Білімділер поралы

Ескен Елубаевтың өмірі және шығармашылығы. Күрделі сөздер

Қазақ тілі 8 сынып
Авторы: С. Дюсебаев, Г. Байтилеуова, А. Кошкари, Г. Боранбаева
Баспа: Алматы, «Мектеп»- 2012
Сабақтың тақырыбы: Ескен Елубаевтың өмірі және шығармашылығы. Күрделі сөздер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ балалар әдебиетіне өзіндік үлес қосқан ақынның бірі - Ескен Елубаев туралы мәлімет беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға күрделі сөздер туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ақынның шығармалары арқылы әдептілікке, ізгілікке, парасаттылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу:
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау. сұрақ - жауап, сөздік жұмыс, Сабақтың көрнекілігі: Ескен Елубаевтың портреті, кестелер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?
Сабаққа дайындықтарың қалай?
Бүгін кім кезекші?
Бүгін нешісі?
Аптаның қай күні?
Сыныпта кім жоқ?

II. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге қандай тапсырма берілді?
Үйге ереже, жаңа сөздерді жаттау. Қастек Баянбаев туралы мәліметтер жазып келу.

III. Жаңа сабақ: Ескен Елубаевтың өмірі шығармашылығы. Күрделі сөздер.
IV. Күрделі сөздер
- Оқушылар, осы уақытқа дейін балалар әдебиетіне үлес қосқан қандай ақын - жазушылармен таныстық?
- Оқушылар, бүгін біз сендермен қазақ балалар әдебиетіне үлкен үлес қосқан ақын - жазушылардың бірі - Ескен Елубаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысамыз.

1 - тапсырма. Ескен Елубаев өмірі, шығармашылығы, жетістіктері, оқу, аудару.
Ескен Елубаев - 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. 1958 жылы Отар стансасындағы №529 теміржол орта мектебін бітірген. ҚазМУ - дің филология факультетін 1966 жылы тамамдаған. 1966 жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында, «Балдырған» журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет істеген. Ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық «Ара» журналында жариялайды. Қырықтан астам кітаптары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. «Балабек», «Асар» пьесалары республиканың көптеген театрларында қойылып келеді. «Саған күшік керек пе?» кино - фильмі автордың пьесасы бойынша түсірілген. Шығармалары қазақ және орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енген.
• Көк жейде. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967;
• Көкпар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970;
• Баламысың деген. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981;
• Өжет. Пьесалар, тақпақтар. А., «Өнер», 1984;
• Кто сильнее? Стихи. А., «Жалын», 1984.
Негізінде балаларға арнап жазады. Оның «Болатбек» пьесасы республикалық қуыршақ театрында қойылған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1994). Ұлттық «Астана - Бәйтерек» конкурсының екі дүркін бірінші жүлдегері (2007 — 2008), Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің екінші жүлдегері (2008). «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған, Мемлекеттік грант иегері. Қазір зейнеткер.[
Сөздік
Көрші - қолаң – соседи
Қарым - қатынас – взаимотношения
Бала - шаға – домочадцы
Оқтын - оқтын – временами
Түйкқұс - страус
Тасбақа - черепаха
Темірқазық - Полярная звезда
2 - тапсырма. Сөйлемдерді оқып, күрделі сөздерді анықта.
Асан күні - түні жұмыс істейді. ҚР – тәуелсіз мемлекет. Түйеқұс - ең үлкен құс. Ата - ана қуанышы – бала. Майраның шашы қап - қара. АҚШ - та биыл ауа райы суық. Оқтын - оқтын қар жауып тұр. Алматыда жиі - жиі жаңбыр жауады. Итмұрын мен қарақат – емдік жидектер. Жетіқарақшы мен Темірқазық – жұлдыздар. Боксшылар жекпе - жекке шықты.
ШҚО, Семей қаласы №10 ЖОББМ КММ
Токымтаева Ақбота Ғалымқызы
Ескен Елубаевтың өмірі және шығармашылығы. Күрделі сөздер. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 28
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 28
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика