Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төлеген Айбергенов «Ана»

16 қазан 2018, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Т. Айбергенов «Ана»
Мақсаты: - Ақын өмірімен таныстыру, өлеңді оқи отырып талдау.
- Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ғылыми тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
- Адамгершілікке, ананы құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды меңгерту.
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ - жауап, шығармашылық.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, (слайдтар)
Пәнаралық байланыс: Биология, география, физика, музыка.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Мақсат қою кезеңі
ІІІ. Материалды түсіндіру
ІҮ. Жаңа сабақта түсінгенін тексеру кезеңі
Ү. Бекіту кезеңі
ҮІ. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Үй тапсырмасын тексеру: Күй туралы мәліметті 2 - 3 оқушы оқиды. Дина Нұрпейісованың «8 март» күйі тыңдатылады. (Оқушылар күйдің атауы мен авторын табады)
2. Оқушыларды топқа бөлу. (Тақтада мақал - мәтелдер беріледі. Мақалдағы жоқ сөздерді табу арқылы 3 топқа бөлінеді: Мейірім, Құрмет, Парыз. )
Мейірімі мол ананың –
Жүрегі жылы, қолы кең.

Ата алдында - қызмет,
Ана алдында - құрмет.

Ата - ананың қарызы,
Ұрпақтың өмірлік парызы.

IІ. Мақсат қою кезеңі
Оқушылар, бүгінгі сабағымызда көрнекті ақын Төлеген Айбергеновтың өмір жолымен, шығармашылығымен танысамыз. Бұл – бір. Екіншіден, “Ана” атты өлеңін оқимыз және өлеңдегі ақын көтерген өзекті мәселені, оның айтпақ болған ойын, көзқарасын анықтаймыз. Сонымен қатар, аталмыш өлең мазмұнын ашу барысында жүргізілетін түрлі тапсырмаларды орындаймыз, өз пікіріміз бен көзқарасымызды ортаға саламыз.

ІІІ. Материалды түсіндіру
Оқушылар, тақтаға (интербелсенді) назар аударуларыңызды сұраймын. (Слайд №4, 5)

Олай болса, өлеңді алдымен өзім оқимын, содан соң оқушыларға оқытамын.

Түсіндірме сөздік. (Әр топ өздері оқыған шумақтардан түсініксіз сөздерді табады.) Шерменде – қайғы, қасірет, уайым. Пасық – надан, оңбаған, арам. Даналық – кемеңгерлік, ойлылық.
Өлеңге мазмұндық талдау жасатамын.
АНА
Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
Бұл шумақ бойынша оқушыларға мынадай сұрақтар қойылды.
1. Ақын адам ағзасындағы анатомиялық атаудан неге жүректі алған? Неге бауыр емес немесе өкпе емес? Неге жүрек? (Оқушылар себебін айтады және Абайдың «Он жетінші қарасөзімен» дәлелдейді.) (Слайд №6)
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ерманова Ф. Т.
Төлеген Айбергенов «Ана». жүктеу
3 977
1
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
«Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов
«Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов
Төлеген Айбергеновтің «Өсіп келе жатырмын» атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқуға, түсінгенін әңгімелей білуге үйрету; ақынның кейіптеу кезіндегі пайдаланған әсерлі сөздерінің түйінін ашуға жағдай жасау.
Төлеген Айбергенов Ақ қыс
Төлеген Айбергенов Ақ қыс
Қыс мезгіліндегі мерекелерге тоқталу арқылы өз ойларын жеткізуге ықпал ету. Қыс мезгіліндегі ойын түрлері, қар түрлері, жұмбақтар шештіре отырып, оқушылардың қиялын, ой - өрісін дамыту.
Төлеген Айбергеновтің "Ана" өлеңі
Төлеген Айбергеновтің "Ана" өлеңі
Төлеген Айбергенов. 8. 03. 1937 жылы Қарақалпақтың Қоңырат жерінде дүниеге келген. Чехов атындағы жеті жылдық мектепте оқыды. Чехов атындағы жеті жылдық мектепте оқыды. 1957 жылдан бастап баспасөздерде өлеңдері жариялана бастады.
Төлеген Айбергенов «Ана» өлеңі
Төлеген Айбергенов «Ана» өлеңі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Т. Айбергенов  Аруана - бауыр дүние
Т. Айбергенов Аруана - бауыр дүние
Ақтөбе қаласы №18 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Икласова Нуржанат Кайратовна
Төлеген Айбергенов "Жан еді өлең үшін дара туған" (электронды оқулық)
Төлеген Айбергенов "Жан еді өлең үшін дара туған" (электронды оқулық)
Қазақтың біртуар ақыны Төлеген Айбергенов аз ған ғұмырында қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосты. Қазақ поэзиясының дамуына атсалысты. Қазақ әдебиетінде оны Фариза Оңғарсынова, Мұқтар Шаханов, Тынышбай Рахым сияқты әдебиет майталмандары ұстаз санады.
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
aiboll
aiboll Бас редактор 16 қазан 2018 16:42
0
Төлеген Айбергенов - «Ана»
Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем?
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,
Әркез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Шат жүріп - ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,
Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,
Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,
Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.

Бұл дүниеге онсыз - дағы кеткен жоқ па көп есең,
О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен?!
Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,
Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?

Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.
Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы!

--------------------------------

Ана туралы мақал-мәтелдер
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.

Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады.

Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қырырсаң білерсің.

Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.

Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
Толық нұсқа: Ана туралы мақал мәтелдер қарау
×