Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай және құрмалас сөйлем

19 қараша 2018, Дүйсенбі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Тақырыбы: Жай және құрмалас сөйлем 31 - 36 жаттығу
4 сынып
Оқу мақсаты: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы түсінік беру. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығы мен ерекшеліктерін тапсырмалар орындату арқылы меңгерту.

Сабақтың басы
І Психологиялық дайындық:
Кәне, достар, тұрайық.
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы - жақсы тілектер
Бір - бірімізге сыйлайық!
Оқушылар қол ұстасып, бір - біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес алуыңа тілектеспін, сабаққа жақсы жауап бер, т. б.».
Топқа күз жапырақтары арқылы бөлемін. Сары, қызыл, қызғылт 3 түспен 3 топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлайды.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
«Ыстық орындық» әдісі арқылы өткенді еске түсіру. Әр топтан 2 оқушыдан шығып берілген сұраққа жауап береді.
1. Сөз тіркесі дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Бірінші сыңары сын есімнен, екінші сыңары зат есімнен болған 2 сөз тіркестерін айт.
3. Бірінші сыңары зат есімнен, екінші сыңары етістіктен болған сөз тіркесін айт.
4. Суретке қарап, сөз тіркесін құрап айт.
5. Сөз тіркесінің екінші сыңары негізгі мағынаны білдіретін, сол арқылы бірінші сыңарына сұрақ қоюға болатын сөз тіркесін құра.
6. Қазақша сөйлеу сөз тіркесінің мағынасын сұрақ қою арқылы анықта.

Сабақтың ортасы
«Мен мұғалім рөлінде» әдісін қолданамын. Алдын - ала оқушыға тапсырма берілген.
Оқушы шығып 31 - жаттығудағы бағанның екі жағындағы сөйлемдерді оқытады. Өзара салыстырады.
Қоңырау соғылды. Қоңырау соғылды да, сабақ басталды.
Ауылдан атам келді. Ауылдан атам келді де, мені циркке апарды.
Әжем жіп иірді. Әжем жіп иіріп, одан кеудеше тоқыды.
Ұқсастығы сөйлемдер. Аяқталған ойды білдіріп тұр. Хабарлы сөйлем. Өзгешелігі бағанның сол жағындағы сөйлемдер бір ғана тиянақты ойды білдіріп тұр. Ал оң жағындағы сөйлем екі ойды білдіріп тұр, әрі үтір тыныс белгісі арқылы ажыратылып тұр.

Мектеп: 30 бастауыш мектеп
Мұғалімнің аты - жөні: Ә. Е. Ералиева
Жай және құрмалас сөйлем жүктеу
1 629
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзіңді – өзің тексер
Өзіңді – өзің тексер
Сөйлем мүшелері, құрмалас сөйлем және бірыңғай мүшелер туралы алған білімдерін тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, пысықтау және қайталау.
Салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау
Салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау
Салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары туралы ұғым беру. Өтілген материалдарды қайталай отырып, оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, бекіту, алған білімдерін еске түсіру.
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем. Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Ақтау қаласы, №10 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Тастанбекова М. К.
Сөз тіркесі
Сөз тіркесі
Байқоңыр қаласы № 14 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі Балжанова Салтанат Ерназаровна
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×