Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оғыз - нама жырын талдау

19 қараша 2018, Дүйсенбі
Сабақтың түрі: (ашық сабақ)
Қазақ әдебиеті 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Оғыз - нама жырын талдау.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Аңыздың тарихи мазмұнына, кейіпкерлеріне тоқталу, ортақ идеясын табу.
ә) Тәрбиелілігі: Оқушыларды адамгершілікке, әділдікке баулу, өз бойларына ізгілік қасиеттерді жинай отырып, даналықты қастерлеуге үйрету.
б) Дамытушылығы: Әдеби – теориялық білімдерін арттыруға, кейіпкердің ой - түйіндеулерін, іс - әрекетін тауып, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру, ойлау, жүйелеу, салыстыру қабілетін жетілдіру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: салыстыру, сұрақ - жауап, венн диаграммасы, инсерт әдісі.
Сабақтың типі: білімді жетілдіру.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Көрнекілігі: схема, карта, оқулық

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлеметсіздер ме, балалар?
- отырыңыздар
- Бүгін бізде ерекше сабақ. Мен сендер сабаққа жақсы жауап береді деп сенім артамын. Сынып төрт топ болып жұмыстанамыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырманы топ – топтан айтып берейік.
1 - топ. Оғыздың дүниеге келуі.
2 - топ. Оғыздың үйленуі.
3 - топ. Оғыздың жорығы.
4 - топ. Оғыздың ұлдарына мұра беруі.
Үйге берілген тапсырманы айтқан оқушыларды бағалаймын.

ІІІ. Жаңа сабақ.
(Оғыз – нама дастанын тарихи тұрғыдан түсіндіру).
ІХ ғасырдың аяғы мен Х ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы осы өзеннің бойындағы Янгикент (Жаңа Гузия) қаласы болды. Жалпы оғыз сөзінің пайда болуы туралы әр түрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар «уыз» сөзінен шықты десе, екінші біреулері «садақтың оғы» деген сөзден пайда болған дейді. Ал үшінші ғалымдар «өгіз» деген тотемдік сөзден пайда болған деп дәлелдеуге тырысады.
Оғыздар - ертедегі түркі тайпаларының бірі. Оғыздар жайында оның ханы Оғыз қағанның әскерей жорықтары, ерлік істері туралы көркем жыр. Оғыз - наманың ұйғыр әріпімен жазылған нұсқасы Париж қаласында сақталып келген. Оны зерттеген ғалымдар В. В. Радлов, Ә. Марғұлан, М. Жолдасбеков, Н. Келімбет.
Оғыз - нама жыры 40 - тан астам хикаядан тұрады. Әрбір хикаяда Оғыз қаған туралы ұзақ хикаялы шығарма. Оғыз қаған құтты мекен еткен Сарыарқа 16 жыл мекен еткен.

ІV. Талдау.
1 - топ. Теңеулерді табу.
2 - топ. Композициялық құрылысын жазу.
3 - топ. Венн диаграммасы.
4 - топ. Синкуин. (Бес жолды өлең құрау).
1 - топ.
Көзі оның аспанында мөлдір көк, шаштары оның толқындай өзеннің, тістері оның бейне маржан секілді.
2 - топ.
1. Оғыз қағанның тууы және балалық шағы.
2. Оғыз қағанның жігіт шағы және ерлік көрсету үшін аттануы.
3. Оғыз қағанның үйленуі.
4. Балаларының өмірге келуі.

5. Оғыздың қаған болуы.
6. Оғыз қағанның Үрім қағанмен соғысуы.
7. Үрім қағанды жеңуі.
8. Оғыз қағанның Етіл суынан өту амалын тапқан Орду бекке «Қыпшақ» деп ат беру.
9. Оғыз қағанның Көк бөрі бастап Сынду, Таңғұт, Шағам жұртына аттануы және жеңуі т. б.

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы,
Қарасу ауылы, Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Дуйсенғалиева Гүлмира Жұмажанқызы
Оғыз - нама жырын талдау жүктеу
2 387
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оғыз - нама жыры
Оғыз - нама жыры
Оғыз - нама жырының табылу тарихымен, оның қазақ тіліне аударылып баяндалу тарихынан мағлұматтар беру. Шығарманың құндылық мазмұндарын айқындау, идеясын табу.
Оғыз қаған дастаны
Оғыз қаған дастаны
Оғыз қаған дастаны туралы мағлұмат беру, дастанның тақырыбы мен идеясын ашу, шығарманы талдай отырып, кейіпкерлер іс - әрекетіне баға беру.
Күншіл үйрек ертегісі
Күншіл үйрек ертегісі
Ертегінің мазмұнын, негізгі ойды меңгерту, түсініп оқу, түсінігін әңгімелеу дағдысына үйрету. Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын жетілдіру.
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күзекбаев Жеңісбек Дүзелбайұлы
Оғыз-нама жыры
Оғыз-нама жыры
Сабақтың тақырыбы: «Оғыз - нама» жыры.
Оғыз Қаған
Оғыз Қаған
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қамбарова Сағира Лаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×