Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М. Дулатов (1885 - 1935) «Оян, қазақ!» жинағындағы өлеңдер

21 қыркүйек 2018, Жұма
Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов (1885 - 1935) «Оян, қазақ!» жинағындағы өлеңдер
Сабақтың мақсаты: білімділік - М. Дулатовтың өмірі мен шығармалары туралы білімдерін тереңдету; тәрбиелік мәні - ұлтын сүйе білген ақын халқы үшін, халқының бостандығы үшін жанын пида етті; дамытушылық - М. Дулатов шығармаларындағы озық идея, демократиялық бағытқа мән беріп, ақын өлеңдерінің тақырыбын өз беттерінше аша білуге ынталандыру.
Сабақтың түрі: Жүйеге келтіру сабағы.
Көрнекілігі: М. Дулатов шығармалары, оқулық, хрестоматия, тірек сызба, «Оян, қазақ!» жинағындағы өлеңдерден үзінді жазылған плакаттар.
Әдіс - тәсілі: Деңгейлік тапсырмалар, сұрақ - жауап, өлеңдер жинағы туралы баяндау, оқыту, талдау, сабақты қорытып, бағалау.

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру барысы
ә) Ой қозғау мақсатында деңгейлік тапсырмалар
Топтарға сұрақ қойып, шапшаңдық, жылдамдық, білімділік қимылдарын бақылау.
І деңгей
1 - топ. 1. М. Дулатовтың туған жері және жылы. (Торғай обл. 1885 жылы)
2. Ақынның білім алу кезеңдері.(Ауыл молдасы, 2 жылдан кейін Мұқан Тоқтабайұлынан орысша білім алады, 1897 жылы орыс - қазақ училищесінде, бітірген соң мұғалімдік курста оқиды, 1902 ж мұғалім )
3. 1 - ші буржуазиялық төңкеріс кезінде Міржақып қайда болды? (1905 ж Қарқаралыда Ахаңмен бірге
патша өкіметіне хат жазады)
4. 1905 ж «Қазақ конституциялық - демократиялық партиясы» қай қалада, қандай съезде құрылды? Міржақып бұған қатысты ма? (Қатысты, Орал қаласында болды)
5. Міржақып Петербургке неге, қашан барды? (1906 ж делегет болып барды)
6. Петербургте қандай газет шығару ұйғарылды және оған ақынның қандай өлеңі басылды? («Серке» газеті, «Жастарға» өлеңі).
7. А. Байтұрсынов қандай газет ұйымдастырды, қайда, қашан? (Орынборда, 1913 ж «Қазақ» газеті)
8. А. Байтұрсыновтың қазақ балаларына сауат ашатын қандай ғылыми жұмысы болды, қалай аталады және қашан шықты?(Әліппе жазды «Оқу құралы» деп аталады. 1912 ж Орынборда, 1925 ж дейін 7 рет басылды)
2 - топ
1. «Оян, қазақ!» жинағы 1 - рет қайда, қашан басылды? (1909 ж Уфада)
2. 1910 ж Қазақ қаласында қандай шығармасы басылды? («Бақытсыз Жамал»)
3. 1911 ж Семейде Міржақыпты полиция неге тұтқындады?( «Оян, қазақ!» жинағы үшін патша )
4. «Оян, қазақ!» 2 - ші рет қашан басылды? (1911 жОрынборда)
5. А. Байтұрсыновтың «Әліпбиі» қашан жазылды?
6. «Тіл құралы» еңбегі қай жылдары басылып, қай жылға дейін өңделіп қолданылды? (1914 - 1916 ж үш кітап болып, 1928ж дейін 6 - 7 рет басылды. Қазақ тілінің фонетикасы, грамматикалық құрылымы туралы ғылыми жұмыстың басы).
7. Міржақып қашан жәрдем қорын ұйымдастырды? (1916 ж патшаның маусым жарлығынан қайта жазалауынан қашқан, босқын, аштыққа ұрынған қазақтарға тарихта тұңғыш рет қор ұйымдастырды).
8. Ірі қайраткер ақын қайда, қашан дүние салды және сүйегі туған жерге қашан әкелінді?
(1926 ж тұтқындалып Ақтеңіз Балтық каналы бойындағы Соловки деген лагерьде, қатты аурудан
1933 ж көз жұмды, туған жерге 1993 ж ғана сүйегі әкелініп, аруланып қойылды).

