Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ әдебиетінен 5 - сыныпқа арналған емтихан сұрақтары және тест тапсырмалары

12 маусым 2018, Сейсенбі
Қазақ әдебиетінен 5 - сыныпқа арналған емтихан сұрақтары және тест тапсырмалары (25 сұрақтан 7 нұсқа)
1-нұсқа
1. Қиял - ғажайып ертегіні табыңыз.
А) «Аяз би»
Ә) «Күн астындағы Күнікей қыз»
Б) «Ұр, торпақ»
2. Ы. Алтынсарин өлеңін табыңыз.
А) «Сарыарқа»
Ә) «Өмір жыры»
Б) «Өзен»
3. Абай Құнанбайұлының өлеңін белгілеңіз.
А) «Ғылым таппай мақтанба»
Ә) «Залым төреге»
Б) «Ақын ініме»
4. Қойды қалай шақыратынын белгілеңіз.
А) «Көс - көс»
Ә) «Шөре - шөре»
Б) «Ақау - ақау»
5. «Ер Төстік» ертегісіндегі Төстіктің әкесінің жалмауызға беріп кететін затын атаңыз.
А) Пышақ
Ә) Егеу
Б) Садақ
6. Абайдың әкесінің атын белгілеңіз.
А) Өскенбай
Ә) Оспан
Б) Құнанбай
7. Еңбек тақырыбына жазылған мақалды табыңыз.
А) Жан қиналмай, жұмыс бітпес
Ә) Бірлік, бірлік түбі – тірлік
Б) Көп түкірсе – көл.
8. Аңыздағы:
«Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?» - деген жолдар кімнің сөзі екенін табыңыз.
А) Алдар көсе
Ә) Қарашаш
Б) Жиренше
9. Ы. Алтынсаринді тәрбиелеген атасын белгілеңіз.
А) Балқожа би
Ә) Оспан би
Б) Алтынсары
10. «Аяз би» ертегісінің кейіпкерін табыңыз.
А) Кендебай
Ә) Жаман
Б) Ерназар
11. Сұлтанмахмұт Торайғыров қай жылы дүниеге келді?
А) 1892 жылы
Ә) 1893 жылы
Б) 1895 жылы
12. «Кел, шық» деп, иек қағып жарық күнге» деген жолдар қай өлеңнен?
А) «Оқып жүрген жастарға»
Ә) «Шілде»
Б) «Шәкірттерге»
13. Кейіптеу дегеніміз не?
А) Ақын кейде жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандыра, құлпырта суреттейді.
Ә) Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін - кейпін, жүріс - тұрысын суреттеу.
Б) Көркем әдебиетте автор өзінің көңіл күйіне ұқсас жайларды, сол сияқты табиғат құбылысын қатар алып қолдану.
14. Мағжан Жұмабаев қай жылы және қай жерде дүниеге келді?
А) 1845 жылы Семей уезі, Шыңғыс болысында дүниеге келді.
Ә) 1846 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келді.
Б) 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданында дүниеге келді.
15. «Сағындым» өлеңінің алғашқы жолын белгіле.
А) «Қараңғы түн, сар дала»
Ә) «Ертеде Түркістанды Тұран дескен»
Б) «Абақтыда айдан, күннен жаңылдым»
16. Жамбыл Жабаевтың дастанын көрсетіңіз.
А) «Өтеген батыр»
Ә) «Қобыланды батыр»
Б) «Ер Тарғын»
17. «Өтеген батыр» дастаны қандай туынды болып саналды?
А) Ғажайып, сырға толы
Ә) Ерлік, отаншылдық
Б) Қызықты, әдемі жазылған
18. Өтеген батыр өз халқы үшін нені іздеді?
А) Алтын, күміс
Ә) Өзге халықты
Б) Жайлы қоныс
19. 1894 жылы Қарағанды облысының Нілді деген жерінде қай ақын дүниеге келді?
А) Жамбыл Жабаев
Ә) Мағжан Жұмабаев
Б) Сәкен Сейфуллин
20. Ілияс Жансүгіров қай жылы ауылдағы қазақ - татар тіліндегі бастауыш мектепті бітірді?
А) 1911 жылы
Ә) 1909 жылы
Б) 1893 жылы
21. І. Жансүгіровтың «Күй» поэмасында Молықбай шал қандай күйді қобызбен шертеді?
А) «Ботам - ай»
Ә) «Бозінген»
Б) «Құлыным»
22. «Мұхтар Әуезов – ақын. Ол өзінің елінің далалары мен тауларын, адамдарын үлкен эпик ақынша асқан суреткерлікпен бейнелейді. Әуезовтей кісі жырлаған халық шынымен бақытты ғой» бұл қай шетел жазушысының сөзі?
А) Шыңғыс Айтматов
Ә) Бержерон
Б) А. С. Пушкин
23. Он үш жасар Абайдың ауылына қандай қонақтар келеді?
А) Барлас, Байкөкше
Ә) Жамбыл, Құнанбай
Б) Тұрағыл, Байкөкше
24. Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін - кейпін, жүріс - тұрысын суреттеуді не деп атайды?
А) Кейіптеу
Ә) Баллада
Б) Портрет
25. Сәбит Мұқанов қай облыста дүниеге келді?
А) Шығыс Қазақстан облысы
Ә) Оңтүстік Қазақстан облысы
Б) Солтүстік Қазақстан облысы
№ 1 - нұсқа
1 Ә
2 Б
3 А
4 Ә
5 Ә
6 Б
7 А
8 Б
9 А
10 Ә
11 Ә
12 Ә
13 А
14 Б
15 Б
16 А
17 Ә
18 Б
19 Б
20 А
21 Ә
22 Ә
23 А
24 Б
25 Б
Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы,
Озерный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Куандыкова Шолпан Рамазановна
Қазақ әдебиетінен 5 - сыныпқа арналған емтихан сұрақтары және тест тапсырмалары. жүктеу
3 095
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикадан ОЖСБ тест тапсырмалары
Математикадан ОЖСБ тест тапсырмалары
Математикадан ОЖСБ тест тапсырмалары
Математикадан 7 - сыныпқа арналған жылдық тест
Математикадан 7 - сыныпқа арналған жылдық тест
Егер үшбұрыштың бір бұрышы 28°- қа тең болса, және бір бұрышының сыртқы бұрышы 110 - ға тең болса, онда үшбұрыштың барлық ішкі бұрыштарын табыңыз.
Қазақ әдебиетінен 5 - сыныпқа арналған тест тапсырмалары (ІІІ тоқсан бойынша)
Қазақ әдебиетінен 5 - сыныпқа арналған тест тапсырмалары (ІІІ тоқсан бойынша)
Қазақ әдебиетінен 5 - сыныпқа арналған тест тапсырмалары (ІІІ тоқсан бойынша)
Қазақ тілінен тест тапсырмалары (9 сынып)
Қазақ тілінен тест тапсырмалары (9 сынып)
Қазақ тілінен тест тапсырмалары (9 сынып) 1. «Қысқа» сөзінің антонимін көрсетіңіз. А) Тар В) Кең С) Аласа *D) Ұзын Е) Биік
Тест. Геометрия 8 сынып
Тест. Геометрия 8 сынып
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең ауылы, №82 орта мектептің математика пәні мұғалімі: Сейтжанова Гүлбану
Қазақ тілі мен әдебиетінен тест сұрақтары  (8-сынып)
Қазақ тілі мен әдебиетінен тест сұрақтары (8-сынып)
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×