Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халықаралық пошта мен курьерлік қызметтер. Кезектес салалас құрмалас

21 сәуір 2018, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Халықаралық пошта мен курьерлік қызметтер. Кезектес салалас құрмалас.
Сабақтың мақсаты: Халықаралық пошта мен курьерлік қызметтер туралы түсінік қалыптастыру, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Кезектес салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолы, өзіндік ерекшеліктері туралы жалпы түсініктерін кеңейту, жетілдіру.
Міндеттері:
білімдік: халықаралық пошта және курьерлік қызметтер туралы, олардың өзіндік ерекшеліктері мен өзара айырмашылықтары жөнінде, маңызы туралы түсінік алу.
дамытушылық: ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілі мен жазба тілдерін дамыту, сөздік қорды молайту.
Тәрбиелік: мәдениеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: халықаралық пошта және курьерлік қызметтер туралы, олардың өзіндік ерекшеліктері мен өзара айырмашылықтары жөнінде, маңызы туралы түсінік алады.
ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілі мен жазба тілдерін дамытады, сөздік қорды молайтады.
Әдіс - тәсілдер: постер қорғау, сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау, мәнерлеп оқу, т. б.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, оқулық, плакат, стикерлер, кеспе қағаздар, кесте
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс: мәтінді оқиды, сұрақтарға жауап береді.
Қабілетті оқушылар: сызба бойынша мәтін құрастырады, диалог құрастырады.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі ( оқушылардың назарын сабаққа аудару). 1 минут
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Қуанышым, бақытым, дара тілім,- дей отырып, қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Балалар, көңіл - күйлерің қалай?
Оқушылар бір – біріне сәттілік тілейді.
Топқа бөлу. Фигуралар арқылы 1минут
ІІ. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Дәптерлеріне күнді, тақырыпты жаздырту. 2 минут
IIІ. Жаңа сабақ
1. Сөздікпен жұмыс. 5 минут
Жіберілім – посылка
қауіп – опасность
келеңсіз – непредвиденный
сыйақы – вознаграждение
кеден – таможня
мемлекет игілігі - благо государства
жеке меншік – собственность
жедел жеткізу – срочно доставить
қадағалау – контролировать
бүліну - испортиться
құн – плата
өтеу – возмещение
жеделдік – срочность /Өзім оқимын. 1 - 2 оқушыға оқытамын/
Сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.
2. «Халықаралық пошта және курьерлік қызметтер» мәтінін түсініп оқып, постер дайындау.
1 - топ «Мемлекеттік пошта қызметі» 5 минут
2 - топ «Халықаралық курьерлік қызметтер»
3. Постерді қорғау. 5 минут
1 - топ - «Мемлекеттік пошта қызметі»
+Бағалары біршама арзан
+Кеден шараларына сыйақы талап етпейді
+ Мемлекет иелігінде
- Жіберілген заттың жолда жоғалып кету қаупі бар
- Жіберілімді жеткізу мерзімі ұзақ
2 - топ - «Халықаралық пошта қызметі
+ Затыңызды өте тез жеткізеді
+ Келеңсіз жағдай ешқашан кездеспейді
– Кеденге төлейтін ақысын тұтынушыдан өндіріп алады
- Тарифтері әлдеқайда жоғары
- Бәрі жекеменшік
4. Сергіту сәті «Қаражорға» биі 2 минут
5. Кезектес салаласты меңгерту. /Тақтаға сөйлемдер жазып қою/ Оқушылар, бүгін біз салалас құрмалас сөйлемнің бір түрі - кезектес салалас құрмалас сөйлеммен танысамыз.
- Кезектес сөзін қалай түсінеміз?
- бірінің артынан бірі тұруы
- іс - оқиғаның кезектесіп баяндалуы
1. Адамдар кейде мемлекеттік поштаға барады, кейде халықаралық пошта қызметін таңдайды.
2. Мемлекеттік пошта біресе тарифтерді көтеріп жібереді, біресе бағаны біршама тұрақты етеді.
3. Мен бірде мемлекеттік поштаға барамын, бірде халықаралық поштаға барамын.
Ережені оқушылардың өздеріне шығарту. 5 минут
Яғни, құрамындағы жай сөйлемдері берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салаластың түрін кезектес салалас дейміз.
Бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
6. Дәптермен жұмыс. Сөйлемдерді жазып алу. 3 минут

ІV. Білім бекіту.
*1 - тапсырма. 3 минут
Төмендегі сөйлемдерден 1 - топ кейде, біресе, бірде жалғаулық шылауларының жай сөйлемдегі бірыңғай сөйлем мүшелерін байланыстырып тұрғанын табады.
2 - топ осы жалғаулықтармен жасалған кезектес салаластарды табады.

Кейде ашу, кейде айламен еп ойлады. Не қулық, не сұмдықпен жұмысым жоқ. Не қазан – ошаққа араласа алмайды, не серуенге шығар серік таппай селтиіп жалғыз жүреді. Баяу ескен жел бірде басылады, бірде толқып, жасыл шөптердің басын ақырын ғана ырғайды. Жүргіншілердің оң жағынан кейде сол жағынан қар жамылған жалаңаш төбелер кездеседі. Хатты біресе кеудесіне тығады, біресе оған мейірі қанбағандай бетіне басады.

Халықаралық пошта мен курьерлік қызметтер. Кезектес салалас құрмалас. жүктеу
1 622
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салаластың жасалу жолы туралы жаңа білім беру, кезектес салаластың құрамына енген жай сөйлемдердегі іс - әрекеттің кезектесіп келетіндігін, тек жалғаулық шылаулар арқылы байланысатындығын меңгерту; ә) дамытушылық: оқушылардың білім - білік,
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем Өзіндік оқу арқылы салалас құрмалас сөйлемдердің, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары туралы түсінік қалыптастыруы тиіс, тілдік талдау жасауға үйренеді.
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас құрмаластың түрін кезектес салалас құрмалас дейміз.
Компьтер арқылы интернет желісіне қосылу
Компьтер арқылы интернет желісіне қосылу
Қостанай қаласы. №3 мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі. Молдахметова Кенжегүл Бейсенбайқызы Сабақтың тақырыбы: Компьтер арқылы интернет желісіне қосылу. Сынып:11
Кезектес салалас
Кезектес салалас
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жекеева Гүлнар
е-пошта – уақыт үнемдегіш
е-пошта – уақыт үнемдегіш
Тараз қаласы, А.С.Пушкин атындағы, №41 көпсалалы гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Инкарбаева Жанар Ержанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×