Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Киім кию туралы

15 тамыз 2018, Сәрсенбі
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Киім кию туралы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - киім туралы білімдерін кеңейту, киім түрлерімен таныстыру, сөздік қорларын толықтыру.
Етістіктің ашық, шартты райлары және жасалу жолдары бойынша материалдарды меңгерту;
Дамытушылық - тақырып туралы ойларын кеңейту, эстетикалық талғамын дамыту, ауызекі сөйлеуге, алған білімдерін шығармашылыққа қолдана білуге дағдыландыру.
Өздігінше оқулықпен жұмыс істеуге дағдыландыру; Материалдың керектісін, нақтысын таңдап, кластер құруға машықтандыру;
Тәрбиелік – қазақ тіліне қызығушылығын ояту, оқушыларды жас ерекшелікке сәйкес киінуге, киіну мәдениетінің қыр - сырын ұғынатын эстетикалық тәрбие беру, әсемдікке, сұлулыққа, ұйымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Оқытудың әдісі: сұрақ - жауап, постер, тест, тірек сызба, семантикалық карта, синквейн, тұжырымдылық карта.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Көрнекілігі: сызбалар папкасы, карточкалар, тестер, суреттер
Модульдер:
1. Білім берудегі жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету.
3. Білім бері үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Білім берудегі АКТ - ды пайдалану.
5. Дарынды балалармен жұмыс.
6. Мұғалім – сабақтың менеджері.
Айқындайтын негізгі факторлар: көпіршелер, «Шульманның көмекшілері», оқушылардың жақын арадағы даму аймағы, толеранттық қарым - қатынас

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Гүл өсірсең терлеп - мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп - мұның аты еңбек.
Сабағыңды жөндеп, әзірлесең - еңбек.
Қиындықтың бәрін - еңбек қана жеңбек.

а) Оқушылардың сабаққа қатысымын бақылау.
Кезекшімен диалог:
Бүгін нешесі? – Бүгін желтоқсанның үші.
Аптаның нешінші күні? – Аптаның үшінші күні.
Аптаның қай күні? – Аптаның сәрсенбі күні.
Қазір қай ай? – Қазір желтоқсан айы.
Қазір қай мезгіл?- қазір қыс мезгілі.
Желтоқсан қыстың нешінші айы? – Желтоқсан қыстың бірінші айы.
б) Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.

Оқушыларды үш топқа бөлу
1 - Топ.
2 - Топ.
3 - Топ.

Спикерлерді тағайындау
Оқушылармен бірге сабақ мақсатын анықтау:
Балалар біздің сабағымыздың тақырыбы қандай? – Оқушылардың жауаптары.
Бүгінгі сабақта біз не білуіміз керек? – Бүгінгі сабақта біз киімдер туралы, етістіктің райлары және жасалу жолдары туралы білуіміз керек.
Ендеше бағалау парақшаларына сабақтың мақсатын жазайық.
Оқушылар дәптерлеріне бүгінгі күнді, сынып жұмысын жазады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- септеулік шылау тақырыбына карточкамен жұмыс. Оқушылар өзін - өзі бағалайды.
Тақтада дұрыс жауаптары ілулі.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Сызбалар папкасындағы етістіктің райлары тақырыбымен таныстыру.
«Ұлық болсаң, кішік бол» деген мақалдың бағыныңқы сыңары қандай рай екендігі сұралады.
Етістіктің рай категориясы неше топқа бөлінеді?
Ашық рай қалай жасалады?
Шартты рай қалай жасалады?

Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздермен 1 - 3 ауызша сөз тіркестерін құрастыру.
1 - тапсырма.
Топпен жұмыс. Топтар бір - бірін суммативті бағалайды.
Мәтінмен жұмыс. Топтарға мәтін беріледі
Бағалау критериялары:
1. Мәтінді оқу, аудару
2. Негізгі ойды тауып, постер жасау
3. Мәтінге үш жіңішке сұрақ құрастыру
4. Екі сөзге морфологиялық талдау жасау

2 - тапсырма.
А) Жеке жұмыс. Оқушылар бір - бірін бағалайды. – 2 оқушы
Екі оқушы тақтаға шығып, берілген сөзді септейді, тәуелдейді.
(киім)

Ә) Жеке жұмыс. Мұғалімнің формативті бағалауы. - 10 оқушы
Берілген өлең жолдардағы түсіп қалған шартты рай жұрнақтарын анықтап, дәптерлеріне көшіріп жазу.

Ер жігіт айтпайды.
Айт...., қайтпайды.

Оқи бер.... ң көзің ашылады,
Отыра бер.... ң, жалқаулық басынады.

Алтау ала бол...., ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел бол......, төбедегі келеді.

