Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұмыс әлемі: Қандай мамандар сұраныста?

02 қараша 2018, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Жұмыс әлемі: Қандай мамандар сұраныста?
Сабақтың мақсаттары: Тақырыпқа байланысаты сөйлеседі және өз ойын жеткізеді. Әр түрлі тақырыптар бойынша өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып бағалайды.
Жай және құрмалас сөйлемдерге пунктуацияны орынды қолданып эссе жазады.
Жетістік критерийлері: Тақарапқа байланысты қозғалған мәселелерді анықтай алады;
көтерілген мәселе бойынша қорытынды ой ұсына алады. (Т4)
түрлі тақырып бойынша айтылған пікірлерге баға бере алады;
пікірін басқалардың көзқарасымен байланыстыра отырып жеткізеді. (А6) 3
Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады: жаңа сөздер мен сөз тіркестерін тиімді қолдана алады.
Пән лексикасы және терминология: заңгер, жүргізуші, суретші
жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: маман, еңбек нарығы, сұранысқа ие, болжам, үнемі, мекеме қызметкері

Сабақтың басы
Ұйымдастыру:
- оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
- сабақ мақсатымен таныстыру;
- жетістік критерийін ұсыну
Сынып «Менің болашақ мамандығым», деп 3 топқа бөлінеді. 1 - топ «Менің»; 2 - топ «болашақ»; 3 - топ «мамандығым»сөздеріне байланысты өлең оқиды, айтады, жұмбақ жасырады және т. б. сол сөздің мағынасын ашады.
1 - топ: техникамен байланысты мамандықтар (жүргізуші, құрылысшы, радиотехник, инженер)
2 - топ: шығармашылық мамандықтар (әнші, суретші, биші, тілші, дизайнер) салыстыру
3 - топ: гуманитарлық бағыттағы мамандықтар (мұғалім, заңгер, дәрігер, аудармашы, қорғаушы)
Алдыңғы сабақпен байланыстыру.

Сабақтың ортасы
1 топ, егер сендер техникамен байланысты мамандықтарды таңдасаңдар, қандай пәндерді жақсы білуіңдерің керек?
- 2 - топ, шығармашылық мамандықтарды таңдағанда не істеу керек?
- 3 - топ: гуманитарлық бағытта қандай пәндерге назар аудару керек?
(«Иә»осы оймен келісімін, «Жоқ» келіспеймін)., әдісімен сұрақтарға жауап беру әр топқа 3 сұрақтан.
- Мамандық бір - ақ рет және біржола таңдалады.
- Мамандық таңдау ақшаға байланысты.
- Мамандық таңдау адамның қабілетіне байланысты.
- Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.
- Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
- Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.
- Ақша болса, мамандық қажет емес.
- Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым айқындайды.
- Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі.
Мұғалімнің аты - жөні: Мадиева С. Т.
Жұмыс әлемі: Қандай мамандар сұраныста? жүктеу
2 979
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолы Мәтін ойынша өз пікірін өзгелермен салыстыра отырып жауап бере алады
Қазақтың қадірлі қызы
Қазақтың қадірлі қызы
Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, қосымша ақпаратты анықтай алады, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады, мәтін құрылымын сақтайды, құрылымына сәйкес жоспар құрай алады.
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы
Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Т/Ж6 Әдеби шығармаларға негізделген өзіндік жауап беру мақсатында мультимедианы меңгеру және қолдану
Жұмыс әлемі. «Дәрігер - жақсы мамандық»
Жұмыс әлемі. «Дәрігер - жақсы мамандық»
Мәнмәтіндерден (мақала, сұхбат, аудиовизуалды материал) үзінді тыңдайды, терминдердің мағынасын түсінеді, негізгі ақпаратты анықтайды.
Жемістермен көкөністер
Жемістермен көкөністер
Жеміс - жидек және көкөніс атауын үйренеді Жемістердің тәтті, ащылылығын ажырата алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×