Білімділер поралы

Дара және күрделі етістік

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік.
Сабақтың мақсаты: 1. Дара және күрделі етістіктің өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру, олардың ерекшеліктерімен таныстыру. Дара және күрделі етістіктердің жасалу жолдарын мысалдармен түсіндіру.
2. Оқушыларды оқулықтағы жаттығулар көтерген
Тәрбиелер арқылы жұмыстар жүргізу, тәрбиелеу.
3. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері мен граматикалық сауаттылықтарын арттыру, қызығушылықтарын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: кесте, суреттер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Етістік дегеніміз не?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:
ІУ. Жаңа сабақ:
Жаңа сабақты түсіндіру үшін тақтаға мынандай кесте сызылады:
Етістік

Дара
Күрделі

1 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, екі бағанадағы етістіктерді тауып, сұрақ қой. Оларды өзара салыстыр.
1. Жаңбыр жауды. 1. Жаңбыр жауып тұр.
2. Әли достарымен доп ойнады. 2. Әли достарымен доп ойнап жүр.
3. Айман әжесінің әңгімесін тыңдады. 3. Айман әжесінің әңгімесін тыңдар отыр.
4. Серік күйсандықта ойнады. 4. Серік күйсандық
та ойнап отыр.
Етістіктер дара және күрделі болып екіге бөлінеді.

Дара етістік бір сөзден тұрады: барды, келді, кетті.
Күрделі етістік екі немесе одан да көп сөздерден құралады: алып бар, қайтып кел,
Көріп ект.
2 - жаттығу. Жаңылтпашты жатқа айтып, оның ішінен дара және күрделі етістіктерді тап. Жатта тақпақ,
Жатта тақ - тақ
Далада Дана да ойнап жүр,
Далада Сана да ойнап жүр.

3 - жаттығу. Дара етістіктерді бір бөлек, күрделі етістіктерді бір бөлек жаз. Өзің қалаған үш етістікті қатыстырып, сөйлемдер құрастырып жаз.
Дара етістік: ұшты, еркеледі, үтіктеді.
Күрделі етістік: жарқырап тұр, секіріп жүр, алып келеді, жазып отыр.
4 - жаттығу. Оқулықпен жұмыс. «Қолғабыс» өлеңін мәнерлеп оқып, етістіктерді тауып сұрақ қою.
У. Сабақты бекіту:
6 - жаттығу. Сөйлемдерді оқып, етістіктерді тап. Күрделі етістіктерді дара етістікке айналдырып жаз.
1. Айгүл сурет салып отыр.- Айгул сурет салды.
2. Оқушылар топ серуенге шығатын болды.- Оқушылар топ серуенге шықты.
3. Балықшылар балық аулап келеді.- Балықшылар балық аулап келді.
4. Автобус аялдамаға жақындап қалды.- Автобус аялдамаға жақындады.
5. Түнде өткінші жаңбыр жауып өтті.- Түнде өткінші жаңбыр жауды.
УІ. Сабақты қорытындылау:
Өткен материалдар бойынша сұрақтар қойып, жауаптар алу.

УІІ. Оқушылар білімін бағалау, күнделіктеріне қою.
УІІІ. Үйге тапсырма беру:
155 - беттегі 5 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, дара етістіктің астын бір, күрделі етістіктің астын екі рет сызу

Дара және күрделі етістік. жүктеу
Дара етістік. жүктеу
Күрделі етістік. жүктеу
Сын есім 1жүктеу
Сын есім сұрақтары. жүктеу
Заттың сынын білдіретін сөздер. жүктеу
Диктант. жүктеу
Сын есім түрлері. жүктеу
Сын есім. Аппақ пен сатпақ. жүктеу
Сын есім. Сол қол. жүктеу
Сын есімдер құрамы. жүктеу
Сан есім. Бір, екі таңбалы сандар. жүктеу
Сан есім. Нешеу? жүктеу
Сан есім. Плутон. жүктеу
Сан есім. Санамақ. жүктеу
Сан есім. Сен білесің бе? жүктеу
Бақылау диктант. жүктеу
Сөз құрамы. жүктеу
Сөйлем түрлері. жүктеу
Әдепті сөздер. жүктеу
Тіл және сөйлеу
Шығарма жүктеу
Ауызекі тіл жазбаша тіл. жүктеу
Дыбыс және әріп. жүктеу
Дауыссыз р, л, ң. жүктеу
Мәтін және оның түрлері. жүктеу
Зат есім. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 100
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 18
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 18
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика