Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілінен логикалық тапсырмалар

11 қараша 2019, Дүйсенбі
Қазақ тілінен логикалық тапсырмалар.
Ұсынылып отырған «Логикалық тапсырма» 4 - сыныптағы қазақ тілінің бағдарламалық мазмұнын тереңдетіп меңгертуді көздейді. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының дарындылығын тану үшін қазақ тілі пәнінен логикалық тапсырмаларға баса назар аударылды.
Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады.
Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтереді.
«Логикалық тапсырмалар» оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды.
Тапсырма
Берілген сөздерді алфавит ретімен жаз.
А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен.
Ә) Әсем, Сырым, Райгүл, Айбек
Б) Қалам, дәптер, өшіргіш, сызғыш
А) ________________
Ә) ________________
Б__________________

Дыбысы жоқ болса да,
Алфавитте орны бар.
Оқылмайтын жазса да,
Қай белгі ол табыңдар.
Шешуі _______ ____

Тапсырма
Өлеңді оқып, әр дыбыстың өз орнын тап.

«А» дегенің – Ана,
«Б» дегенің - бала.
«Б» дегенің – баға,
«Бестен» басқа алма.

Жуан Жіңішке Қатаң Ұяң Үнді
.........................................

У - дыбысының жазылуы
У - әрпі кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбысты білдіреді.
Уыс – дауыссыз, өйткені дауыстының алдында тұр.
Суға - дауысты дыбыс, екі дауыссыздың ортасында тұр.
Тауық - екі дауыстының ортасында келсе, дауыссыз дыбыс.
У дыбысына біткен қимылды білдіретін сөздерге у дыбыс қосылғанда екі у жазылады. Мысалы: Жуу, қуу, буу
Тапсырма
Берілген сөздердегі у қандай дыбыс екенін айт.
Уәзір, аудан, уыз, баяу, елу, саумал, зәулім, оқу, қурай, қауын, кесу, уық, сатушы, уыс.

Дауысты: ________________
Дауыссыз: _______________
Тапсырма
Кестені толтыр.
Дауысты у Дауыссыз у
Тулақ

Я, ю, ё әріптерінің жазылуы

я=й+а
ю=й+у
ё=й+о

я, ю, ё - әріптердің дауысты дыбыстар. Бұл әріптер жеке тұрып та, дауыссыздармен тіркесіп келіп буын құрайды.
Есік жоғын ұқтық,
Люктен шықтық.
Елка деген - бұрыс,
Шырша деген - дұрыс.
Қ. Мырза Әли.
Тапсырма
Сөз жұмбақты шеш.

Ф, В - дыбысының жазылуы.

В - ұяң дауыссыз дыбыс
Ф - қатаң дауыссыз дыбыс.
Бұл дыбыстар сөздің барлық буынында келеді.
Ч, щ, ц, х, һ – қатаң дауыссыз дыбыстар.

Қызықтырып бізді,
Ағам чертеж сызды.
Біздің туған шаһарда,
Тұрады көп қаһарман.
Циклон - ол дауыл,
Көрді соны ауыл.
Зообақта көп хайуане,
Келген бәрі қайдан?!
Ащы тамақ ауыр,
Тұщы тамақ тәуір.
Қ. Мырза Әли

Тараз қаласы, №23 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Қадырова Зухра Мұратқызы

Қазақ тілінен логикалық тапсырмалар. жүктеу
10 324
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дидактикалық материалдар (Қазақ тілінен орыс тілінде оқытылатын бастауыш сыныптарға арналған)
Дидактикалық материалдар (Қазақ тілінен орыс тілінде оқытылатын бастауыш сыныптарға арналған)
Қазақ тілінің бағдарламалық мазмұнын тереңдетіп меңгерту үшін логикалық тапсырмалар қолдану да көзделеді. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін қазақ тілі пəнінен аталған тапсырмаларға баса назар
Логикалық тапсырмалар
Логикалық тапсырмалар
Бастауыш сыныптарына логикалық тапсырмалар
Математика пәнінен деңгейлік тапсырмалар 2 - сынып
Математика пәнінен деңгейлік тапсырмалар 2 - сынып
Ұсынылып отырған әдістемелік құрал математика пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектептің 2 - кластарына арналған мемлекеттік оқу бағдарламасы негізінде жасалған.
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойындар арқылы дамыту
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойындар арқылы дамыту
Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады.
Әдебиеттік оқу пәнінен бастауыш сынып оқушыларына олимпиадалық тапсырмалар жинағы
Әдебиеттік оқу пәнінен бастауыш сынып оқушыларына олимпиадалық тапсырмалар жинағы
Оқушының білімінің тереңдігін қамтамасыз ету, шығармашылық қабілетін дамыту, дарындылығын тану үшін үшін әдебиеттік оқу пәнінен олимпиадалық тапсырмалар жинағы ұсынылып отыр
Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Оқушылар тапсырмаларды логикалық тұрғыдан ойлап, шешу жолдарын қарастырады, есте сақтау қабілеттері дамиды. Логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып күрделене береді, баланың шығармашылық қабілеттері дамиды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×