Білімділер поралы

М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы әйел - ана мен көл еркесі – аққу бейнесі

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы әйел - ана мен көл еркесі – аққу бейнесі. (8 сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұрындыру себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін мәтінге сүйене отырып, нақты дәлелдер арқылы түсіндіру.
Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс барысында аққудың киелі құс екенін таныту, оқушының өзіндік ойлауына, ойын жүйелі хабарлай білуіне көңіл бөлу.
Тәрбиелік мәні: «Жетімкөл» келбеті арқылы көлдің сәні аққу екенін дәлелдеп, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау. Пікір - сайыс.
Пәнаралық байланыс: Музыка, бейнелеу өнері, экология.
Көрнекілігі: Ақын портреті, ақын шығармалары.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын пысықтау
Мұғалімнің кіріспе сөзі: XX ғасырдың екінші жартысында қазақ поэзиясының дамуына үлес қосқан ақын Мұқағали - жыр елінде ауыз әдебиетінің мөлдірінен сусындаған, Абайдың тереңіне бойлап, өзіне дейінгі ақындарды пір тұтқан шашасына шаң жұқпас тарлан боз ақын.

Үй тапсырмасы
1. М. Мақатаев туралы не білесіңдер?
2. Ақынның қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
3. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы қашан жазылды?
4. Поэманың оқиғасын қысқаша баяндаңдар?
Оқушы жауабы:
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 1973 жылы жазылған. Мұқағали ақын бұл поэманы ең бірінші жазушы Ғ. Мүсіреповке оқып береді. Сонда жазушы риза болып, өзінің алтын қаламын ақынға сыйға тартқан.
Поэманың мазмұны баяндалады.
Оқушылар поэмадан жаттаған үзінділер оқылады.
2. Жаңа сабақ. (экраннан сатылай кешенді талдау)
Сатылай кешенді талдау арқылы поэманың композициялық құрылысы мен кейіпкерін талдау.
1. Шығарманың аты
2. Тақырыбы
3. Жанр түрі
4. Шығарманың композициялық құрылысы
4. 1. Оқиғаның басталуы
4. 2. Оқиғаның дамуы
4. 3. Байланыс
4. 4. Шиеленісу
4. 5. Шарықтау шегі
4. 6. Шешімі
4. 7. Кейіпкерлері
5. Кейіпкерлерге топтастыру стратегиясы арқылы мінездеме беру
6. Өлеңнің негізгі түйіні
Топтастыру. Мәтінмен жұмыс жасау арқылы талдау.

Өлеңнің негізгі түйіні - табиғатты, оның байлығын қорғау. Ақын аққу бейнесі арқылы сұлулыққа, нәзіктікке, адалдық, оны қадірлей білуге тәрбиеленеді.
Мұғалімнің сөзі: Адам - табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар. Бірі - тіршіліктің анасы - табиғат - ана, екіншісі - адамның анасы. Осы екі анаға қаталдық көрсетуге болмайды екен. Екеуі де мейірімді. Бірақ біз адамдар кейде қаталдыққа барамыз, қатігездікке барамыз. Поэмада қасиетке оқ атқызған қандай күш?
Ол - ананың балаға деген мейірімі, махаббаты. Баласы үшін өлімге қарсы тұрды.
Ақынның көңілі, сезімі табиғатпен үндесіп жатқан жоқ па?
Өз ата - анаңа, досыңа қандай пейілде болсаң табиғатқа да сондай пейілде, яғни адамгершілік қарым - қатынаста болу керек.
Сонда біз «адам» деген атқа лайық боламыз. Табиғатты аяла, қорға, оны сүйе біл, өйткені ол сенің өмір сүрер алтын бесігің.
(Балқаш көлінің экологиясы туралы қысқаша айту)
(Экраннан 2030 бағдарламасынан үзінді көрсету)
«2030 жылы Қазақстан суы мөлдір, ауасы таза, жасыл желекті елге айналады».
Н. Ә. Назарбаев.

Бекіту кезеңі:
Ақын Ф. Оңғарсынова «Мұқағалидай ақыны бар халық бақытты халық» деген екен. Олай болса, сыршыл ақынның өміршең шығармаларымен танысқан сендер де сол елдің бақытты ұрпағысыңдар. Бізде сұлулықты сүйген, туған жерін құрметтеген, табиғатты аялаған ақ иық ақындай, сұлулықты сүйіп, ата - ананы құрметтейік, табиғатты аялайық.

Үйге тапсырма: Поэмадағы өлең құрылысы (буын, ұйқас)
Бағалау кезеңі:

М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы әйел - ана мен көл еркесі – аққу бейнесі. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • kuka86
    Жазған: kuka86
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 209
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 209
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика