Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі

18 қараша 2018, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Қазақ өмірінде өзіндіктің өшпестей ізін қалдырып, қазақ әдебиетіне барынша үлес қосып келе жатқан Тұманбай Молдағалиев өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып өту.
ә) тәрбиелік: «Бауырлар» өлеңін оқытып, әр оқушыға өз елін сүюге, әр қазақты жалғызым деп қабылдап, сыйлауға тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Оқушылардың мәнерлеп оқу, өз ойын жеткізе білу қасиеттерін қалыптастыру. Жылдамдыққа, шапшаңдыққа дағдыландыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: ҚР картасы, Тұманбай Молдағалиев суреттері, интерактивті тақта, электронды оқулықтар
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: География, музыка, тарих

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу, сабаққа
дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сабақты «Балық аулау» ойынымен қорыту.
«Балық аулау» ойынында берілетін сұрақтар:
1. Жазушы Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романынан алынып отырған бұл үзіндіде Ақан серінің өмірі баяндалған. Осы шығармадағы Ақан серінің өмірі сендерге қалай әсер етті?
Жауап: Ақан серінің өмірі өте қиын болғандықтан менде аяныш сезімі пайда болды.
2. Күреңбай сыншы «Мынау бір пырақ екен» дегенде, ол Құлагердің қандай сипаттарына сүйеніп айтты?
Жауап: Кез келген жылқыда он екі қабырға болады, ал мынада он үш қабырға бар екен дейді.
3. Ат үстінде неше түрлі ойын көрсетіп, сырнай тартып, ән айтып жүрген өнерлі бала кім? Ол асқа жиналғандарға не деп жар салды?
Жауап: Баланың аты – Қошқарбайдың Шашубайы. Ат бәйгесінің болатындығын айтып жар салды.
4. Шығарма соңында Құлагердің тағдыры не болды?
Жауап: Шығарма соңында Құлагер өледі?
5. Құлагерге жауыздық жасаған кім?
Құлагерге жауыздық жасаған – Батыраш.
6. Құлагерді сипаттап бер.
Жауап: Терісі – жұқа көзіл етіктің былғарысындай мап - майда, ет пен терінің арасында жылтыраған бір май жоқ, денесінде бір жапырақ арам ет жоқ, қанша шапса да басы айналмайтыны қаны мол, тынысы тарылмайтын құлаш кеңірдек, талыс танау.

Жаңа сабақ.
Алдымен, Тұманбай Молдағалиев өмірін топтастыру стратегиясы бойынша түсіндіріп өтемін.

Тұманбай поэзиясының көп бөлігі туған жерге, туған елге, Отанға, ата - анаға, дос – құрбыға деген махаббатпен астасып жатыр. Бүгінгі өтетініміз де осы шет жерде жүрген бауырларымызға деген сағынышынан туған өлең болса керек. Ендеше мұқият ден салып тыңдаңыздар. Өлеңді оқымас бұрын барлығымыз тақтаға назар аударайық. Электрондық оқулықтан тәуелсіз Қазақстан елі туралы бейнеүзік көрсетіледі. Осы бейнеүзік пен бүгінгі өткелі отырған өлеңіміздің тікелей қатысы бар. Оны өлеңді оқу барысында аңғаратын боласыңдар.

«Бауырлар» өлеңін мәнерлеп оқу.
Бұл өлең Қазақстан егемендігін алғаннан кейін 1992 жылы Алматы қаласында бүкіл шет елде тұратын қазақтардың атынан келген елшілермен бірлесе өткізілген үлкен Құрылтай өткізілген. Міне, осы уақиға байланысты туған өлең.
Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі жүктеу
7 414
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т. Молдағалиев «Бауырлар»
Т. Молдағалиев «Бауырлар»
Т. Молдағалиев 1935 ж Алматы облысы, Жерсу деп аталатын ауылда дүниеге келген. Тұманбай поэзиясымен туған елге, туған жерге, Отанға ата мен анаға, дос құрбыға деген сөнбес махаббат сезімін оқырмандардың жүрегіне ұялатып келеді.
Т. Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі. Етістік. (қысқа мерзімді жоспар)
Т. Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі. Етістік. (қысқа мерзімді жоспар)
Автор шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру, өлеңнің идеясын ашу, патриоттық мәнін ұғынуға бағыттау. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, пән бойынша білімдерін кеңейту,
Тұманбай Молдағалиев өлеңдері
Тұманбай Молдағалиев өлеңдері
Тұманбай Молдағалиев 20. 03. 1935 жылы туған
Қысқа мерзімді жоспарлар
Қысқа мерзімді жоспарлар
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспарлар
Т. Молдағалиев Бауырлар
Т. Молдағалиев Бауырлар
Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысы, Жарсу деп аталатын ауылда дүниеге келген. Тұманбай поэзиясымен туған елге, туған жерге, Отанға ата мен анаға, дос құрбыға деген сөнбес махаббат сезімін оқырмандардың жүрегіне ұялатып келеді.
«Гүлдер» Тұманбай Молдағалиев
«Гүлдер» Тұманбай Молдағалиев
Атырау облысы, Атырау қаласы, №13 ұлттық мектеп - гимназиясының бастауыш мектеп мұғалімі:Хамзина Аймангуль
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×