ІІ деңгей
Ірі қоғам қайраткерлері, қазақтың зиялы оқығандары туралы тарихи естелік кестені толтыру тапсырылады.

ІІІ деңгей
Халқының келешек өмірі үшін күресіп, сол елінің бас бостандығы мен жаңа өмірдегі мәдениетін, білімін, ғылымын армандап өткен ағалар аманаты туралы ойтолғау жаздыру.

б) Міржақып шығармалары, «Оян, қазақ!» жинағына енген өлеңдердің идеялық бағытын ашып, жүйеге келтіру.
Тақтаға ілінген плакаттағы жазылған бір шумақ өлеңді оқып, көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты... кітаптың беташары болған осы бір шумақтың өзі ақынның идеялық мақсатын, рухани басты нысанасын ашып тұрғандай, «Оян!» сөзі кім - кімді де елеңдетпей қоймайды. Тіпті татар, башқұрт оқығандары да назарларын салған еді. Ал патша цензурасы бұл кітаптың революциялық рухына төзе алмай, оны жоюды мақсат етті. Бірақ патша қаhарына қарамастан халық бұл кітапты көзінің қарашығындай сақтайды. Мысалы, «Қазақ» газетінде 1917 ж жазылған хабарда фельдшер Жұмағали Тілеулин үйінен «Оян, қазақ!» кітабының мың данасы табылғанын айтады. Қазақты оятамын деп, ақын маса болып ызыңдаған А. Байтұрсыновқа қосылады. Сөз басында «Осыдан 15 жыл бұрынғымен салыстырғанда нашарлап кеттік, ендігі (келешекте) аз ғана жылда неміз қалады» деп қынжылады. Жинақтағы «Қазақ халқының бұрынғы hәм бүгінгі халі» деген алғашқы өлеңінде қазақ елінің әлеуметтік хал - ахуалын сипаттап, халық тағдырын ойлау, оған қызмет ету - әрбір оқыған азаматтың парызы екеніне назар аудартады.
Бұл күнде бұларды ойлап қайғыда жүр,
Бар болған данышпандар парасатты.
Оқыған пайда берер жастарымыз,
Әр істен болса мәгер мағлұматы.
Қазақ халқының өзін - өзі билеген, маңыраған төрт түлік малын айдаған көшпелі өмірін елестете отырып, ол кезді жақтамай, керісінше сол кездің кейбір көлеңке жақтарын сынайды.
Сол кезде біздің қазақ ала болған
Көлденең дұшпандары және болған
Күштілер нашарларын шауып алып
Бұрынғыдай болмаған, пәле болған,- дейді, немесе
Ел шауып, кісі өлтірсе батыр деген,
Батыры пақырлардың хақын жеген,
Біз мұндай бұл уақытта болар ма едік,
Істесе халық пайдасын ғақылменен,- деп, бір - бірін шауып, мал қуысып, барымталап, жер дау мен жесір дауынан аса алмаған ел билеген хандар мен бай - болыс, билердің ісіне налиды. Осының салдарынан 1723 ж Әбілқайыр ханның ресей патшасының қол астына кіріп, пана тауып, тіршілік етеміз деген үміттің де ақталмағанын, патшаның отарлау саясатының әділетсіздігін, халықты аяздай қарып, жер суынан,
жайлы қонысынан айырылғанына қабырғасы қайысады. «Қазақ жерлері» өлеңінде:
Кір жуып, кіндік кескен, қайран жерлер,
Мұжыққа, қош, аман бол барасың да.
Қалдың ғой көшесінің арасында,
Орман – тоғай кетті ғой, ағашың да
Ойласам, мұның бәрін, қияли боп,
Қападан ішім оттай жанасың да... – дейді ақын.
«Таршылық хәліміз хақында аз мінажат» өлеңінде, халықтың соншама жалқаулығына күйзеледі.
Аз емеспіз - алты миллион халықпыз,
Әлхамдулла, надандыққа қарықпыз,
Жайымыз жоқ, одан басқа мақтанар,
Сахарада дикарь болып қалыппыз.
«Өнермен хасыл болған нәрселер» өлеңінде ақын прогресс, өркениет жолмен ілгерілеп кеткен елдердің сәні де мәдениетті өмірлеріне қызықтыра, соған жетуге шақырады.
«Тәртіпті медресе жоқ бұл қазақта» деген өлеңінде, 4 - 5 жыл оқыса да хат жаза алмай, шығатын молда оқуын сынап, жаңа оқу жүйесі өнерлі болуға ықпалды дейді.
«Қазақ халқына діни бір уағыз» өлеңінде әр болыстан бір медресе ашып, онда екі молда педагогика жолымен бірі мұсылманша, бірі орысша білім берсе, сонда қазақ жастары дұрыс білім алып, ілгерілер еді деген пікірін көрсетеді.
«Насихат гумумия» (ғұмұмия - жалпы) өлеңі ұзақ, 7 бөліктен тұратын өлең. Бұл өлеңінде ақын жеке өлеңдерінде айтылатын өсиет, насихаттары, ойлары бір жерге тоғысып жинақталған. Соңғы бөлігінде өзінің аты - жөні, руы, шыққан жері, 25 жасында жазғаны айтылады.
«Насихат гумумияда» сонымен бірге өнердің қажеттігін, қайырсыз байлықтың құр талас тудыратынын, бай болсаң, сол байлығыңды өнер - ғылым жолына сал, халқыңа пайда тигіз, жас жігіттер уақыттарын бос жібермей, ғылымның шәрбатымен сусындасын деген ұлағатты өсиет айтады. Жаңа мәдениетті үйренуге тырыссаң, орысша да газет - журнал оқы, айналадан хабардар бол деп жаңа бағытты сілтейді.

