Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктемгі демалыс

25 шілде 2018, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Көктемгі демалыс.
Сабақ: қазақ тілі
Сынып: 5
Пән: қазақ тілі.
1) Сабақтың тақырыбы: Көктемгі демалыс.
2) Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жаңа сөздерді меңгеру, және оларды ауызекі сөйлесуде дұрыс қолдана білуге үйрету. Оқушылар үстеуді меңгертуді түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу әрекетін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
3) Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
4) Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, аударма, түсіндіру, жаттығу, тыңдап түсіну.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, қоршаған орта.
5) Сабақтың көрнекілігі: Сурет.

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру: кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгендеу.
2) Үй тапсырмасын тексеру: зат есім, сын есім, етістікті қайталау.
3) Өткен тақырыпты қайталау.
4) Жаңа сабақты бастау:
Мақсаты мен міндетін түсіндіру: 1) Көктем тақырыбына жаңа сөздер.
2) Өлеңді оқу мазмұнымен таныстыру.
3) Диалог арқылы сөйлеу.
4) Ереже.
5) Жаттығу орындау.
6) Үйге тапсырма.
Негізгі кезең;

Жаңа сөздер;
мезгіл - время былтыр - в прошлом году
сай - овраг биыл - в этом году
еру - таять кешке - вечером
сарқырау - грохотать күндіз - днем
жазғытұрым - весной шөп - трава
таңертең - утром самал жел - ветерок
Тақырып: «Көктем».

1. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұның айтындар.
Бұл қай кезде болады?
Қар еріп, Жапырақ ашып,
Су көбейіп, Гүл, бәйшешек басады.
Сай – салаға ағады. Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бүршік шашып, Бұл қай кезде болады?
Ш. Ахметов.
Көктем
Сылдыр қағып ақ бұлақ, Жайраңдасып жас, кәрі,
Күйге салып жатты бақ. Құстар келе бастады.
Таудан аққан өзен де Қыс киген ақ шапанды
Гүрілдеді қаттырақ. Көктем сөгіп тастады.

2. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, жалғастырыңдар.
Көктем.
Қар.... Күн.... Көктем.... Күн..., түн.... Ағаштар.... Жылы жаққа ұшып кеткен құстар.... Мал көкке... болды.
Керекті сөздер: бүршік жарды, еріді, жайылатын, жылынды, болды, қысқарды, ұзарды.
3. Жаңылтпашты тез айтуға жаттығыңыздар
1. Көк тырна, 2. Бес түп алма
Көп тырна, Бестік алғандікі.
Тыраулап тек Төрт түп алма
Көп тұрма. Төрттік алғандікі.

Үстеу.
І - деңгей.
Тапсырма 1 Сұрақтардың орнына керекті сөздерді жазыңыздар.

(Қашан?) күн өте суық. Біз анаммен (қайда?) бардық. Самат оқу жылын (қалай?) аяқтады (Қайдан?) кітапты алдың. Бүгін сабақта (қандай?) баға алдым.

Тапсырма 2. Сөздердің ішінен мезгіл үстеулерді тауып, аудар.
Таңертен, мектеп, биыл, кеше, былтыр, жалғыз, көкөніс, қала, жазда.

Тапсырма 3. Сөздерге мөлшерлік үстеулер жалғаңыздар.
Мысалы, жол – ұзың жол
Кітап, қора, үй, мектеп, көлік, бөлме
ІІ деңгей.
Тапсырма 1. Кесте бойынша сөйлем құрастыр.
Тапсырма 2. Сөздердің қай үстеуде тұрғанын анықтап, сұрақ қойыңдар.
Кеше ауа - райы суық болды. Машина тез жүрді. Менің көлегім ұзын. Мен күнде сабаққа барамын. Алыстан қонақтар келді. Биыл көктем ерте келді.
ІІІ - деңгей.
Тапсырма1. Сөйлемдердің ішінен мезгіл үстеулерді тауып, оларға сұрақтар қойыңыздар.
Атам кеше ауылға кетті. Талғат таңертен биені суарды. Саматты бүгін мектепке шақырды. Гүлмира сабақтан соң сыныптың тазалығын тексеріп шықты. Биыл біздің ауылда жаңа үйлер салынды. Былтыр сыныппен біз Алматыға бардық.
Тапсырма 2. Сөйлемдердің ішінен мезгіл үстеулерді тауып, оларға сұрақтар қойыңыздар.
Ертең мен киноға барамын. Биыл жемістер көп. Келесі жылы біз анамызбен Алматыға демалуға барамыз. Қыста аяздар жиі болады.
Сөйлем диктанты.
Далада қар кеттi. Күннiң көзi жылынды. Көктем шықты. Ағаштар бүршiк жара бастады. Қыс бойы ұзақ ұйқыдан аралар да оянды. Ол аяғымен көзiн сүрттi. Қасындағы жолдастарын оятты. Ол терезеге қарады. Қар кетiп пе? Мұз ерiп пе? Жылы жел бар ма екен? Күн жылы екен. Аралар ұясынан ұшып шықты. Алма ағашына келдi.
Буын диктанты.

Көктемнiң бiрiншi айы – наурыз. Екiншi айы – сәуiр. Үшiншi айы – мамыр. Көктемде төрт мереке бар. Бiрiншiсi - 8 наурыз. Екiншiсi - 22 наурыз, мұсылмандардың жыл басы. Үшiншiсi - бiрiншi мамыр. Төртiншiсi – тоғызыншы мамыр, жеңіс күні.

5) Үйге тапсырма: Бет 134, ережені жаттау.
Бағалау:

Көктемгі демалыс. жүктеу
3 116
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Жазғы демалыс
Жазғы демалыс
Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Лагерьде Жазғы демалыс басталды. Оқушылар лагерьге кетті. Лагерь қалың қарағайдың ішінде. Қасында үлкен көл бар. Көлдің жағасында кішкене қайық тұр. Балалар қайыққа мініп, серуендейді. Балалар көлге шомылады, балық аулайды.
Көктемгі еңбек
Көктемгі еңбек
Көктемгі еңбек туралы әңгімелеу, суреттер бойынша мәтіндер құрастыру, грамматикалық тақырыппен байланыстыра сөйлеу, өз ойларын айта білу, жазу тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
Қысқы демалыс. Сын есім
Қысқы демалыс. Сын есім
Өскемен қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахметова Маншук
Күрделі сөздерді қайталау
Күрделі сөздерді қайталау
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы,Тасқала ауылы, Қ. И. Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шакирова Айымкөз Қуатқызы
Сын есім
Сын есім
Ақмола облысы, Степногорск қаласы №2 Бестөбе орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Анаргүл Көкешева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×