Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрлаусыз мүшелер

20 қараша 2018, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін толықтыру, сөйлем мүшелері туралы пысықтау, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту. Өз ойын тез, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Пысықтау, ой - қозғау, көрнекілік, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау.
Көрнекілігі: Суреттер, интербелсенді тақта, оқулық, ережелер, тест сұрақтар, тірек сызбалар
Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.

- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама, ақындарымыздың тілі - туған тіліміз - қазақ тілі екен. Ендеше қазақ тілі сабағымызды бастайық.
- Балалар, мынау қандай құс?
- Қыран құс.
- Қыран құс қайда бейнеленген?
- Туда.( Туды көрсету)
Көркем жазу.
— Қазір дәптерлеріңді ашыңдар. Бүгінгі күннің жады мен тақырыпты жазыңдар..
Ту сөзін көркем етіп дәптерге жазамыз

Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, үйге берілген жаттығуды жинап алған дәптерлеріңнен тексеремін.

“Миға шабуыл”
- Балалар, сабағымызды бастамас бұрын өткен тақырыптарды еске түсіріп алайықшы.
1. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
— Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Айдын бормен жазды.
2. Сөйлем мүшелерінің қандай түрімен таныстық?
— Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер.
3. Тұрлаулы мүшелерге қандай сөйлем мүшелері жатады?
— Бастауыш пен баяндауыш.
4. Бастауыш дегеніміз не?
— Қимыл, іс - әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейміз. Бастауыштың сұрақтары: кім? Кімдер? Не? Нелер? Кімі? Несі? Жәния дайындалды.
5. Баяндауыш дегеніміз не?
Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз. Баяндауышқа не істеді? Неғылды? Қайтті? деген сұрақтар қойылады.
6. Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
— Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер дейміз. Оларға Қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? Қайда? деген сұрақтар қойылады.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
— Сонымен балалар, біз бүгін тұрлаусыз мүше туралы білімімізді ары қарай толықтырамыз.
Оқулықпен жұмыс.
72 - жаттығу
Сөйлемді көшіріп жаз. Сөйлем мүшелеріне талда.
73 - жаттығу
Мақалды көшіріп жаз. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің астын сыз. Мақалдың мәнін қалай түсінесің?
Сергіту сәті
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
Шығармашылық тапсырма
 Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал - мәтелді жаз. Түрлаусыз мүшелерді тауып, астын сыз.
 Есті ……ер жетіп,
 Елдің қамын ойлаған.
 Ессіз……. кері кетіп,
 Есерлігін қоймаған.
 “Адастырмақ” ойыны
 ≈ ─ ═∙
 ─ ═ ≈∙
 ═ ≈ ─∙
Семантикалық карта

Қорытынды бөлім.
Не үйрендік? Не білдік? Тест тапсырмалары.
Бағалау
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма
75, 77 – жаттығу 94 бет
- Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
Тұрлаусыз мүшелер жүктеу
4 881
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Өзіңді – өзің тексер
Өзіңді – өзің тексер
Сөйлем мүшелері, құрмалас сөйлем және бірыңғай мүшелер туралы алған білімдерін тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, пысықтау және қайталау.
Баяндауыш
Баяндауыш
Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Шығыс септік
Шығыс септік
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сапарбаева Сәуле Серикбаевна
Тіл - біздің тірегіміз!
Тіл - біздің тірегіміз!
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×