті сабақ жоспары)
Есімшенің сөйлемдегі қызметі (күнделікті сабақ жоспары)
Есімшенің сөйлемде атқаратын қызметін түсіндіру, сөйлемдерді синтаксистік талдауға машықтандыру; Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру, негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
Тұйық етістік
Тұйық етістік
Білімділік - тұйық етістік, оның жасалуы мен түрленуі, сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру, оқушылардың алған білімдерін кеңейту.
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімшенің сөйлемдегі қызметі тақырыбын бекіту. Оқушылардың синтаксистік талдау жұмысын жетілдіру.
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тамды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есенова Дамира
Көсемшенің түрленуі
Көсемшенің түрленуі
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, №10 Борсеңгір орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мергенова Надира Абуғазизқызы
Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Қазақ тілі мұғалімі: Сымбат Таңсықханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×