Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төлен Әбдіков «Қонақтар»

14 сәуір 2018, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков «Қонақтар»
Сабақтың мақсаты: 1. Төлен Әбдіков өнегелі өмір жолына шолу жасау. «Қонақтар» хикаятын оқып - талдау барысында ұлттық сананы қалыптастыру.
2. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, білімді өз беттерімен алуға жетелеу. Іздендіру, зерттеу жұмыстары арқылы шығармашылық ізденістерге дағдыландыру. Көркем сөйлеуге, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Сөз өнерінің асыл қасиеттерін түсініп, оны қадірлеуге, ата – ана алдындағы парызды ақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: салыстыру, дәлелдеу, жинақтау, іздендіру, модель қорғау, зерттеу, табу, мәтінмен жұмыс (Қ. Бітібаеваның «Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясының» элементтері бойынша)
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, қосымша материалдар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, сабаққа зейіндерін аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Төлеген Айбергенов «Ана», «Аруана - бауыр дүние»

ІІІ. Жаңа тақырып
Төлен Әбдік
Төлен Әбдік (04. 09. 1942 ж., “Еңбек” ауылы, Жангелдин ауданы, Қостанай облысы) — жазушы, драматург, қоғам қайраткері.
Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1965). “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, “Жалын” альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977 — 79 жылы “Қазақфильм” киностудиясының бас редакторы, Қазақстан КП ОК - інде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, онан кейінгі кездері “Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан жазушылар одағына 2 - хатшысы болды. 1994 ж. ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 1997 жылдан ҚР Президенті аппаратында ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. Төлен Әбдіковтің "Райхан" атты тұңғыш әңгімесі жас жазушылардың “Таңғы шық” әңгімелер жинағында (1964) жарияланды.[1] Сонан бергі кезеңде “Көкжиек” (1969), “Күзгі жапырақтар” (1971), “Ақиқат” (1974), “Айтылмаған ақиқат” (1980) атты әңгімелер мен повестер жинақтары, Қазақстандағы ұжымдастыру науқанының қасіретін суреттеуге арналған “Өліара” (1985), “Ақшоқыда қыс қатты” (1987) романдары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы жарық көрді. “Біз үшеу едік” атты драма шығармасы Ғ. Мүсірепов атындағы Жастар және жасөспірімдер театрындақойылды. “Ақиқат” атты кітабы орыс тіліне (1981), жекелеген әңгіме, повестері украин, өзбек, қырғыз тілдеріне тәржімаланды. Әбдіков шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, өмірдің мән - мағынасына философия тұрғыдан қарауымен ерекшеленеді.[2] Жастық шағында еркін күрестен спорт шеберлігін орындаған. Сондай - ақ, домбырашылар оркестрінде күйші болған.
«Қонақтар» әңгімесінің басты тақырыбы – адамгершілік, баланың ата - ана алдындағы мәңгілік перзенттік парызы. Сапабек тәрізді қалада тұратын оқыған азаматтың ата - анасына салқын, жасанды қарым - қатынасы.
«Қонақтар» әңгімесінің компазициялық құрылысы

Төлен Әбдіков «Қонақтар». жүктеу
2 872
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Қазақтың белгілі жазушысы әрі қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесі бойынша алған білімдерін бекіту, прозалық шығарманы талдауға дағдыландыру;
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі «Көп күттірген қонақтар»
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі «Көп күттірген қонақтар»
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі «Көп күттірген қонақтар». Әдеби жанр түрлеріне даму барысында жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі (күнделікті сабақ жоспры)
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі (күнделікті сабақ жоспры)
Қазақтың белгілі жазушысы әрі қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесі бойынша алған білімдерін бекіту, прозалық шығарманы талдауға дағдыландыру
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті №105 орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байбукенова Қарашаш
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бабаджанова Ақжарқын Өсербайқызы
Төлен Әбдіков «Қонақтар»
Төлен Әбдіков «Қонақтар»
Сабақтың мақсаты: 1) Қонақтар әңгімесіне әдеби талдау жасау, тақырыбын, идеялық – көркемдік мазмұнын ашу, оқушылардың білімдерін қазіргі заман үлгілерінен мысал келтіре отырып жүйеге келтіру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×