Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыстырма сөздің тыныс белгілері

10 қазан 2018, Сәрсенбі
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөздің тыныс белгілері.
Сабақтың мақсаты: Қыстырма сөздің тыныс белгілерін дұрыс өз орнына қойып, сауатты жазуын қалыптастыру.
Сабақтың міндеті: 1) Оқушыларға тақырып туралы кеңінен түсінік беру.
2) Сауатты, таза, көркем жазуға машықтандыру. Ойлау қабілетін, есте сақтауын дамыту.
3) Ұқыптылыққа, адамгершілікке, тазалықа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Ереже жазылған плакат, қима қағаз, постер
Сабақтың техникалық көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, компьютер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
- Мен туралы 3 ақпарат. «2 шыңдық, 1 жалған»
«Қарлы кемел» ойыны арқылы топқа бөліп отырғызу. Бағалау парақшаларын тарату. (Дұрыс - жасыл, орташа - сары, дұрыс емес - қызыл)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
60 - жаттығу 77 бет. Суретке қарап қыстырма сөз қатыстырып сөйлем құрастыру. (әр оқушының жауабын тыңдау) (Бағалау парақшаларына бағалау)

ІІІ. Өткенді пысықтау. «Ашық микрофон» бойынша журналист боламыз.
Топпен жұмыс: Әр топ қарсы топқа 3 сұрақтан дайындайды қыстырма сөз бойынша.
- Қыстырма сөз дегеніміз не? (Қыстырма сөз - сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін, бірақ өздері сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер)
- Қыстырма сөз қатыстырып 1 мысал келтір.
- Қуанышты, ренішті білдіретін қыстырма сөздерді ата. (амал қанша, абырой бергенде, бағымызға қарай)
- Ойды санамалап дәлелдеу үшін қолданылатын қыстырма сөздерді ата. (біріншіден, бір жағынан, әуелі, ақырында)
- Қыстырма сөздер мағынасына қарай қандай топтарға бөлінеді?
- Қыстырма сөз сөйлем мүшесі бола ала ма?
(Бағалау парақшаларына бағалау)

ІҮ. Жаңа сабақ.
Дәптермен жұмыс
Бүгінгі күнді жазу.
Көркем жазу. Ққ
Мақсат қою
- Ал енді бүз бүгінгі тақырыбымыз қандай болатынын табу үшін мына аннаграмманы шешейік.
ҚСЫЫТМРА СЗӨІДҢ ТЫЫСН БЛЕІГЕЛІР
Қыстырма сөздердің тыныс белгілері
Проблемалық ашу
«Сәйкестендір» ойыны (64 - жаттығу)
1. Демек, кітапханаға таңертең барамыз ғой......,,.........
2. Болашақта мен ғарышкер болармын, бәлкім.,..................
3. Сен, әуелі, есебіңді шығар.,......................
4. Айтпақшы, мен ертең жол жүргелі жатырмын..................,
5. Бүгін жаңбыр жауады - ау, шамасы..............,

- Қыстырма сөзі бар сөйлем мен оған сәйкес келетін сызбаны тап. Жауабыңның дұрыстығын дәлелде.
- Қыстырма сөздің тыныс белгілері қандай жағдайда қойылады екен?
(Бағалау парақшаларына бағалау)
Қорытындылайық. Ереже: Қыстырма сөздер сөйлемде үтір арқылы бөлінеді.
а) сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін,
ә) ортасында келсе, екі жағынан,
б) соңында келсе одан бұрын қойылады.
Мысалы:
Шынында, ол кезде бәріміз жас едік.
Осының бәрін, әрине, өзі жалғыз істеген жоқ.
Жақып түсінігі бар бала, меніңше.
Сергіту сәті: Видео ролик арқылы «Аяқпенен топ - топ»
Қыстырма сөздің тыныс белгілері. жүктеу
8 953
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыстырма сөз
Қыстырма сөз
Оқушыларға қыстырма сөз туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге үйрету.
Қыстырма сөздер
Қыстырма сөздер
Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлін, жалпы ойға қосатын әртүрлі мағыналық реңтерін байқату, сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге, қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету. Қыстырма сөздерді орынды қолдана
Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер
Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер
Оқшау сөздер, олардың түрлерін түсіндіре отырып, қаратпа және қыстырма сөздерді сөйлемнен ажыратуға үйрету; Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Сөйлем ішінен біріккен сөздерді таба білуге, әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер жасап алуға үйрету.
Қыстырма сөздер
Қыстырма сөздер
Қыстырма сөздер туралы түсініктерін кеңейту Қыстырма сөздер қолдану және оның мағынасын ұғыну;
Қыстырма сөз
Қыстырма сөз
Тақырыбы: Қыстырма сөз Мақсаты: 1. Қыстырма сөздің сөйлем мүшесі болмайтындығы т. б қасиеттерімен тереңірек таныстыру. 2. Өтілген тақырып пен жаңа сабақты ұштастыра отырып, сөздік қорларын, жазу дағдыларын, ойлау қабілеттерін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×