Тіл тас жарады,
Тас жарма...., бас жарады.

Атадан ұл ту.... игі,
Ата жолын қу.... игі.
Өзіне келер ұлын
Өзі билеп тұр... игі.
.........................................

Б) Жұппен жұмыс. Мұғалімнің формативті бағалауы. – 2 оқушы
Жаңа тақырыпқа диалог құрастыру

С ) Нашар оқитын оқушылармен жұмыс – 2 оқушы
Берілген сөйлемдерді оқып, берілген тапсырмада түсіп қалған сөздерді тауып, дәптерлеріне көшіріп жазу.
«Жылаған шешемен бірге жыласа, жігіттің жігіт болғаны қайсы, өйтсе, кісі уәдеден шыға ала ма? Жылаған шешемен бірге жылап, жігіт үйден ұзақ уақытқа алыс жерге кетсе, баласының жылағанын көрген соң, үйде қалған ананың көзінен жас кете ме, көкірегінен сағыныш қасіреті кете ме?».

«Жылаған шешемен бірге.........., жігіттің жігіт болғаны............., өйтсе, кісі уәдеден............ ала ма? Жылаған шешемен............... жылап, жігіт үйден.............. уақытқа алыс жерге............, баласының жылағанын................ соң, үйде қалған ананың көзінен жас.......... ме, көкірегінен сағыныш қасіреті......... ме?»

3 - тапсырма.
Жеке жұмыс. Мұғалім суммативті бағалайды.
«Киім» сөзіне синквейн құрастыру.

Синквейн жасаңдар – Составьте синквейн.
1. Бір зат есім – ( 1 имя существительное) _________________________________________
2. Екі сын есім – ( 2 имя прилагательное)__________________________________________________
3. Үш етістік – ( 3 глагола) ____________________________________________________________
4. Бір шағын сөйлем – Фраза из 4 - 5 слов, выражающая отношение к теме / предмету ______________________________________________________________________________________
5. Бір синоним – (1 синоним, обобщающий или расширяющий смысл темы / предмета однослово).________________________________________________________________________

IV. Сабақты бекіту
4 – тапсырма. Жеке жұмыс. Оқушылар бір - бірін критериалды бағалайды
Семантикалық картаны толтыру
Тестерге жауап беру.

V. Сабақты қорыту.
- Сонымен балалар біздің бүгінгі сабақ тақырыбымыз қалай аталады? – Киім кию туралы және де етістіктің райлары, жасалу жолдары.
- Дұрыс.
- Балалар біз қойған мақсатымызға жеттік пе? – Ия, біз қойған мақсатымызға жеттік.
- Өте жақсы.

VI. Бағалау. Бағалау парақшаларына қарап, оқушыларды суммативті бағалау.
VII. Үйге тапсырма беру.
«Атаның баласы ғана емес, адамның баласы болсам» - деген тақырыпқа шағын шығарма жазу.
Критериялары:
1. 6 сөйлем
2. Мәтінде етістіктің шартты райларын қолдану.
1 758
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаздық киімдер
Жаздық киімдер
Жаздық киім түрлерімен таныстыру. Жаздық киімнің айырмашылығын байқап айтып беруге, маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету. Өзіне - өзі қызмет ете білуге дағдыландыру. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
5 - 6 - 7 - сыныпқа арналған қазақ тілі бойынша сынақ тапсырмалары
5 - 6 - 7 - сыныпқа арналған қазақ тілі бойынша сынақ тапсырмалары
5 - 6 - 7 - сыныпқа арналған қазақ тілі бойынша сынақ тапсырмалары. 1 - билет 1. Сұраулы сөйлем. Жасалу жолдары. 2. Шылаудың түрлері 3. Мына шылауларды қатыстырып сөйлем құра. Туралы, біресе, немесе
Спорт киім. Тұйық етістік
Спорт киім. Тұйық етістік
Оқушыларға «Спорт киімдері» туралы мәлімет беру, тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Ашық және қысаң дауыстылар
Ашық және қысаң дауыстылар
Дауысты дыбыстардың жасалу жолдары, оның ішінде жақтың қатысына қарай бөлінуі жайлы білім беру, білімдерін тереңдету. Тіл қадірін сезіне білуге, сөз мағынасын терең түсінуге, дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.
Иық бұйымдарының түрлері және сипаттамасы
Иық бұйымдарының түрлері және сипаттамасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Айымжан орта мектебінің технология пәні мұғалімі Хабаев Араб Малдыбайұлы
Стиль, сән және костюм туралы түсінік
Стиль, сән және костюм туралы түсінік
№ 197 қазақ орта мектебі мұғалімі: Қаюпова А.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×