в) Тақырыпты баяндап ашу барысында, өлеңдерінен үзінділер айтқызып отыру.
Сұрақ – жауаппен сабақты қорытындылау. Қазақ жерлеріне қоныстану туралы патша үкіметінің жарлығы қашан шықты? Міржақып «Қазақ» газетін шығаруға араласты ма? Кіммен бірге жұмыс істейді. Жауаптарын, білімдерін бекітіп, бағалау.
Үйге: «оян, қазақ!» жинақтан өлеңдерін мәнерлеп оқу, өмірбаяны туралы мәліметтер жинақтау.
10 172
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Міржақып Дулатов. Өлеңдері. «Бақытсыз Жамал» романы
Міржақып Дулатов. Өлеңдері. «Бақытсыз Жамал» романы
XX ғасырдың басында қазақ халқының отаршылдық езгіден құтылып, рухани оянуына үлес қосқан тұлғалардың бірі – саяси - қоғам қайраткері, ақын, жазушы, публицист, ағартушы, ұстаз Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметі туралы білімдерін кеңейту, тұңғыш
М. Дулатов Мектепке. Мектептен
М. Дулатов Мектепке. Мектептен
М. Дулатовтың өмірбаянын өткен сабақтағы тапсырмалар арқылы толықтыру, өлеңді дауыс ырғағына келтіріп оқуға, мазмұнын түрлі тапсырмалар арқылы әдеби тілде ашуға үйрету.
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Жезқазған қаласындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Ақтоты Рахимберліқызы
Міржақып Дулатовтың ақындығы «Оян, қазақ»
Міржақып Дулатовтың ақындығы «Оян, қазақ»
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, "Шетпе гимназиясы"ММ - нің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Нукенова Куралай Асановна
Міржақып Дулатов «Ешкімге жауыздық қылма»
Міржақып Дулатов «Ешкімге жауыздық қылма»
Сабақ тақырыбы: Міржақып Дулатов «Ешкімге жауыздық қылма»
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Ж. Кереев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатаева Гүлнар Есентайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×