Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбек қатынастарын құжаттау. Қазақ әдеби тілінің стильдері.

21 сәуір 2018, Сенбі
Қазақ тілі 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Еңбек қатынастарын құжаттау. Қазақ әдеби тілінің стильдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ресми ісқағаздар стилі мен оның ішінде еңбек қатынастары жөніндегі құжаттар туралы түсінік беру; жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту.
дамытушылық: Оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастырумен қатар ой - өрісін дамыту, жаңа сөздік қорды игерту, ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілеттерін жетілдіру;
тәрбиелік: құжат үлгілерін толтыруда ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу, оқушыларды сыйластыққа, бір - бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Б. Блум жүйесі бойынша, түсіндіру, репродуктивтік, ішінара іздену, проблемалық сұрақтарды шешу
Сабақтың көрнекілігі: құжат үлгілері, үлестірмелі қағаздар
Тех. құрал - жабдық: интерактивті тақта слайдтары
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
V. Жаңа сабақты бекіту
VI. Жаңа сабақты қорытындылау
VIІ. Үйге тапсырма беру
VIІІ. Оқушылардың білімін бағалау

I. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Өмірбаян жазу
Сын есім туралы:
3. Сұрақ - жауап:
1. Кеңселік іс қағаздарының түрлерін атаңдар.
2. Өмірбаян қандай құжат?
3. Ол қандай жағдайда, нешінші жақта жазылады?
4. Өмірбаянда қандай мәліметтер жазылады?
5. Өтініш кімнің атынан жазылады?
6. Қандай жағдайларда жазылады?
7. Өтініштің құрылымы қандай?
8. Өтініш бойынша не шығарады?
9. Арыз қандай жағдайларда жазылады?
10. Арызда қандай мәліметтер көрсетілуі керек?
11. Арыз бойынша қандай іс - әрекет жүзеге асырылады?
12. Талап арыз қандай құжат?
13. Оның қандай құрылымдары бар?
ІҮ. Жаңа сабақ

1. Білу
Еңбек қатынастары жөніндегі құжаттар Материалдық жауапкершілік туралы шарт
Толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарттар кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға тікелей байланысты жұмыстарды орындайтын немесе оларға берілген құндылықтарды өндіріс үрдісінде пайдаланумен айналысатын қызметкерлердің (18 жасқа толған) арасында жасалуы мүмкін. Мұндай лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, сондай - ақ толық материалдық жауапкершілік туралы шарттардың үлгілері заңмен немесе жұмыс берушінің нормативтік актілерімен белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға тікелей байланысты жұмыстарды орындайтын немесе оларға берілген құндылықтарды өндіріс үрдісінде пайдаланумен байланысты, әрбір қызметкерге материалдық жауапкершілікті бөліп беру немесе олармен материалдық жауапкершілік туралы шартты жасау мүмкін болмағанда, жұмыстардың жекелеген түрлерін қызметкерлер бірлесіп орындаған кезде ұжымдық - материалдық (бригада) жауапкершілік енгізіледі.
Ұжымдық материалдық жауапкершілікті кәсіпорын ұжымының тиісті сайлау органымен келісім бойынша кәсіпорынның әкімшілігі белгілейді. Ұжымдық материалдық жауапкершілік туралы шарт кәсіпорын мен ұжымның сеніп тапсырылған құндылықтарға тікелей қатысы бар барлық мүшелері арасында жасалады (ортақ жауапкершілік).
Мәтінге арналған сөздік
материалдық жауапкершілік туралы шарт – договор о материальной ответственности жазбаша шарттар – письменные договоры
сақтау – хранение
өңдеу – обработка
сату – продажа
жіберу – отпуск
тасымалдау – перевозка
тікелей байланысты – непосредственно связанный
құндылықтар – ценности
өндіріс үрдісінде – в процесе производства
пайдалану – применение
18 жасқа толған – достигшими 18 - летного возраста
арасында – между

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қайнар ауылы,
№32 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Бейсенова Алиша Асылбекқызы

Еңбек қатынастарын құжаттау. Қазақ әдеби тілінің стильдері. жүктеу
2 654
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ әдеби тілінің стилі
Қазақ әдеби тілінің стилі
Қазақ тіліндегі стильдер туралы түсінік беру. Ертеңгі ел азаматтарын жұмыс стильдерінен хабардар ету. Сөз қолдану аясын кеңейту
Жеке адам өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік құрылымдық ерекшеліктері. Өмірбаян, өтініш, арыз
Жеке адам өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік құрылымдық ерекшеліктері. Өмірбаян, өтініш, арыз
Оқушыларға ресми ісқағаздар стилі, оның ішінде жеке адам өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік, құрылымдық ерекшеліктері туралы түсінік бере отырып, өмірбаян мен өтініш, арыз құрылымдары туралы, қоғамдағы алатын орны туралы мәлімет
Күнделікті сабақ жоспарлары. Ана тілінің қызметі
Күнделікті сабақ жоспарлары. Ана тілінің қызметі
Қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспарлар (5 сынып) Тақырыптар: 1. Ана тілінің қызметі 2. Әдеби тіл туралы түсінік. 3. Әдеби тілдің ерекшеліктері. 4. Мәтін 5. Мәтіннің тақырыбы, құрылымы.
Ресми іс қағаздар стилі
Ресми іс қағаздар стилі
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смадиярова Мадина Нұржігітқызы
Құжаттамамен қамтамасыздандырудың автоматтандырылған жүйесі
Құжаттамамен қамтамасыздандырудың автоматтандырылған жүйесі
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылындағы кәсіптік мектеп мұғалімі
Қатынас қағаздар
Қатынас қағаздар
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сағыбаева Айтолқын Жақашқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×